Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
ЕРГЕШБАЕВҚА ЕШКІМ ЕРЕ АЛАР ЕМЕС
11.07.2019 11:00

Бүгінде әлеуметтік желінің «желіні»  ісіп тұр. Жылт еткен жаңалықтың бәрін осыдан табасыз. Тіпті, ақпаратты  тарату жөнінен ең жылдам деген телеарнаның өзін артта қалдырғаны анық. Едәуір күшке айналды. Жасыратыны жоқ, кімнің қазір қайда, не істеп жүргенін әлеуметтік желіден білетін болдық.

Мұны біздің билік те өз кәдесіне жаратуға кірісті. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ақжағалыларға әлеуметтік желімен жүйелі жұмыс істеуді тапсырған еді. Президент пәрменінен кейін біраз шен-шекпенді жапа-тармағай желіге тіркелді. Ресми парақшаларын ашты. Тоқаевтың тапсырмасын қызылордалық атқамінерлер қалай орындап жатыр? Бір шолып көрелік...

Алдымен аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтан бастасақ. Елуді еңсерген облыс әкімі жақы­нда «Твиттерге» (сурет­те) тіркелді. Оқырмандарының саны – 85. Әзірге 4 жазба жария­лаған екен. Қ.Досмайылұлы қызме­тіне енді ғана кіріскенін ескерсек, оқырмандарының саны көбейетініне күмән жоқ. Алайда оның фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары көрінбейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін  іле-шала «Твит­терге»  тіркелгендердің  бірі – Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев. Бас шаһарды алты жылдан аса басқарған Н.Машбекұлы бүгін­ге дейін «Твиттерде»  47 жазба жариялапты. 200-ге тарта оқырманы бар. Ең соңғы жазба­сында қызылордалықтарды Елорда күнімен құттықтаған  екен.

Енді аудан әкімдері­нің әлеуметтік желімен жұмысын сараласақ. Айта кетейік, аудан басшыларының дені фейсбукке «қоныстанған». Теңіз төскейінде орын тепкен Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев фейсбукке тіркелген. Досты­ғында 116 ғана адам бар. М.Әуесұлы желіде аса белсенді емес. Мұны өзі де айтқан болатын. «Иә, фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелдім. Өзім бәрін бақылап, қарап отырамын. Уақыт болса, әрине. Пиарға аса құмар емеспін. Өзімнің принципім – осы. Қандай жұмыс істесек те, оның әділ бағасын халық береді. Егер онда айтылып жатқан сын орынды болса, дұрыс қабылдаймын» деген еді біздің басы­лымға берген сұхбатында. Мұхтар Әуесұлы 4 шіл­деде пост жариялапты. Онда аудан орталығындағы 1978 жылы салынып, пайдалануға берілген 4 қабатты №83 орта мектептің төбе жабындысының 44 пайызға жуығы қатты желдің сал­да­рынан зақымдан­ғанын хабарлап, тұрғындарды сабыр сақтауға шақыр­ған. 9 шілде күні ол фейс­букте аталған жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар ба­ры­сын көзбен көріп кел­ге­нін  айтқан  екен.

Қазалы ауданының әкімі  Мұрат Ергешбаев­қа әріптестерінің ере алмай­тын түрі бар. Өңір басшысы фейсбук әлеуметтік желісінде өте белсенді. Халықпен ашық диалогқа дайын. Әлсін-әлсін пост жариялап тұрады. Еңбек демалысына шыққанына дейін хабар беріпті. «Кезекті еңбек демалысына шыққан уақытта барлық­тарыңыздың жылы лебіз­деріңізді оқып қатты қуанып қалдым. Халықтың қолдауы бізді қа­шанда қанаттандырып отырады­. Сондықтан Сіздерге көп-көп рақмет!» деп жазба қалдыр­ған. Ал 6 шілде күні «Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана аудан орталығы­ндағы Қ.Пірі­мов көшесіне абаттан­дыру жұмыстары жүргізі­ліп, кенттің көркі одан сайын ажарлана түскен болатын. Шындығын айтқан­да ел игілігіне­ пайдалануға  беріл­ген  бұл дүниелердің қазіргі жағдайы көңілге кірбің ұялатад­ы. Суреттерде көріп отыр­ғанда­рыңыз­дай, біреулер әп-әдемі дүние­нің астан-кестен­ін шығарып, бүл­діріп тас­таған. Тіпті кей жерлерден адам аяқ­та­рымен қатар, вело­си­педпен кесесін­ен өт­кен ізде­рі жатыр. Құрмет­ті жер­лестер! Туған жері­міздің тазалығы, айна­ламыздың әсемдігі – өзіміздің мерейі­міз. Сондықтан барша тұр­ғындардан кенттің сәулеттік келбетін арт­ты­ра­тын ою-өрнектерге жан­ашы­рлықпен қараса деген тілегіміз бар» деп қазалылықтарды тазалыққа үндеген. Достығында 1 мыңнан  аса  адам бар. Тағы бір тоқ­талатын жайт, аудан тұрғындары Мұрат Нәлқожа­ұлы­ның атына жылы лебіздерін жиі  жазып  отырады.

Қармақшы ауданын 2015 жылдан басқарып келе жатқан Сұлтан Мақаш­овтың атынан ашылған фейсбукте бір­неше парақша бар. Бірін­де 2 мыңдай адам болса, екіншісінде 200-ден аса адам бар. Ол ауданда жасалға­н кейбір оң бас­тамаларға ұнату белгісін басқан. Бұл – аудан әкімі желідегі жазбаларды бақы­лап оты­рады деген сөз. Неге екенін қайдам, бірақ белсенді емес.

Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев та әлеуметтік желі­нің ауылынан алыс емес. Ресми парақшасы тір­келген. Оның достығында небәрі 30 ғана адам бар. Өз атынан мүлде жазба жарияламаған да екен. Есесіне, Жалағаш ауданы әкімінің орын­басары Жағыппар Тәж­маханов әлеуметтік желі­де белсенді екенін айта кетейік.

Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев соңғы кездері әлеуметтік желімен жұ­мысты күшейтсе керек. Ол үнемі ауданға қатысты  ең жағымды жаңа­лықтарды жазып отырады. Айталық, ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері бел­гілі бола бастаған тұста кешкі сағат 21:30 шамасында Ғ.Қоныс­бек­ұлы фейсбукте қуаны­шымен бөлісіпті. «Аудан бо­йынша биыл ҰБТ-ға 204 оқушы қатысты. Түлектердің білім сынағын ойдағыдай тапсырып, білімдерін дәлел­деуіне барлық жағдай жасал­ды. Нақты қорытынды енді жарияланады. Бірақ, сырдариялық оқушылардың биыл тағы да облыста көш бастайтынына сеніміміз мол. Ерекше айта кеткім келеді, Бесарық ауылындағы №147 орта мектеп оқушысы Өтеген Ақерке Мұратқызы 139 балл жина­ды. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болды» деп сырдариялықтардан сүйінші сұраған екен. Сондай-ақ, ол 6 шілде күні  желі қолданушы­ларын Елорда күнімен  құттықтаған.

Ал алпысты алқым­даған Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы әлеуметтік желімен жұмысты жақында қолға алған секілді. «Халық» газетіне­ берген сұхбатында «Жақында облыс әкімінен осыған байланысты ескерту алдық. Өзіме келсем, әлеуметтік желімен жұмыс істеуде кемшілік барын мойындаймын» деп ашық айт­қан еді. Енді міне, Әшім Оразбекұлы «әріптестері атойлап алға шыққанда, қарап қалғаным жарамас» десе керек, фейсбук арқылы халықты ақпараттандырып отыруды қолға алыпты. Досты­ғында 2 мыңға жуық адам бар. Ең соңғы жазбасын 3 шілде күні жариялапты. Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округінде егілген алмабаққа барыпты. Бірақ, Әшім Оразбекұлы жазылған пікірлерге өзі жауап бермейтіні өкі­нішті.

Облыстың оңтүстігінде орналасқан Жаңа­қорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев әлеуметтік желімен жұмыс істеуді әріптестерінен бұрын бастаған. Қазір бұрынғыдай белсенділік жоқ.

Әкімқаралардың көпшілігі атқарылған жұмыс­ты өзі ақпарат­тандыр­ғаннан гөрі, «ел көріп отыр ғой» дейді. «Қиярдың өзін пиарсыз жемей­тін заманда» же­лід­е белсенді болудың рөлі  зор.  Айтпақшы, кей­бір  аудан  басшыларының ресми парақшаларын  баспасөз  хатшылары жүргізеді екен. «Ішің біл­сін, әлуәй!».

 

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары