Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
СЫРДЫҢ СЕНІМДІ СЕРПІЛІСІ
11.07.2019 16:51

САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

 

Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жоба, тың бастама керек болғандықтан, көк­жиекке көз тастай бастады. Шетелдік  тәжірибелерге  сүйе­ніп, ғалымдардың кеңесімен түрлі жобалар мен стратегияларды қабылдауға тырысты. Оның үстіне өздеріңізге де белгілі, ел болып еңсеміз бір­ден тіктеле қойған жоқ. Эко­номикамыз сауықтыруды қажет етті. Дағдарыс дегеннің не екенін ежелден сезініп келе жатқан қазақ халқы бұл жолы әлеуметтік-экономикалық қысылтаяң шақтың куәгеріне айналды.

Десек те, ол күн­дер­ді өткеннің елесіне айнал­дырып, демократия мен азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін тер төкті. Сөйтіп, еліміз геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы  мүшесі ретінде лайықты орын алды. Саяси және эконо­микалық әріптестік аясында сызылған шеңбер әлем елдерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Бертін келе түрлі стратегиялық мақсаттағы құжаттар қабылданып, тұрақты экономикалық өрлеуге ұмтылдық. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде нарықтық экономиканың іргесі қаланып ғана қойған жоқ, халық игілігі үшін ішкі ресурстары мен әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Өндіріс ауқымы ұлғайды, ауыл шаруашылы­ғына тың серпін бе­рет­ін жобалар кірік­тіріліп, экономикалық сектор жаңаша сипатқа ие болды. Солардың қатарында кезінде аграрлы аймақ атанған, қазір аграрлы-индустриалдық аймақ статусына ие Қызылорда об­лысы  да  бар.

Бұған дейін облыс бюджеті «қара алтынның» құнымен толығып отыратын. Жер қойнауындағы басты байлығы­мыздың көлемінің азаюы әлемдік экономика тұрақтылығына да септігін тигі­зіп отырғаны рас. Десек­ те, аймақта мұнай қорының азаюына байланысты шикізатқа тәуел­діліктен арылып, құрылыс көлемін арттыр­у және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында өңір экономикасын әртараптандыруды көздейтін 2020 жыл­ға дейінгі даму бағдарламасы  әзірленді.

 

ТӨРТ   ЖОБА  ІСКЕ   ҚОСЫЛАДЫ

 

Аймақ өңдеу өнеркәсібінің дамуы бойынша республикада алдыңғы қатарда, бұл облыс экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен әртарап­тандырудың  қарқынын көр­сетеді. Мұндай қарқынды даму инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаруашылығы өндіріс көлемін дамыту және әлеумет­тік салада да бар. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсан мәліметтері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 226,3 млрд теңгеге орындал­ған. Бұл өткен жылғы салыстырмалы кезеңге қарағанда 95 пайыз­ға жуық. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне мұнай ұңғымаларының сулануы себеп­. Сонда да есепті кезең ішінде 1,4 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Аймақ эко­номикасының әртараптануы мен сауда-саттығының басым бөлігін қамтып отырған шикізат көзінің азаюы аздап болса да даму көкжиегіне кедергі келтір­етіні анық. Бірақ шикізатқа деген тәуелділіктен арылу­  үшін өзге де салалар жандануда. Айталық, өнер­кәсіптің 80%-ын құрап отыр­ған кен өндіру  өнеркәсібі  және карьерлерді қазу саласында 182,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индек­сі 2018 жылдың ұқсас кезеңі­мен салыстырғанда 94,6%-ды құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 374,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібінің келесі салал­арында да өсім  байқал­ған, тамақ өнімдерін өндіру 19,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 85,4%-ға, жиһаз өндіру 36,1%-ға артқан. Сондай-ақ, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 43,2%- ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 2,7 есеге ұлғайған. Болашақта индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар  есебінен  2019 жылдың қорытындысымен өнер­кәсіптік өндіріс көлемін 94%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 102% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Яғни 2019 жылы жалпы құны 37,3 млрд теңгені құрайтын 431 жұмыс орны құрылатын 4 жоба іске асырылады.  Олар:

- «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы («Orda Glas» ЖШС)

Жоба құны – 36,7 млрд теңге;­

Қуаттылығы – жылына  197,1 мың  тонна;

Жүзеге асу орны – Қызыл­орда  қаласы;

Жұмыс орны – 226 адам;

Жобаның іске қосылу уа­қыты – 2019 жылдың жел­тоқсаны.

- «Күйдірілген  кірпіш  өндірісі зауыты»  («АКТАЛ»  ЖК)

Жоба құны – 30,8 млн теңге;­

Қуаттылығы – жылына 4 млн дана кірпіш;

Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;

Жұмыс орны – 45 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты – 2019 жылдың 1-жар­ты­жылдығы.

- «Балықты  тереңінен  қайта өңдеу  зауыты  мен  пластикалық қайық жасау цехын салу» («Қазақстан  Аквакультура  ЛТД»  ЖШС)

Жоба құны – 160 млн теңге;

Қуаттылығы – жылына 4 мың тонна балық;

Жүзеге асу орны – Арал ауданы;

Жұмыс орны – 100 адам;

Жобаның іске қосылу уақыты – 2019 жылдың 2-жар­тыжыл­дығы.

- «Күрішті  өңдеу  және  құрама жем өндірісін ұйымдастыру» («Таң LTD»  ЖШС)

Жоба құны – 397 млн теңге;­

Қуаттылығы – жылына 3 мың тонна құрама жем;

Жұмыс орны – 60 адам;

Жүзеге асырылу орны – Шиелі  ауданы;

Жобаның 1-кезеңін іске қосу – 2019 жылдың 3-тоқсанында  жоспарлануда.

Айта кетейік, облыстың инвес­тициялық тартымдылық потенциалы да жылдан-жылға артып келеді. Түрлі индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін соңғы бес жылдықта тартыл­ған 1,7 трлн теңгеге жуық  тікелей  инвестицияның 25,5 пайызы 2018 жылдың еншісіне­ тиесілі. Ал Қызыл­орда облысы әкімдігінің ресми па­рақшасындағы соңғы мәлі­мет­тер бойынша негізгі капиталға салынғ­ан инвестиция көлемі 128,6 млрд теңгені құраған­.

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ИГІЛІККЕ   ЖАРАП   ТҰР

 

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы әкімді­гі­нің, мәслихаттың, «Nur Otan» партиясы  филиалының, қо­ғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланды. Өңірде кешенді «Жол картасы» әзір­ленді, оны іске асыруға 2018 жылы 32 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 3 млрд теңгеден астамы стартап жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Жүйелі жүргізіл­ген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны соңғы жылдары респуб­лика бойынша ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңірде сумен қамтамасыз  ету және газбен жабдықтау­ мәселелері шешімін табуда. Қазіргі таңда аймақ халқының 95%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 63%-ы табиғи газды тұтынады. 2017 жылы Қызылорда қала­сына қарасты елді мекендер мен 7 аудан орталығының 4-еуі газдандырылды. 2018 жылы үш аудан орталығына, атап айт­қанда, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш  аудандарына  газ жеткізілсе, 2019 жылы елді ме­кендердегі газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға қарай тұр­ғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу міндеті қойылып  отыр.

 

ЖЕҢІЛ   ӨНЕРКӘСІПКЕ БЕТБҰРЫС  БАР

 

Облыс экономикасының бойына қан жүгіртіп тұрған негізгі саланың бірі – ауыл шару­ашылығы. Оның ішінде Сырдың інжу-маржаны, ақ кені атанған күріштің үлес салмағ­ы басым. Жалпы күріш  егістігі 70 мың гектардың үстінде. Ал, соңғы кезде оның  көлемі қысқарып, суды аз қажет ететін бидай, жүгері, картоп пен көкөніс, жеміс-жидек­, асқатық май өнді­ретін және  малазықтық  да­қылдар  егу  жұмыстары  қолға  алынуда. Келешекте бұл өңірде өз жағдайында  анағұрлым  тиімді де пайдалы саналатын егін­шілік салаларына тұрақты бағыт­ ұсталмақшы. Елді мекендерде наубайхана мен өсімдік майын, шұжық, кәмпит, тұр­мыстық бұйымдар өндіретін цехтардың, қарапайым заттар өндіру кәсіпорындардың қа­тары­  артуы әбден мүмкін. Салт-дәстүрі мен ділі, мәде­ниетін ұлықтаған өлкеде ұлт­тық қолөнерді де қарқынмен жандандыруға жаппай бет­бұрыс жасалғанының өзі жеңіл өнеркәсіптің дамуына ықпалын тигізіп отыр. Жеке кәсіп­керлер мен кәсіпкерлікке бет бұрушы қауым азық-түлік өндіру және нарықтық қаты­настарды игеруге кірісті. Сөйтіп, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету бағытына мән беріп отыр.

 

ҮЗДІК   ӨҢІРЛЕР  ҚАТАРЫНА  ЕНУ –  МӘРТЕБЕ

 

Бір  жылға  қарағанда  екінші жылы қай саладан болмасын тәуір  көрсеткішке ие болу жыл сайынғы даму индексінің өзгергендігін аңғартады. Қарапайым тілмен айтқанда, сыныптан сыныпқа жоғарылау оқушы үшін мәртебе болса, оны үздік бағамен тамамдау бөлек әңгіме. Сол секілді стратегиялық құжаттар негізінде сауығып келе жатқан Сыр экономикасындағы ахуал тұрақты. Бірді-екілі кемшілік жоқ деп айтуға да болмайды, өйткені тұтас бір жүйенің бойынан бір ақау табылмауы мүмкін емес. Алдағы уақытта ол кемшін тұстарды да реттеудің тетігі табы­лады. Бастысы, Қызыл­орда аймағының әлеуметтік қамсыздануға бағытталған шығын­дары жыл санап азаюын экономикасының өрлеуіне қарап бағалау керек. Бірнеше жыл бұрын кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан эконо­миканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылып жатқа­нына елдің көзі куә. Соның нәтижесін­де өзінің әлеумет­тік-эконо­микалық дамуы жағын­ан республиканың үздік бес  өңірінің  қатарына қосылуы – тағы бір мәртебе. Сыр аймағы еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан облыс­та­рының бірі деп ашық айтуға құқымыз  бар.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары