Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ЖОЛ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АРАЛДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
12.07.2019 09:40

Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Медициналық қызметтің сапасын жақсартып, оның тұрғындарға қолжетімділігін арттыру қашан да маңызды. Осы ретте, қоғам жұмысына белсене ат салысып, игілікті істердің бастаушысы болып, ауқымды қайырымдылық қызметтерді атқару жолында аянбай үлес қосып келе жатқан «Қасиетті жол» оңалту орталығына биыл 5 жыл толып отыр. Атап өту қажет, бұл қордың негізгі күн көріс есебі мемлекеттік бюджет емес, еліміздегі қайырымды жандардың арқасында жүзеге асады.

Аталмыш орталық бүгінге дейін республика көлемінде ілкімді істердің ұйытқысы болып, сал ауруына шалдыққан балаларға қол ұшын беру жолында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келсе, ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап аталмыш орталық алғашқы рет өз қызметтерін жергілікті жерде қолжетімді ету мақсатында ауданымызға арнайы келген болатын.

Басты мақсат – ең алдымен сал ауруына шалдыққан балаларға сапалы қызмет көрсетіп, қол ұшын беру. Жалпы республика көлемінде церебралды сал ауруына шалдыққан 26 мыңнан астам бала бар болса, Арал ауданы бойынша бұл санатта 82 бала бар.

Мінеки, осы балаларға арнайы аудан кәсіпкерлері мен еріктілердің демеушілігімен «Қасиетті жол» оңалту орталығының білікті мамандары ауданда болып, жеке кәсіпкерлер ерлі-зайыпты Қуаныш Шынжанов пен Мадина Ликерованың «Қуаныш» жаңа медицина орталығының ғимаратында сал ауруына шалдыққан балаларға емдеу шараларын жүргізді.

Аталған оңалту орталығының құрамындағы неврапотолог, реабилитолог, ортопед, дефектолог, емдік дене шынықтыру, логопед - барлығы 14 маман балалармен қатар олардың ата-аналарымен де жұмыс жүргізіп, аудандағы неврапотолог дәрігермен де өзара тәжірибе алмасты.

«Қасиетті жол» оңалту орталығының директоры, Арал ауданының тумасы Айнұр Мырзаханқызының айтуынша, мамандар тобы аудан бойынша жалпы 92 баланы қабылдап, балаларды емдеу, оңалту бағытындағы кеңестерін беріп, одан әрі жұмыс істеу жолдарын да түсіндіріп берген. Сондай-ақ, бұл жұмыстар аяқсыз қалмайтынын, алдағы уақытта да бұл игі бастаманы жалғастыру жоспарларында бар екендігін жеткізді.

Кеше «Қасиетті жол» оңалту орталығы мамандарының жүргізген емдеу курсының қорытынды шарасы өткізілді. Аталған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова қатысып, азаматтық жауапкершілікті жоғары қойған, жаны жайсаң мейірімді жандарға аудан жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.

Концерттік бағдарлама барысында балалар ата-аналарымен бірге ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды. «Бұл да емдеу шараларының бір түрі» дейді мамандар. Шара аясында балалардың ата-аналары да өздерінің риясыз пікірлерін білдіріп, орталық мамандарына алғыстарын жаудырып жатты.

Расында, ел ертеңін ойлап, өңіріміздің болашаққа деген сенімін нығайту үшін жомарттық танытып жүрген азаматтар әрдайым халықтың қошеметіне бөлене бермек.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызмет

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары