Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚОҢЫРАУДАН ҚАШҚАН ҚАЗАҚТАР...
18.07.2019 12:00

Коллаж  “Айқын” газетінен  алынды

Бүгінде  өмірімізді  мобилді  байланыссыз елестете алмаймыз. Бір күн телефонсыз жүрсек, құдды  бір  бүкіл  шаруамыз  шешілмей  қалатындай.

Баламыз да телефонға әуес.

Атамыздың да құлағында – телефон.

Сүйіншіні телефонмен сұраймыз.

Көңілді телефонмен айтамыз.

Ұнамағанды «қара тізімге» жібереміз.

Ең өкініштісі, осы адамдардың дені – банктің  «қара  тізімінде»  тұрғандар.  «Қарыз­ды­ қашан қайтарасыз?» деген сауалмен­  хабарлас­қан қоңыраудан қашқан қазақ­тардың  қарасы  өте  көп,  өте...

Қалай десек те, қарыздың салмағы ауыр. Қайтарымы қиын. Ілкіде қазақ қарызға қалай қарады? Қазақта қарыз алысу, берісу бұрыннан болған әдет. Әу баста ауылы аралас, қойы қоралас адамдар мал берісіп, алысуды бір-біріне қарыз санамаған. Ал нарық заманынд­а бұл қарыз банктегі несиемен, мемлекетке төлейтін салықпен өлшене бастады. Бұрында да ақшалай қарыз алу аз болған. Қазіргі кездегі тауарлық несие сияқты, мал-мүлікпен саудаласып, соным­ен есептескен. Қыздың қалың­малы  да  малмен  өтелген. Қандай малды­ қарызға алса, дәл сол жастағы малды  қайтарған. Ал қарыз  беру  ауыз­ша­ рәсімделіп, ант су ішумен бекітілген.  «Уәде – Құдайдың бір аты» дейтін қазақ, берген сертін  жұтпаған. Егер кешікс­е, үстеме­ ақысына қой мен сиыр, қозылы саулық, бұзаулы сиыр берген.

Қарыз жағы шариғатта қалай? Ол мұсылман үшін рұқсат етілген игі іс. Мұсылмандардың  бір-бірінен  қарыз сұрауына  болады. Бірақ  қарыз беруші қарыз алушының ол ақшаны теріс істерге жұм­сайтынын біле тұра, қарыз берсе – харам. Сондықтан қарызды мұқтаж жандарға, отбасы­н асырауға, жақсы істерге беру керек. Ал үстіне өсім  қосып, пайызымен  қарыз беруге де, алуға да тыйым­ салынғ­ан. Егер адамның қарызды қайтаруға жағ­дайы­ жоқ болса, шамасы келмесе, ол қарызды кешкен жөн. Себебі қарыз беру – сауап­ты іс болып саналады. Алайда қазір ауыл-ауылдың өзінде «процентке ақша беруді­» кәсіп етіп алғандар көп.

Сол қарызды деніміз кейде­ саналы түрде, кейде амалсыз жағдайда алып жүрміз. Аз уақыт бұрын ғана Сенат депутаты Мұрат Бақ­тиярұлы екінші деңгейлі банкте­рде жеке тұлғаларға тиесіл­і қарыздың жалпы сомасы­  6 триллион теңгеге жуықтағанын айтқан еді. Несие­ алған 2 миллион адам қарызын қайтара алмай отыр. Соның нәтижесінде, қайтарылмаған несиелердің сомасы 3 триллион теңгеге жеткен.

Ал бас банкир Досаевтың сөзіне сенсек, қазір елімізде 670 000 адам несиесін төлей алмай жүр. Жеке тұлғалардың жалпы қарызы – 6 триллион емес, 4 триллион 100 мил­лиард теңге. Бұл – ресми статис­тиканың  мәліметі.

«Оның ішінде біздің ипотекамыз, кепілсіз несиелер  мен автонесиелер бар.  2017-2018 жылдардың ішінде банкте­р  берген осындай несиелердің сомасы 47 пайызға көтерілді. Бірақ бүгінде несиені төлемеген адамдардың саны 2 миллион емес, 670 000 адам біздің  кредиттік  бюромызда  тұр», - деді  Е.Досаев  Сенат  отырысында.

Еліміздегі еңбекке жарамды 8,5 миллион азаматтың 2 миллионға жуығы қарызын қайтара алмай жүр. Бұл – бармақ шайнататын жайт. Жалпы, 5 миллионнан астам адамның банкке берешегі бар. Демек, несие алушылардың қарасы көп деген сөз. Бұрын несиенің үстеме пайызы жоғары болатын. Сондықт­ан несие алушылардың да қатары­ сирек еді. Ал қазір банктердің несиелік жүйесі өзгерді. Жеңілдетілген түрлі бағы­т бойынша халықтың қызы­ғушы­лығын  тудырып  отыр.  Бірақ  банк бәрібір өз ұпайын арттыруға жұмыс істейтінін қарапайым халықтың бірі білсе, бірі біле бермейді.

Осы арада несие қандай мақсатта жұмсалады деген сұрақтың қойылуы заңды. Расында да, ел кепілмен, кепіл­сіз  алған  қарызын қайда жұмсайды? Бір басында бірнеше кредиті барлар ше? Олар жан бағу үшін қарыз алды ма? Әлде  қосымша  керек-жарағына  жет­кізе алмай отыр ма? Оның да жауабы дайын. Зерттеулердің нәтижесі бо­йынш­а алынған қарыздың 85 пайызы мақсатсыз жұмсалады екен. Яғни, қымбат көлік, той-думан мен өлім-жітім, қымбат тондарға жұмсалады. Төрт жыл бұрын  әйгілі украиндық «Орел и Решка»­  бағдарламасы  Алматыға  арнайы түсіріліммен келді. Сондағы жүргізушінің «Қазақтар сән-салтанатты ұнатады. Бір қызығы, бұл қаланың тұрғындары басында үйі жоқ, пәтерді жалдап тұрса да, несиеге қымбат көлік мінгенді ұнатады» деген кекесін сипаттамасы әлі күнге дейін есімізде.

Бірақ қазір намысты ойламаймыз. Өзіміз айтқандай «қарызды күлдіріп келтіріп, жылатып қайтарып жүрген» жайымыз бар...

 

ТҮЙІН.

Қоңыраудан қашу дегеннен шығады, қарыздың кесірінен таныс емес нөмірді көтермейтін күйге жеттік.

Мүмкін бұл – сіздің өміріңізді жаңа арнаға бұратын жағымды жаңалығы бар қоңырау шығар.

Мүмкін дәл сол сәтте сіздің көмегіңіз өте жақын адамыңызға керек болған болар.

Мүмкін...

Қоңыраудан қашанғы қашамыз?

 

Гүлжан  РАХМАН,

журналист,

Нұр-Сұлтан  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары