Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
БАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСЫН АНАСЫ КӨТЕРДІ
25.07.2019 12:10

Бойжеткенді автокөлігімен қағып өлтірген 14 жастағы бозбаланың ісіне нүкте қойылды. Жыл басынан бері жалғасқан сот процесі кінәлілерге әділ шешім шығарды. Оқушыға көлігін берген анасы бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл жол-көлік оқиғасы қоғамда үлкен резонанс туғызды. «Істі жылы жауы­п қоя ма?» деп қауіптенген мар­құмның туыстары шағымдана жүріп, әділ­дікке қол жеткізді. Жеті айға созыл­ған іс ақыры шешімін тапты. Сот кәмелетке толмаған баласына көлік тіз­гінін берген­ анасын кінәлі деп  айып­та­ды. Қызыл­о­рда қаласының соты Т.Н-ны бір жыл алты айға бас бостандығынан айыр­ды­. Сонымен қатар, екі жылға көлік жүр­гізуге тыйым салды. Жәбір­ленуші тарапқа­ 1 миллион өтем­ақы төлеуге үкім етті. Десе де, 22 жастағы бойжеткеннің өмірін қиған жасөспірім қылмыстық жауапкер­шілікке  тартылған жоқ. Соған­ қара­мастан марқұмның туыстары сот шешімімен­   толықтай  келісті.

Оқыс оқиға былтыр 28 желтоқсанда болған еді. Қыстың күні жаяу жүргін­шілер жолағынан өтіп бара жатқан­ қызды қатты жылдамдықпен келе жатқан­ «Лексус» көлі­гі қағып өтеді. Қатты соқ­қыдан қыз ұшып түсіп, ауыр бас ми жарақ­атын алады­. Көп мөл­шерде миына қан құйыла­ды. Ең сорақысы, кінәлі жасөс­пірімнің туыстары ес-түссіз жатқан бойжет­кенді әрі-бері тасыма­лдап, уақыт өткізіп алады. Қалалық­ аурухана қиын жағдайдағы қызды жедел жәрдем бригадасы әкелу керек деп науқасты қабылдамайды. Сонан­ соң өлім аузында  жатқан қыз облыст­ық медициналық орталыққа жеткізіл­еді. Есін жимаған ол тілге келмей­, ауруханада көз жұмады. Ал кәмелет жасына жетпеген бозбала тергеп­-тексеруден тоқтатылады. Бұған марқұмның туыстары наразылық біл­діреді. Үлкен резонанс тудырған іске әлеуметтік желі белсенділері де бас көтереді. Жеткіншектің бұған дейін де көлік оқиғасына қатысы барын білетін куәларды тапқанда ғана іс шешімін тапты.­ Елді елең еткізгені, көлікпен адам  басқан  балаға емес, анасына айып тағылғаны болды.

Қаза тапқан қыз биыл 23 жасқа толар­ еді. Қытайда білім алған ол қаладағы мұнай компанияларының бірінде аудармашы болып қызмет істейтін. Қызғалдақтай құлпырған ару күтпеген жерден ажал құшты. Ел тарихында болмаға­н оқиға көпке сабақ болды. Алайда жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан қаза табад­ы  екен.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары