Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1894 |
![]() | Кеше | 1815 |
![]() | Осы аптада | 14834 |
![]() | Өткен аптада | 20075 |
![]() | Осы айда | 37339 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4218429 |
-
13.12.19
Толығырақ...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.
... -
13.12.19
Толығырақ...
Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...
-
05.12.19
Толығырақ...
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
... -
05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
ШАРУАСЫ ШИРАҚ, ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДІ |
08.08.2019 11:10 |
Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов алғашқы ресми жұмыс сапарын солтүстік аудандардан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш) бастады. Көптен бері көңілді күпті еткен «Көкарал» бөгетін көзбен көрді. Ондағы түйткілдерді таразыға тартып, саралап, салмақтап қайтты. Өткен бейсенбіде аймақ басшысы Шиелі өңіріне ат басын бұрды. Сапар барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын біліп, бірқатар елді мекендер мен өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты. Жалпы, Шиелі топырағы – «таяқ тастасаң, тал болатын» құтты мекен. Ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаевтай Еңбек Ері, 10 ғасыр адамының 5-еуі шыққан қасиетті қоныс. Ауданның агросаласында алымды тірлік бар. Өнеркәсіп өндірісі өркендеп тұр. Сыр өңірінің жазы ыстық, қысы жылы. Тірлікке қолайлы. Рабайда бір дүлей дауыл тұратыны бар. Алайда 365 күннің 320-сы ашық десек, қателеспейміз. Бұл – баламалы энергия көзін өндіруге таптырмас мүмкіндік. Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылының маңында күн электр станциясының іргетасы қаланды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі: – Мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаға біз де көмек беріп, ары қарай ауқымын кеңейтуге, дамытуға дайынбыз. Алдағы уақытта әлеуметтік көмек есебінде күн электр станциясы жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағын қарастырған жөн, - деп атап өтті.
– «Уранэнерго» мекемесі – 250 кВт, «Семізбай У» ЖШС – 90 кВт, «6-кен басқармасы» – 200 кВт, «Сейітжанов» ШҚ 35 кВт электр энергиясын өндіріп жатыр. Аудан көлемінде 112 жайылымдық жердегі шопандар 2 мВт күн сәулесінен алатын электр энергиясын пайдалануда, - дейді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы. Бұдан ары өңір басшысы Тартоғай ауылында 2016 жылы тамызда пайдалануға берілген жеке кәсіпкер Н.Серікбайдың наубайханасында болды. «Мемлекеттік қолдау аясында жобамды жүзеге асырдым. 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз», - дейді жас кәсіпкер. Шағын наубайхана күніне 250-300 бөлке нан, 150 тоқаш, 100 самса және 100 шелпек пісіріп, Тартоғай, Майлытоғай, Ботабай елді мекендерін және ЗК-169/4 мекемесін нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Одан кейін облыс әкімі аталған ауылдағы клубтың жұмысымен танысты. 150 орындық клуб үйінде ән, би, сурет, тоғызқұмалақ және шахмат үйірмелері жұмыс істейді. Аймақ басшысы ауыл ардагерлермен жүздесіп, пікір алмасты. Балаби ауылы – Шиелі ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі. Ел тұрғындарының дені мал шаруашылығы және егін саласымен айналысады. Қуанышбек Ысқақов ауылдағы №50 орта мектепке барып, ауданның жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Сондай-ақ, білімге құштар ауыл балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. – Ауылдың әл-ауқаты бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы. 3 балабақша, мәдениет үйі, 900 орындық мектеп, 12 дүкен бар. 300 гектар жерге күріш егіп, диқандар күзгі салымға дайындалып жатыр. Елдің ауызбіршілігі жоғары, - деді Балаби ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітмағанбет Жұманазаров. Сонымен қатар, Қуанышбек Досмайылұлы Жөлек елді мекеніндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ашылу салтанатына қатысты. – Өздеріңіз білесіздер, мемлекет тарапынан әлеуметтік саланы қолдау үшін көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Облыстық бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалуда. Өткен жылы облыста 5 аурухана, 9 медициналық амбулатория салынған. Биылдың өзінде елді мекендерде 9 емдеу мекемесі бой көтерген. Осының барлығы мемлекет тарапынан еліміздің ең басты байлығы адам және оның денсаулығына жасалған жағдай деп білеміз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 1 маусымнан бастап 30 пайызға көбейді. Облыс әкімдігі тарапынан да ары қарай тиісті қолдау көрсетілетін болады , - деді аймақ басшысы. Айта кетейік, емдеу мекемесінде күндізгі стационар, акушерка, химазатор, ине шаншу, егу бөлмелері бар. – Бүгін, міне қызымды тексеруге әкеліп отырмын. Осындай кең, ауасы таза емхана ашылғанына қуаныштымыз, - деді ауыл тұрғыны Дидар Уәлиханқызы. Осыдан соң өңір басшысы Бәйгеқұм ауылына барды. Көл жағасына қоныстанған ауылға келушілер көп. Ішкі туризмді дамытуға қолайлы мекен. Сондай-ақ, Бәйгеқұмда шаштараз, дүкен, халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта байланысы, мүгедектерді қолдау орталығы, тігін цехы сынды әлеуметтік қызметтердің барлығы бір ғимаратта орналасқан. Ауыл әкімі мұның бәрі ел игілігі үшін қолға алынған шара екендігін алға тартты. Кездесуде аймақ басшысы ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуді тапсырды. Қ.Досмайылұлы одан соң Шиелі ауданының орталығында салынған «Думан – Шиелі» ЖШС-нің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесінде болды. Аталған орталықта жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ егде адамдарға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға ем жасайды. Онда 54 қызметкер жұмыс істейді. Аудан ақсақалдарымен жүздескен өңір басшысы алдағы жоспарлар жөнінде қысқаша баяндап, елдің ұйытқысы бола білген ардагерлерге амандық тіледі. Шиелі ауданы ауыл шаруашылығы саласымен қатар өнеркәсіп өндірісінде де толайым табысқа ие. Облыс әкімі кенттегі құбыр зауытының жұмысымен танысты. Нысанның жалпы алаңы – 30 га. Қуаттылығы жылына 1 млн 600 мың құбырға тең. Кәсіпорында 104 адам жұмыспен қамтылған. Төмен қысымдағы полиэтилен (ПНД) құбырлары, поливенилхлорит (ПВХ) құбырлары, газ құбырлары, технологиялық құбырлар және т.б. өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына шығарылады. Ары қарай облыс басшысы «Бастау» сауықтыру кешеніне, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қарасты №6 кен басқармасына (мұнда 402 адам жұмыспен қамтылған), жеке кәсіпкер Б.Әшірбековтің күріш ақтау және құрама жем зауытына барды. Күріш ақтау зауытының жалпы алаңы – 4 га, өндірістік қуаты – тәулігіне 86 тонна күрішті ақтайды және 28 тонна күріш жармасын шығарады. Шиелідегі айтулы жобаның бірі – «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС. Цемент зауыты жылына 1 млн тонна цемент өндіреді. Сыртқы нарыққа – 30%, ішкі нарыққа 70% өнім шығарылмақ. Заманауи үлгіде жабдықталған зауытта жергілікті жастар жұмыс істеуде. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынға индустриялық аймақтан 52 га жер учаскесі берілген. 2017 жылы 22 желтоқсанда ҚР Индустриялық-инновациялық даму министрлігінен преференция алуға инвестициялық келісімшартқа, әктас шығаруға келісімшартқа қол қойылған. Содан соң Қ.Ысқақов «Ару Ана» түйе сүтін өңдеу цехының жұмысымен танысты. Бұл цех күніне 400 литр шұбат өндіреді. Өнім көрші аудандарға, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларына тасымалданады. Облыс әкімінің сапары барысында Н.Бекежанов атындағы ауылда дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсімі өтті. Дәрігерлік-амбулаториялық емхана 18 бөлмеден, күндізгі стационар бөлімі 5 орындық, балаларға арналған, акушерка, химазатор, ине шаншу, егу бөлмелерінен тұрады. Аймақ басшысы барған тағы бір нысан – «Асылхан» шаруа қожалығының сүт және сүт өнімдерін өндіру цехы. Нысанның жалпы алаңы – 3,8 га, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннаға тең келеді. Облыс басшысы Шиелі ауданына жасаған сапарында жергілікті әкімдерге өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жоғары деңгейде орындауға шақырды.
Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |