Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
542 млн теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына өндірілді
09.08.2019 13:35

Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен Ұлттық қауіпсіздік департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Экономикалық тергеу қызметі, полиция, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Әділет департаменті, жеке сот орындаушылары палатасы басшыларының қатысуымен мемлекетке қылмыспен келтірілген залалды өтеу мәселесіне арналған жедел мәжіліс өтті.

Прокуратурамен жүргізілген талдау нәтижесінде тергеу органдарының қылмыспен келтірілген залалды мемлекетке өтеуге бағытталған шаралары жеткіліксіз екені анықталған.

Ағымдағы жылдың 6 айында барлық санатта 3544 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың ішіндегі 78-і бойынша 1 157 275 000 теңге мемлекетке залал келген. Оның 542 835 000 теңгесі мемлекетке қайтарылып, өндірілу тиімділігі 47%-ды құраған.

Биылғы жылы небәрі 2 қылмыстық іс бойынша мүлікке тыйым салу қолданылған.

Оның 1-еуі – (32 714 309 теңгенің мүлкі) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және 1-еуі – (951 480 теңгенің мүлкі) Экономикалық тергеу қызметінің үлесінде.

Ағымдағы жылы бірде-бір қылмыстық жолмен келген немесе келтірілген шығынды өтеу мақсатында мүліктерді тәркілеу жұмыстары атқарылмаған.

Мәжіліс қорытындысымен бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, дербес және бірлесіп орындалатын іс-шаралар белгіленді.

Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 71-тарауын (заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру) кеңінен қолдану, мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келген залалдарды анықтау тапсырылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары