Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖОЛСЕРІК ПОЙЫЗБЕН ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАП КЕЛГЕН
09.08.2019 14:25

Елорданың көлік полициясы аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған жолсерікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурыз күні сағат 6:10-да Көлік полициясы департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында »Қызылорда-Көкшетау« бағытындағы пойыз жолсерігі - Қызылорда облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу соты санкциялаған жеке тінту барысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін алған 80 000 теңге қаражат табылды. Сәл кейін күдікті сөмкені күтіп алатын адамды іздестіру шараларының нәтижесінде, 1982 жылы туған ер адам ұсталды. Оның жеке заттарынан сараптамаға сәйкес, 3742 грамм «кептірілген марихуана» есірткілік заты табылды», - делінген департамент хабарламасында.

Аса ірі көлемде есірткі затын табу фактісі бойынша екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары сол күні басталды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі және 297-бабы, 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

Тергеу аясында 43 жастағы ер адамның қызметтік өкілеттігін пайдаланып, Қызылорда облысынан елордаға бірнеше рет есірткі заттарын тасығаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық істің екінші фигуранты ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша 3 жылға абақтыға қамалды.

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары