Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
КӨЛІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ
09.08.2019 17:30

Көлік қызметкерлері және құрылысшылар күні мерекесіне орай бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сала ардагерлерін және көлік, құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын атаулы мерекемен құттықтап, марапаттады.

Көлік қызметкерлерінің, құрылысшылар қауымының қай қоғамда да алатын орны, атқаратын қызметінің ерекше екендігіне тоқталған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев:
- Қазіргі таңда ауданда 45,0 млрд. теңгенің жобалары іске асырылса, оның 29,0 млрд-ы биылғы жылы игерілуде. Бұл қаржының негізгі бөлігі 19,0 млрд теңгесі – күн сәулесінен 30 МВт энергия өндіретін электр станция құрылысына тиесілі. Бұл жоба жүзеге асқанда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жыл сайын 150 млн. теңге қаржы түсетін болады. Биылға шешімін тапқан құны 4,0 млрд-тық аудандық аурухана құрылысы мен аудан орталығына газ кіргізу жобасын қаржыландырудың шешілуі аудан халқын зор қуанышқа бөледі, - деді құттықтау сөзінде.

Шара барысында бірқатар сала ардагерлері және қызметкерлер «Қызылорда облысы көлік саласының 80 жылдығына» арналған мерекелік медальмен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кету керек, соңғы жылдары аудан көлемінде жаңадан салынған тұрғын үй саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың 7 айында аудан бойынша жалпы көлемі 5 885 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артып отыр.

Сонымен қатар, апаттық жағдайда тұрған М.Шәменов ауылындағы №34 мектеп құрылысы да басталды. Аудан орталығындағы Абай, Бұқарбай, Нысанбай жырау көшелеріне биыл 522,0 млн теңге бөлінді, 1-2 айда жұмыстар аяқталады деп күтілуде. Алдағы уақытта республикалық «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында кенттің 5 көшесіне, атап айтқанда Ы.Алтынсарин, Т.Жүргенов, Конституция, І.Қабылов, С.Қалыбаев және Н.Мырзалиев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аққыр, Мақпалкөл, Жаңадария, Жаңақоныс, Далдабай елді мекендерінде 1,2 млрд теңгеге ауыз су жүйесінің құрылысы жүруде, оның 3-уі биылғы жылы аяқталса, 2-уі келесі жылы аяқталады.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары