Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
КӨБЕЮГЕ НЕ КЕДЕРГІ?
15.08.2019 12:10

Көп арманымыздың бірі – көбею. Бұған мүмкін­дігіміз мол бола тұра, әлі межеге жете алмай келеміз. Халық денсаулығын сақтау жылдан-жылға дамып келеді.­ Көпбалалы отбасыларға бөлінетін әлеуметтік жәрдемақы көп елмен салыстырғанда көш ілгері. Ал онда көбеюге не кедергі? Осы сауалды алдымызға көлденең тартып көрдік.

 

Дүдәмал  ой тастауымыз­ға бірнеше фактор себеп болып  тұр. Мәселен, осыған дейін қазақтардың 1930 жылдардағы аштықтан ең көп жапа шеккен халық екенін айтып келдік. Ғалымдардың зерттеулері бо­йынша  1926 жылы  қазақтың  саны  өзбектен 10-15 пайызға көп бол­ған. Тіпті, түркі халықтарының ішінде Осман империясынан кейін саны жағынан қазақ ұлты екінші орынды алатын. Белгілі  демограф,  марқұм  Мақаш Тәтімов ағамыздың: «Егер аштық болмағанда, біздің санымыз қазір 32-35 миллионнан асып, оның 28-30 миллионы Қазақстанда тұратын еді…», - деген­ өкініші де есімізде. Иә сөй­тіп, екінші  дүниежүзілік соғыс­ты­ң  салдары  мен  тың  игеру­ жыл­да­рындағы қиындықтар қазаққа үлкен қасірет әкелді. Алайда тәуелс­іздік бізді осы бір ғасыр бойы бастан өткерген қиын­дық­тардан құтқарды емес пе? Онда  неге  азбыз?

Енді осы жерде біздің еңсемізді басып, басымызды көтертпей отыр­ған бірнеше мәселелер­дің ұшы шыға бастайды. Оның алғашқысы – экологиялық ахуал. Бірде елордада бас қосқан танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері экологиялық проблемаларды ортаға салды. Олардың айтуынша, қазақтың көбеймеуіне экологияның бұзылып, қоршаған ортаның ластануы үлкен әсер етіп жатыр. Белгілі ақын Олжас Сүлейменов ұрпағымыздың азаюына табиғаттың бұзылуы себеп деп, нақты мысалдар келтірді. «Қазақ халқы репрессиядан бөлек,  40 жыл бойы Семей поли­гонының қасіретін шекті. Оның залалы әлі де сезіледі» деді ол. Оның үстіне ұзақ уақыт үздіксіз мұнай мен жер қойнауынан қазбалы байлық өңдеуден де табиғат әбден ластанған. Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Экологияның бұзылуынан қазір еліміз­де ұрпақ сүйе алмай жүр­ген жастар да, жарымжан болғандар да көп. Ал қоғам қайраткері Амангелді Айталы халықтың басым бөлігі осы қалыптасқан жағдайға келісе­тінін айта отырып: «Сондықтан дер кезінде экологиялық мәдениет қа­лыптастырып, қолдағы барлық мүмкіндікті пайдалана білу – маңызды» деді. Бұл – бір.

Екіншіден, бұрын әр қазақтың шаңырағында кемі 5-6 қарадомалақтан дүниеге кеп жатса, бүгін­де ондай отбасылардың санын саусақпен санайтындай күйге жеттік. Денсаулық пен біз әңгіме еткен экологиялық жағдайды алға тартатындарды айтпағанның өзінде, бұған әлеуметтік жағ­дайдың қатты әсер етіп отырғанын  аңғарамыз.

«Баламыз көп болса, оларды жеткізсек» деп, көбеюді мұрат тұтып қосылатын жастар жағы азайды. Үйленбей жатып, үйінің іргесін сөге­тін, жауапкершілігі аз отағасылар көбейді. Баланы бірінші орынға қойып, тек соның жолында бәріне дайын аналар  азайды. Мойындасақ та, мойындамасақ та – қоғамның шындығы осы. Өйткені, дәл қазір ажырасудан ТМД елдері арасында алғашқы ондық­тамыз. Стастистика комитетінің мәліметінше, былтыр  Қазақстанда 137 мыңнан астам жас шаңырақ көтеріпті. Бұл 2017 жылмен салыстыр­ғанда 5 мыңға аз. Кері­сінше ажырасушылар көбейген. 2010 жылы  146 мыңдай неке тірке­ліп, 41 мыңдай отбасы ажырасса, былтыр бұл көрсеткіш 137 мыңға бір-ақ түсіп, оның 55 мыңға жуығының шаңырағы шайқалған. Некеге тұру дерегі бойынша, Оңтүс­тік Қазақстан облысының тұрғындары көш басын­да. Ал ажырасудан керісінше солтүстік облы­стардың тұрғын­дары тұр. Енді қараңыз, 2018 жылы Қазақстанда 137 797 неке тіркелген. Бірақ олардың 55 мыңға жуығы, яғни 40 пайызы ажырасып кеткен. Қазақстанда ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарды Павлодар облысы бастап тұр. Мәселен, былтыр мұнда 5 мыңдай отбасы шаңырақ көтерсе, 3 мың отбасы ажырасып үлгерген. Солтүстік Қазақстанда 3 жарым мың неке тіркеліп, 2 мың отбасы ажырасқан, Қостанай об­лыс­ында да 5600 шаңырақтың 3100-і шайқал­ған. Ақмола, Шығыс Қа­зақстан облысының көр­сеткіші де көштің басында. Мамандар қанша дегенмен қазақы қаймағы бұзылмаған өңірлерде ажырасудың аз болатынын айтады. «Менің бұған маман ретінде айта­рым көп. Оңтүстік өңір­дің халқы балаларын ерте үйлендіруге асығады. Тұрмысқа шықпай жүр­ген қызының қамын жей­ді. Ол жақта некелесу көп, ажырасу салыстырмалы түрде аз. Ал солтүс­тік аймақта заңды некеге тұру аз болғанымен қоймай, бір-бірімен қол бұл­ғасып қоштасатын жастардың қарасы көп. Бұл дерекке осы солтүстік өңірлердегі азаматтық неке деген желеумен бірге тұрып, бірақ некелеспей-ақ ажырасып кететін қаншама отбасын қосыңыз. Олардың арасында бала болмайды. Олар алдымен өз жарастықтарын сынайды. Ал ажырасатындар көбіне бір-екі баламен екіге бөлінеді де, одан ары қарай қайтадан отбасын түзіп, бірнеше баланы өмірге әкелуге бел буа бермейді. Әсіресе, қыздар жағы, тіпті, тұрмысқа да шықпай қалып қояды», - дейді әлеуметтанушы Ерлан Бошай.

Қасіреті сол, некені бұзу туралы өтініш беретіндердің 83 пайызы әйелдер екен. Британдық Economist басылымының статистика мәлі­меттеріне сүйенсек, ажырасу саны жағынан көрші қырғыз елі әлем бойынша – 48-орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда ажырасу көр­сеткіші 1,8 пайыз болса, ал 17 миллион ғана халқы бар Қазақстан алғашқы ондыққа кірген (мың адамғ­а шаққанда ажырасу көрсеткіші – 2,8 па­йыз). «Ажырасудың дені 25-35 жастың аралығында болады. Одан үлкен жастағыларды да көріп жатырмыз. Әр отбасының әртүрлі себептері бар. «Мұның себебі – осы» деп ешкім тап басып айта алмайды» дейді медиа­тор Салтанат Әбдіқадырова.

Дегенмен «негізгі мә­селені жоқшылық пен жетіспеушілікке жаба салуға­ тағы да болмайды» дейді мамандар. Ажы­расу эпидемиясының себеб­ін тым әріден із­дейтіндер бар. «Біздің бүгінгі мүшкіл халімізге 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басындағы дағдарыстың да әсері бар. Сол уақытта көп әке арақ ішіп кетті, жұмыссыз жүрді. Көп отбасы сол кезде ажырасты. Ал сондағы әкесіз өскен балалар бүгінде әке болып жатыр ғой. Мәселені көрдіңіз бе? Әкенің тәрбиесін көре алмағандар үшін баланы әкесіз қалдырып кету де оңай. Бүгінгі күні өздерінің әкелік мінде­тін толық орындамай жүргенінің себебі сол. Өйткені өзі әкенің махаббатын, әкенің барын сезе алмады», - дейді «Әкелер қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары Арыстанғали Сансызбаев. «Сонда бү­гінгі әкесіз жүрген балалар енді бір 15-20 жылда осы көрсеткішті тағы көбейтеді деп ойлайсыз ба?» деген сауалымызға ол: «Өкінішке қарай…» деді...

Иә, біз көбеюдің жолын­ жан-жақты қарастыруымыз  керек-ақ. Бала мемлекеттің басты байлығы десек, отбасы – сол баланың бақытты мекен­і. Дін мамандары болмашы нәрселер үшін шаңырақ шаттығын бұзу­ға болмайтынын  айтады. Ислам діні ерлі-зайыптыларға бір-бірінің кем­шілігін теруге емес, жақсылығын көруге кеңес беред­і. «Отбас­ы құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және кө­бейіңдер! Қия­мет күні үмметімнің көптігі­мен мақтанамын», - деп, үй­ленудің қаншалықты маңыз­ды екенін айтады. Біз қазір көбеймеудің ғана емес, сол өмірге келген баланың бір шаңырақта ата-анасымен бірге бола алмай жүруінің жолын­а түстік. Бұл – қо­ғамның қотыры. Көзге бадырайып көрінбегенмен, көңілімізді түсіріп, көбеюімізге кедергі боп отырған жайт осы – ажырас­у мен азаматтық неке», - дейді теолог Елдос­  Қырықбаев.

50-жылдары әрбір жүзінші отбасы ажырасса, 80-жылдары әрбір төртінші, ал 90-жылдары әрбір үшінші отбасында ерлі-зайыптылардың жолдары екі айырылатын болған. Сенат депутаты Динар Нөкетаева ажырасуға алаңдай келе, «Ша­ңы­рақтың шайқалуы, яғни ерлі-зайыптылардың ажырасуы – тек сол отбасы үшін моральдық зардап қана емес, ел демографиясына төнген қатер деп қабылдануы керек. Осы мәселенің заңдылық өлшемін, қо­ғамдық жауапкершілігін нақты айқындау қажет деп есептейміз», - деген болатын. Өзіміз демографияға дем сала алмай отырған қоғамда оған қауіп төндіріп отырған бұл бірінші мәселенің шешімін Үкімет қолға алмаса, енді бір бес жылда кешігіп қалуымыз да мүмкін.

 

Гүлжан  РАХМАН,

журналист,

Нұр-Сұлтан  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары