Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
20.08.2019 17:40

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және оларды шешу бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалхаров облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Есепті кезеңде облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша "Автобус", "Қауіпсіз жол", "Жаяу жүргінші", "Құқық тәртібі" және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, қала және аудандардағы полиция қызметі күшейтілген түріне көшіріліп, «Түнгі қала», «Қауіпсіз аула» атты қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде»,- деп мәлімдеді С.Шалхаров.

Сондай-ақ, облыс көлемінде жол апаттарылың алдын алу мәселелерін насихаттау мақсатында, 2019 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін айына бір рет «Жолда қабылдау» акциялары ұйымдастырылуда, республикалық және жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық материалдар жарияланып, ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, жолда жылдамдықты асыру фактілерін дер кезінде анықтау және болдырмау үшін облыс орталығы мен аудан орталықтарында автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы жылдамдық өлшегіштерді орнату ұсынылады.

Одан бөлек, Республикалық маңызы бар автожолдарда үй жануарларының көлік жолына кенеттен шығуына байланысты 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде адам қайтыс болған фактілері тіркелген. Осыған байланысты түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ірі қара мал иелеріне жарық шағылыстыратын алқаларды тағу бойынша жұмыстарды қайта жалғастыру, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолының бойында "Абайлаңыз, үй жануарлары!" паннолары мен металл қоршау торларын орнату туралы ұсыныс айтылды.

Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия отырысында түрмедегі жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру және аталмыш комиссияның өткен отырыстарының хаттамалық тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Отырысты қорытындылай келе, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жауапты тұлғаларға жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша аймақтық Жол картасын дайындауды, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары