Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
1-СЫНЫПҚА 21 МЫҢНАН АСА БАЛА БАРАДЫ
20.08.2019 17:50

Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова алты айды қорытындылап, брифинг өткізді. Атқарылған жұмыстармен қатар, «Жаңа оқу жылына дайындық қалай?», «Оқу жылында қандай жаңашылдықтар бар?» деген секілді бірқатар сауалдарға да жауап берді.

Жалпы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша облыстағы балабақшалар саны 667-ге жетіп, онда 61 мың бала тәрбиеленуде. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72 пайызын құрайды. Осыған дейін Арал, Қазалы аудандарынан 85 орынға арналған 2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылған. Балабақшада жұмыс істейтін 165 тәрбиеші біліктілік арттыру курсынан өткізілсе, жыл аяғына дейін 615 тәрбиешіні курстан өткізу жоспарланған. Бұл – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту турасындағы жаңалықтар. Шынын айту керек, бұл салада әлі шешімін таппай келе жатқан мәселелер аз емес. Бірақ, жаңа оқу жылы қарсаңында көпшіліктің ықыласы орта білімге қатты ауып тұр.

Жаңа оқу жылында облыстағы 293 мектепке 164 500 оқушы келеді деп күтілуде. Оқушылардың контингенті 2018 жылмен салыстырғанда 10 мыңға көбейеді. Қазіргі есеп бойынша, облыста 1-сыныпқа 21553 оқушы қабылданады.

- Биыл жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4, 9, 10-сыныптар көшуге дайын. Осы сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, 15 баспаханамен келісімшарт жасалды. Тасымалдауға 15,7 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді Майра Тұрғанбайқызы.

Жаңартылған мазмұнға сәйкес 10-сынып оқушылары «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сынды жаңа пән оқиды. Биылғы жылдың тағы бір жаңалықтарының бірі мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылды. Облыста цифрландыру қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Барлық мектептер 100% кеңжолақты интернетке қосылған.

Өткен жылы 156 жаңа модификациялы пәндік және 92 робототехника кабинеті алынды. Сонымен қатар, 9 оқушылар үйі «3D Моделдеу» және «Цифрлы лаборатория» кабинеттерімен жабдықталды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютер паркі жаңартылды. Арнайы планшеттермен қамтамасыз етілді. Шағын жинақталған 23 мектепке «BilimBook» кешендері берілді.

Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға барлығы жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, оның 82 пайызы немесе 1,4 млрд теңге жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4, 9, 10-сыныптардың оқулықтарын сатып алуға жұмсалуда (36 920 оқушыға 684 мың дана оқулық). Қалған 300 млн теңге басқа сыныптардың (1, 2, 3, 5, 6, 7 ,8-сыныптар) қажетті оқулық қорларын толықтыру үшін бағытталған. Бүгінгі күнге 15 баспаханамен келісімшарт жасалып, 30 пайыз қаржысы аударылған.

Оқулықтарды тасымалдау үшін 10 кәсіпкерлік субъектісімен 15 млн теңгеге келісімшарт жасалып, тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. 25 тамызға дейін толық жеткізілетін болады. Білім басқармасы тарапынан оқулықтардың баспадан алынуы мен тасымалдануына күнделікті мониторинг жасалуда.

1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Биылғы жылғы акция «Жүректен жүрекке!» ұранымен ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсету және олардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу.

Акцияны өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Акция барысында көмек көрсетуді жан-жақты үйлестіру мақсатында облыстық білім басқармасы және «Жомарт» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойылды. Осы бірлестіктің қоғамдық қорына облыстық басқармалардан 806 мың теңге аударылды. Бүгінгі күні акция аясында 5051 балаға 34 млн теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары алынды. Акция әлі жалғасып жатыр.

- Облыс бойынша 29 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 20985 студент оқу жылын аяқтады (16 мемлекеттік, 13 жекеменшік оқу орындары). Оның ішінде 6500 студент колледж бітіріп, дипломын алды. 835 студент маусым айында ҰБТ-ға қатысты. 2019-2020 жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен 3128 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлініп, колледждерге конкурстық негізде орналастырылды. Сонымен бірге, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы аясында жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен 1515 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді, - деді облыстың бас педагогі.

2019 жылы колледждердің білім беру жүйесін автоматтандыру үшін жергілікті бюджеттен 32,8 млн теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде, 8-і мемлекеттік қызметтен электронды түрге көшкен. Талапкерлер колледждерге түсуге тиісті құжаттарды электронды түрде тапсыруда.

Брифинг соңында біз «Халық» газетінде көтерілген «Ер педагог неге аз?», «Бастауыштан бастамасақ болмайды» деген мақалаларды негізге ала отырып, спикерге сұрақ қойып, осы тақырып туралы ойын білдік.

- Бұл – бұрыннан бар үрдіс. Бірақ, соңғы 5 жылмен салыстыратын болсақ, қазіргі таңда мектептерде ер-азаматтардың үлес салмағы көбеюде. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, тарих және математика секілді пәндерде ер педагогтер бар. ҰБТ-да оқушылардың таңдаған пәндеріне қарап, ер балалардың педагогика саласына бетбұрысы бар екеніне, саны өскеніне көз жеткіздім. Сондықтан да, бұл өзекті мәселе емес. Соңғы өзгерістерге, «Ұстаз мәртебесі» туралы Заңға байланысты ер балалардың педагогикалық мамандықтарға келетініне сенеміз, шақырамыз, - деді облыстық білім басқармасының басшысы М.Тұрғанбайқызы.

Қалай десек те, бұл тақырыпқа атүсті қарауға болмайды. Сондықтан алдағы уақытта аталмыш мәселені бас педагогтің назарына қайта салмақ ойымыз бар. Өйткені, педагогика саласына ер-азаматтарды тарту турасында жаңа бағдарлама қабылданып, бірнеше артықшылық берілуі тиіс деген пікірде екенімізді жасырмаймыз.

Рыскелді  ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары