Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
ҚОҢҚАБАЕВ пен ҚҰЛАХМЕТ – ҚЫЗЫЛОРДА БОКСЫНЫҢ КӨЗҚУАНЫШЫ
29.08.2019 10:00

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев 8-22 қыркүйек аралығында Ре­сейде өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшы­лар­дың  есімін  жариялады.

 

Олар:

1. Сәкен Бибосынов (52  келіге  дейін);

2. Қайрат Ерәлиев (57 келіге дейін);

3. Зәкір Сафиуллин (63 келіге  дейін);

4. Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін);

5. Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін);

6. Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін);

7. Василий Левит (91 келіге дейін);

8. Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден  жоғары).

Тұрсынбай ҚҰЛАХМЕТ,

боксшы:

БАППЕН  БІРГЕ  БАҚ  ТА  КЕРЕК

Қамшыбек ҚОҢҚАБАЕВ,

боксшы:

ӘЛЕМ  ЧЕМПИОНАТЫНДА  ОҢАЙ    ҚАРСЫЛАС  ЖОҚ

 

Екатеринбург төрінде ел намысын қорғайтын осы 8 спортшының екеуі Қызыл­орда облысының былғары қолғап шебері екенін айта кету керек. Қамшыбек Қоң­қабаев пен Тұрсынбай Құлахмет – Сыр бокс мектебінің түлегі. Осы орайда біз қос боксшымен  телефон  арқылы тілдесіп, әлем чемпионаты туралы аз-кем ойларын біліп, сәт-сапар тілеген едік.

Әуелі Тұрсынбаймен байланысудың сәті түсті. 75 келіде бақ сынайтын боксшыдан қазақстандық қарсыластары туралы  сұрадық.

- 75-те қазір қарсылас жігіттер көп. Рас, бәрі мықты. Бөліп-жарып айта алмаймын, - деп қысқа қайырды чемпио­н. Әлеуметтік желілерде «75 келі салмақта әлем чемпионатына баруға кім лайық?» деген сұрақ мұнан бірнеше  апта  бұрын қойыл­ған  еді.  Сонда сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі біздің Тұрсынбайдың есімін атағаны жасырын емес. «Осы жігіт соңғы кездері бабында жүр» десті ондағылар.

«Бұл салмақтың көшбасшысы Әбілхан Аманқұл болғанымен, жан­күйер қауым биылғы Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахметтің өнеріне тәнті болды. Әбілханды жеңген өзбек боксшысы Исраил Мадримовты Таиланд жерінде қуалап жүріп сабады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президент кубогын­да да қарсылас шыдатқан жоқ. Оның үстіне Әбілхан Аманқұл жара­қатынан толық айықпады. Сол үшін Тұрсынбай тағы бір мәрте өзін дәлелдеуге мүмкіндік алып отыр» деп жазды проспорт.кz сайты.

Ал, ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың «75 келіде Азия  чемпионы Тұрсынбай Құлахметке­ үміт  артамыз» деген сөзі құлаққа майдай­ жағуда.

- Оқу-жаттығу жиыны басталды. Шүкір, жақсы өтіп жатыр. Дайындық жұмыстары 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Әлем чемпионатында бұйырғанын көреміз. Баппен бірге бақ та керек ғой,- дейді  боксшының өзі.

Қазақ елімен қоса, Сыр елінің намыс­ын қорғайтын екінші спортшымыз Қамшыбек Қоңқабаев – 91 келіден жоғары салмақта сөзсіз көшбасшы. Қазірш­е, оның орнын басатын фаворит анық байқалмайды. Азия чемпионатында – күміс, Президент кубогында алтын медаль алған, бокстан ұлттық құраманың капитанынан шетелдік қарсыла­стары  туралы  сұраған  едік.

- Ештеңе айта алмаймын. Әлем чемпио­наты болған соң, оңай қарсылас деген­  жоқ. Бәрі мықты дайындықпен келеді,­ - деді ол.

Сондай-ақ, әзірге тынымсыз дайындықта екендіктерін, барлығы өз дең­гейінде жүріп жатқандығын жеткізді.

Жалпы, осымен 20-шы мәрте өткелі отырған әлем біріншілігінде 91 елден 488 боксшы бақ сынамақ. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазақстандық  былғары  қолғап  шеберлері         13 әлем біріншілігінде 11 алтын,                      12 күміс, 17 қола медальға қол жеткізген. Чемпионат тарихындағы жал­пы­командалық есепте төртінші орында тұр. Қазақстан ұлттық құрамасының алдына­  Куба,  КСРО/ Ресей  және  АҚШ  құрамасы  ғана  шыққан.

Қазақстан құрамасы үшін ең табысты­сы – Алматыда (2013 жылы) өткен әлем чемпионаты. Ол кезде біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль­ жеңіп алған еді. 2015 жылы Катард­а өткен әлем біріншілігінде ел құрамасы екі қола медальмен ғана шектелд­і. Оларды Данияр Елеусінов (69 келі) пен Иван Дычко (91 келіден жоғары)  жеңіп  алды.

Араға тағы екі жыл салып  өткен  19-шы әлем чемпионаты да біз үшін аса табысты бола қойған жоқ. Германияның Гамбург қаласын­да  Мырзағали Айтжанов шәкірттері 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды. Сөйтіп, жалпы­командалық есепте Куба мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, соңғы екі әлем бірін­шілігінде де біздің құрама Өзбекстан ұлттық құрамасынан оза алмады. «Өзбек боксшыларына есеміз кетіп жүр» дегенді­ кез келген бокссүйер қауым айтады­. Таиланд астанасы Бангкок­те өткен ХХХ Азия чемпио­натында Өзбекстаннан тағы жеңілгеніміз  бар. Онда  бізге  бұйырғаны 2 алтын,­ 2 күміс, 3 қола медаль болды. Ала шапанды ағайын­дар  4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүл­деге қол жеткізді.

Десе де, Екатеринбург төріне Азияның­ ғана емес, әлемнің үздіктері жиналады. Демек, қарсыласымыз тек өзбектер ғана емес. 2015, 2017 жыл­ғы әлем чемпионаттарында, 2017, 2019 жылғы Азия чемпио­нат­тарында, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында, 2017 жыл­ғы Азия ойындарында көршілерімізден  қалып кеткенімізді еске алуға  болады.

Қалай десек те, Қоңқабаев пен Құлахмет – Қызылорда боксының көз­қуанышы. Екі апта бұрын ғана облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының  басшысы Олжас Азатұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифин­гте әлем чемпионаттарына сырбойылық спортшыларды қатыс­тыру, дайынды­ғын қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, біз сөз еткен қызылордалық қос боксшыға үлкен сенім артып отыр­ғанын да жеткізген болатын. Лайым, сүйіншілейтін  сәтті  күтейік!

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары