Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ГҮЛ ӨСІРІП, КӨКӨНІС ЕККЕН
29.08.2019 10:25

Әлденеше ұлттың өкілдері қоныстанатын Қазалы қаласының тұр­ғындары бағбандық кә­сіпті жете меңгерген. Қала көшелеріне аяқсу үш бағыт бойынша мотор арқылы беріледі. Қала тұрғындарының бау-бақша­ егуге деген ынта-ықыластары өте жоғары деңгейде. Осынау шаруа қамын күйттеген еңбек­қор жандар жаз бойы қызанақ, қияр, сәбіз, жуа өзге де жемістер егіп, несібес­ін адал еңбегімен айырады. Жинаған өнім­дерін отбасы қажетіне жаратады. Ішім-жемнен ауысқанын сатылымға шығарып, табыс табады. Қазалы қаласынан жет­кізілген көкөністерді кентке қоса көршілес Арал, Қармақшы аудандарының базарларынан кездестіре  аласыз. Ауласында жасыл желегі жайқал­ып тұрмайтын үйлер  жоқтың  қасында.

Солардың бірі – Нұр­бек Кешубаев есімді ініміз. Кешубаевтар әуле­ті қаланың байырғы тұр­ғындары саналады. Ке­зін­де ауданға белгілі азамат атанып, ұзақ жыл іргелі мекемеде басшылық қызмет атқарған Нұрдәулет ағамыздың ұлы Нұрбектің де жеке кәсіпкер ретінде атағы көпшілікке жақсы мәлім.

«Әке көрген оқ жонар». Марқұм Нұрдәулет ағамыз да шаруаға икемі бар, бау-бақша егуді ұнататын адам болатын. Кейбіреулердей басшымын деп ірілік танытпай, бос уақытын ауласын баптауға жұмсайтын. Перзенттерінің де зер­де­сіне қасиетті жер-анаға тер төксе, еңбегінің еш кетпейтінін ұғындырды. Мұндай ұлағатты тәр­биені бойына сіңіріп өскен Нұрбек әкеден қалған қасиетті қара шаңыра­қты жайқалтып отырса, неге сүйсінбеске?! Ауладан аттағаннан кеудеңді ерекше сезім билеп, өзгеше көрініске тап боласың. Маманды­ғы құрылысшы Нұрбек­тің еңбек десе еміреніп, ізденуден жалықпайтынын  самалмен  тербелген алуан гүлдер дәлелдей түседі.

Ауладағы жылыжайды Нұрбек өз күшімен дайындапты. Қабырғасы ағаштан жасалып, кленкамен қапталған, аумағы 15 сотықты құрайтын жылы­жай қолдан көмір арқылы жылытылады. Қазалының қысы ерекше суық әрі ұзаққа созылатыны белгілі. Сондықтан жылыжайды  бір­қа­лып­ты мөлшерде жы­лы­ту оңайға соқпайды. Бір­шама тер төгіліп, қомақты қаражат жұм­салады. Жылыжайда көктемде далаға егетін гүл көшеттері  дайын­далады. Нұр­бектен мұн­да гүлдің петун­ия, бархатцы, космея,­ аталатын тағы басқа да 15 түрі өсірі­ле­тінін, тұқымын Голландиядан әлеумет­тік желі арқылы алдыратынын естігенде таңданысым арта түсті. Кетер шығыны да аз емес. Жылыжайда гүлмен қатар қияр, қызанақ, баклажан, болгар бұрышы, қырыққабат тәрізді бақша­ көкөністерінің көшеттері де әзірленеді екен. Аудан тұрғындары мен Байқоңыр қаласы, Арал ауданынан сұраныс жиі түседі. Гүлдер жауын үлгісінде бүркіп, көшеттер тамшылату тәсілімен  суғарылады.

- Маусым айында гүл таратылып болады. Аудан көлеміндегі саябақ, мекеме тағы басқа жерлерге алынады. Бір­неше жыл бұрын кәсіп­керлік  палатасы  арқылы 3,5 млн теңге несие алып, тіршілігімді жандандырдым. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен қала әкімі Рахметулла Ізтілеуге көп рақмет. Қашанда  қолдауларын сезініп тұрамын, - дейді жеке кәсіпкер Нұрбек Кешубаев.

 

Ж.АЙДАРБЕКҰЛЫ,

Қазалы  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары