Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ТӨСКЕЙДІ ТҮЛІКПЕН ТОЛТЫРҒАН
29.08.2019 10:40

Біршама уақыт бұрын дала төсінен қырқаны  жапқан  түйелердің  шоғырын кездестірген едік. Әрқайсысы кішігірім төбедей ойсылқара нәсілі көзге айбатты да ерекше көрінеді. Келені­ бастап жүрген жардай шым қара бура шаншыла қарағанда зәре-құтымыз қалмады. Тап беріп, тапап өтердей сезіндік. Бекер үрейленген екенбіз. Маң-маң басып, шөпті шал­ған күйі  ұзай берді. Жанымдағы сері­гім қарақұрым түйенің иесі Ықылас Алпыс­баев есімді жеке кәсіпкер екенін, шаруа  қожалығында төрт  түлікті  түгел өсіретінін ризашылықпен  жеткізді.

Ықыласпен тілдесудің де сәті түсті. Оның емен-жарқын дауысынан адамды­ жатырқамайтын мінезі, қал­тасына пұл, қорасына шыр бітсе, танауын­ көкке шүйіретін кейбір жандард­ан табиғаты мүлде бөлектігі аңғарылып тұрды. Ықылас – маңғаз даланың төл перзенті. Ес жиып, етек жапқаннан тір­шілігі төрт түлікпен етене болғ­андықтан шаруа жайына бес саусағындай қанық.

Бұл күндері Ықылас Жақсылықұлы жаз жайлауынан «Байсалбайдағы» қыс қыс­тауына жақындап барып, қоныстанудың қамымен жүр екен. «Көш көлікті болсынды!» айтып сөзге тарттым. Желмен жарысқан үйір-үйір жылқы, шаңырақ мүйізді сиыр табыны, отар қой, шуда­лары желкілдеген түйе келесі көз алдыма Абай атамыздың өлеңінде суреттелген өткен ғасырдағы ұлы көшті оралтты.

«Ықылас» шаруа қожалығы қазақтың ақбас асыл тұқымды сиырын өсірумен айналысады. Нақты кезеңде қожалықтың иелігінде 570 бас сиыр  бар. Алғашқыда мемлекеттен несие алып, ауқымын ұлғайт­қан шаруа қожалығы көп ұзамай қарызын жауып, таза пайдаға шықты. «Байсалбайдағы» қыстау тұрғын үй, қора-қопсы, құдық, бұлақ басқа да қажетті құралдармен жабдықталған. «Сиырдың сүті – тілінде» демекші, жем-шөп дайындауға баса мән беріледі. Жемді Орал, Қостанайдан алдырса, шөпті өздері әзірлейді. Қыстың қытымыр аязынан қысылмай шығу үшін жем-шөптің мол қоры жасақталған. Шаруа қожалығында 7 адам тұрақты жұмыс істеп, отбасының нәпақасын ажыратуда. Ұжым мүшелерінің арасында Ықыластың баласы мен келіні де бар. Яғни, отбасы болып бейнеттің рақатын татып отыр. Ықылас басқаратын осынау шаруа қожалығы асыл тұқымды­ бұқа, қашарды облыс көлеміндегі шаруа­шылықтар мен жеке тұрғындар­ға сатуды жолға қойған. Қызылордадағы «Аруана» атты шаруа қожалығының бір өзі ғана Ықыластан ақбас асыл тұқымды 100 бас қашар сатып алғанын, аталмыш ұжымның қазіргі аяқ алысы бөтен еместігін атап кетсек.

Ықылас «маған төрт жүз деген сан сәттілік әкеледі» деп әзіл-шынды жымиды­. Шынымен де солай сынды. Оның иелігінде сиырдан бөлек, 400 бас қазақтың қос өркеші айыр інгені, 400 бас қазақтың Еділбай қойы бар. Сиыр көбіне Сырдың бойын жайласа, жыл­қы­, түйе мен қой жаз мезгілінде жайлау­ға көшеді. Кәсіпкер отағасы өмірлік жары Әсемгүлмен бірге береке­ қонған шаңырақты түлетіп отыр. Бауы­рынан өрбіген төрт перзенті бар. Ар­ғын­бай­ы  өздерімен бірге тұрса, ортан­шы­ ұлы Беркінбай бөлек отау тік­кен. Бер­кінбай – атасының есімімен аталатын «Жақсылық» шаруа қожалығының жетекш­ісі. Ықылас алдағы уа­қытта жыл­қ­ы басын көбейтуді межелеуде. Талабы­ң  оң  болсын,  кәсіпкер  азамат!

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Арал  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары