Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ СЫЛАҚШЫЛАР
29.08.2019 10:50

Жақсы көретін ісіңмен айналысу да бақыт. Шабыттанасың, ерекше ләззат аласың. Табысты да молынан табасың. Құрылыс алаңынд­а сылақшы келіншек назарым­ды аударды. 37 жастағы Алтыншаш Қансахаева жолдасымен  «Пром Строй Сервис» компаниясында сылақшы болып істейді екен.

Күйеуі Бекзат Шахаровтың негізгі мамандығы –  заңгер. Кәсіби  білім алған. Бірақ алғашқы еңбек жолын  құрылыстан бастапты. Ағаларының жанында көмек­ші болып, құрылыс жұмысына төселеді. Ысылып, тәжірибе жинайды. Қазір құрылыстың  кәнігі  маманы. Жарының да осы кәсіпке келуіне кеңес беріпті. Келіншек жолдасының ұсынысына  ұзақ ойланады. Ақыры  келісімге  келеді. Аз уа­қытта Алтыншаш  Бекзаттан бар білгенін жалықпай үйренді. Сылақт­ың  қыр-сырына қанықты.

Десе де, Алтыншаштың мамандығы бар. Бастауыш сыныптың мұғалімі. Бірақ айлығы шайлы­ғына жетпепті. Нәпақасы аз бол­ғасын  базарға  шығады. Түркістаннан жеміс-жидек әкеліп сатады. Сауда – ойын сияқты алмағайып дүние. Бірде бар, бірде жоқ.

- Күйеуім Бекзатты сылақ жұмысындағы ұстазым деп санаймын. Алдымен қалақпен жұмыс істеу қиын көрінген. Қазір қолым істе кідірмейді. Айына жолда­сыммен бірге 500-600 мың теңге табыс табамыз. Еңбектің арқасында балала­ры­мыз жаңа оқу жы­лы­н­а дайын. Мектеп формасынан бастап, оқу  құ­ралдарына дейін алып бер­дік, - дейді ол.

Кәсіп иесі Алтыншаш Қансахаева жұ­мыстың ауырлығын жасырғ­ан жоқ. Бірақ жақсы  меңгерген  адам­ғ­а қиындық тудырмайтыны айқын. Алайда... Сылақ жұмысы епсіз­дікті кешірм­ейді. Қабырғада титтей­ болса да саңылау қалмау керек. Бұл талап­қа келгенде ерлі-зайыпты сылақшылар  шебер.

Құрылыстан қайтқан соң, Алтын­аш  дем  алмайды. Қайта екі білегін түріп, үй шаруасына кіріседі. Қалағын асүйдің аспаптарына айырбастайды. Дәмді тағам­ әзірлейді. Отбасының ырысын­  арттырып, балаларына аналық  шуағын  сыйлайды. Ерлі-зайыпты сылақшылар үш жылдан бері Қызылордада тұрады. Игі кәсіптің арқасында жеке баспанаға қол жеткізді. Пәтерге әрлеу жұмыстарын да өздері жасады. Алтыншаш пен Бекзат отбасын осылай қамтамасыз етіп отыр. Өзгеге жұмыс жоқ, табысымыз аз демейді. Көмек қажет еді деп қол созбайды. Адал еңбекпен, сұра­нысқа сай кәсіппен еңбек етіп келеді­. Олардың  кәсібі өзге отба­сыла­рына үлгі болуы тиіс. Оларды көріп, «жұмыс жоқ, таппай жүрмін» дейтін жандардан  ұяласың. Сүйікті кәсіптің нәсіп екенін білесің.

 

Құттыбике  САБЫРБАЙҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары