Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2490 |
![]() | Кеше | 2595 |
![]() | Осы аптада | 2490 |
![]() | Өткен аптада | 18980 |
![]() | Осы айда | 60801 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5153338 |
СОТТЫ ҚҰРМЕТТЕМЕГЕНДЕРГЕ ЖАЗА БАР |
06.09.2019 11:00 |
Қазақ билерін қашанда қадір тұтқан. «Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол!» деген мақалдың өзі бидің қоғамдағы маңызын, орнын аңғартса керек. Өзі елшінің, судья мен прокурордың, қажет жерінде адвокат пен медиатордың қызметін қатар атқарған қазақ билерінің шоқтығы әрдайым биік. Бүгінгі судьялар – сол дала даналарының қызметін жалғаушы, ізінен еруші. Тура төреліктің кепілі болған судьялардың беделі, мемлекеттегі орны баяғы билерден бір мысқал да кем емес. Өйткені, судья сөзі әділдік сөзінің синонимі іспеттес. Қоғам ілгерілеген сайын судьяларға қойылатын талап та жоғарылап келеді. Бұл – құқықтық мемлекетке, өркениетті елге тән заңдылық. Өйткені, дамыған елдердің бәрі сотты «тірі заң» деп бағалайды. Біздің елде де солай. Ақ пен қараны таразылап, әділдіктің салтанат құруына себепші болатын судьяның өз жұмысын атқаруына мүмкіндік бермей, сот процесінде тәртіп бұзып, ортақ міндетке бағынбайтындарға заңдық тұрғыдан арнайы жауапкершілік көзделген. Ең қарапайым мысал – сот отырысының өтетіні туралы хабарламаны алып, процеске себепсіз келмеу. Бұл судьяны ғана сыйламау емес, бүкіл құрылымның қызметін бағаламау. Өйткені, әрбір істе екі тарап пен судья қатыспайды. Даудың түп-төркінін біліп, тура төрелік айту үшін процесті ұйымдастыру да оңай емес. Бұл жұмысқа сот приставынан бастап, қаншама кеңсе маманы тер төгеді. Одан бөлек, процеске мемлекеттік айыптаушы, екі тараптың қорғаушысы да қатысады. Әділдік орнауы үшін куәгерлердің процеске келетініні де жауаптылықтың, сотты сыйлаудың көрінісі. Яғни, үкім бір судья еңбегінің жемісі емес, ол – ұжымдық жұмыстың нәтижесі. Осыны біле тұра сот процесіне себепсіз келмеу – жұмысты тежеу деген сөз. Мұның артында сот жұмысын елемеу, судья қызметіне атүсті қарау секілді немкетті психология жатыр. Әрине, сот отырысына себепсіз келмесе әңгіме басқа. Ал жоқтан өзгені сылтауратып жауаптылықтан жалтарғандардың мәселесін жылы жауып қоюға болмайды. Бұл сот процесіне қатысушыларда «сот шақыртуына келмеуге болады екен» деген қиыс ойдың қалыптасуына алып келеді. Сонымен бірге, жазасыздық жаңа заңбұзушылықтың жалғасуына себеп болуы мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабында көрсетілгендей, сот процесіне қатысушылар сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, сонымен қатар, сот отырысына төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, сотта белгіленген ішкі тәртіпті бұзып, процестің өтуіне кедергі келтірген кезде алдымен ескерту жасалып, болмаса 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады. Алайда ескертуден ес жиып, айыппұлдан сабақ алмайтындар да кездеседі. Осыған орай, аталмыш баптың екінші бөлігіне сай сотты сыйламау әрекетін қайталап жасағандарға жаза ауырлай түседі. Яғни, қателігін жыл ішінде қайталағандар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеп не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады. Мұндай жауаптылық не үшін керек? Қазір тәжірибеден көріп отырғанымыздай азаматтардың ақылға салып сөз сөйлеуден гөрі, эмоция жетегімен кететін кезі көп. Тек өзінікін дұрыс дейтіндер сот отырысында да өзі ғана сөйлеп, басқа тарапқа көңіл бөлінбеуін қалайды. Ал, сот екі тарапты тең тыңдап, ақ пен қараны айыруы тиіс. Сондай сәтте судьяның жұмысына кедергі жасап, кейде тіпті лайықсыз сөз сөйлейтіндерге тыйым салып, тәртіпке шақырмаса шектен шығуды тоқтату қиын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 410-бабына сәйкес, сот талқылауына қатысушыларды қорлап, балағаттап, сотты құрметтемегендерге 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту көзделген. Бұл баптың ең жоғары жазасы – 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу. Ал, осы баптың екінші бөлігіне сай судьяны немесе алқабиді қорлаудан көрінген әрекет үшін тәртіп бұзушыға берілетін жаза да ауыр. Мұндай заңбұзушылыққа барғандар 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалап не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатыны бекітілген. Заң бар. Бірақ, осыны кейбір азаматтар түсінбей, тәртіп бұзғандарын білмей жатады. Ал заңды білмеу – жауаптылықтан құтқармайды. Бибайым НАЛИБАЕВА, Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі |