Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІР РЕТТІК СТИПЕНДИЯСЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
11.09.2019 09:25

Кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аймақ журналистерінің қоғамдық ой-пікір қалыптастырудағы жауапкершілігі жайлы айтылып, тілшілер өңір басшысына бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Ағымдағы жылы маусымда Үкіметпен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Кешенді жоспар қазіргі таңда тиісті сала мамандарымен жүзеге асырылуда.Қызылорда облысы соңғы жылдары республикада жетекші салалардың бәрінде дерлік алдыңғы орындардан көрініп келеді. Атқарылған қызметтер мен өңірдің тыныс-тіршілігін дер кезінде халыққа жеткізу БАҚ өкілдерінің негізгі миссиясы болып табылады.

Айта кетейік, бұл кездесу облыс әкімдігі тарапынынан ұйымдастырылып отыр.

Облыс әкімі заманның цифрлық даму кезеңінде жылдам әрі сапалы және шынайы ақпарат тарату қиын екенін, бірақ, соған қарамастан Сыр журналистері әрқашан кәсібиліктерін көрсетіп келе жатқандықтарын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, «Қазіргі заманда мәселенің анығына жетпей сенсация қуатын журналистер жоқ емес. Мақаланың мазмұнын емес, жеке бастың имиджін бірінші қоятындар көбейген. Қазақта «айтылған сөз – атылған оқ» деген қанатты сөз бар. Сол сияқты түпкілікті зерттелмеген шикі ақпаратты халыққа жариялаудың артында не тұрғанын -здеріңіз сынды аға буын жастарға түсіндіріп жол көрсетіп отырғаны дұрыс деп есептеймін»,-деді аймақ басшысы.

Жиын барысында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев, «Qyzylorda» телеарнасының директорының міндетін атқарушы А.Қасымова, республикалық «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Р.Тәжібаева пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Нұрмахановоблыс әкімі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру кеңесін құру туралы, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі, жас журналист Б.Ордабеков жас журналистерді қолдау мақсатында облыс әкімінің бір жолғы стипендиясын ұйымдастыру жайлы өз ұсыныстарын айтты.

Аймақ басшысы «Жастар, оның ішінде Сыр жастары қашанда белсенділігімен, тапқырлығымен, ойшылдығымен алда болуы керек. Әрине ол үшін алдындағы аға буынның қолдауы міндетті түрде қажет»,-  дей келе, осы бағытта жоба әзірлеуді тиісті сала басшыларына тапсырды. Сонымен қатар, еңбек жолдарына сәтті қадам тіледі.

Қуанышбек Досмайылұлы «Біз сыннан қашпаймыз! Бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз! Еңбастысы, жарияланған материал қоғамда арандатушылық туғызбауы қажет»,-деп қорытындылады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары