Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ АЛАР АСУЫ МОЛ
12.09.2019 10:15

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ИГІЛІГІ  КӨП

Қызылорда об­лысының даму ба­ғытының  алғашқы сатысы­ аграрлық шаруа­шылыққа тікелей­  байланысты. Өйткені  біздің ай­мақ  аграрлық-индус­триялық өңір мәр­те­бесіне ие. Еліміздегі 90 пайыз күріш өн­діру бағытында  жүйе­лі жұмыс істеп, толағай табысқа жетіп отырған аймақ  ретін­де де мақтанатын ретіміз бар. Соңғы жылдардағы көрсет­кішке  орай мұнай-газ  секторы өңір эконо­микасының  негіз­гі  саласы болып табылады. Өнер­кәсіп өндірісінің 82,7%-ы астам мөл­шері тау-кен  өнер­кәсібіне тиесілі­, мұн­да шикі мұнай  мен  табиғи газ өндіру үлесі басым (87,6%).

Өнеркәсіп өндірісі құрылы­мындағы  өңдеу  өнер­кәсібінің үлесі  аз,  бар  болғаны 12,6%.  Айта  кетейік, 2018 жылы 930,4 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өн­дірілген. Өнім көле­мінің жылдан-жылға төмендеуінің де өзіндік себебі жоқ емес. Кейбір мұнай кен орындарындағы қабаттық қысымның төмендеуі салдарынан 90%-ы сулануына әкеп тіреп тұр. Дегенмен, облыста өңдеу өнеркәсібін дамытудың зор әлеуеті бар. Облыс аумағы көмірсутекті шикізат, түсті металд­ар (мыс, мырыш, қор­ғасын және алтын), қара металдар (темір, титан және ванадий), уран, кварц және құрылыс құмдары, әк тас қорларына бай. Сонымен қатар, жоғары экспорттық әлеуеті бар мал шаруашылығын, оның ішінде ет бағытындағы мал шаруашылығын перспективалы дамыту, балық шаруашылығы және балық өңдеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекет тарапы­нан агроөнеркәсіп кешенін­  тұрақты  қолдау, оның ішінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістер құруда  елеулі  нәтиже  бар.

Жүргізілген қажетті зерт­теулердің нәтижесінде екі негізгі категория бойынша дамуд­ың екі секторы анық­тал­ған. Алғашқысы, ішкі нарықты толықтыру, екіншісі экспортқа бағдарланған өнім өндірісін кеңейту үшін агроөнеркәсіптік кешен секторын дамыту. Сонымен қатар, өңірдің табиғи климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай, аграрлық саланы дамытудың 9 басым бағыты айқындалған. Олар: ет және сүт мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, зәкірлік кооперацияны қайта өңдеу және дамыту, балық шаруа­шылығы, агроөнер­кәсіп­тік кешен өнімдерін өткізу, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру. Аталған барлық бағыттарды жүзеге асыру­ мақсатында кластерлік негізде өндірістік процестерді басқаруға цифрлық техноло­гияларды ендіру қажеттілігі бар. Бұдан бөлек, агроөнер­кәсіптік кешен өнімдерін дамы­тудың өңірлік бағдарламасы  аясында 148 жобаны іске асыру жоспарда бар. Осы ретте облыста сүт, ет, жұмыртқа, құс еті, картоп, ұн тарту өнімдері мен жылыжай көкөністерін өндіруді жетілдіру қолға алынуда. Қазіргі уақытта Арал қаласында ұн өндірісі қалпына келтірілді, Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде, Қызыл­орда қаласында ет комбинаты мен жылыжай салынуда, көп­жылдық жеміс екпелері бар алаңдар кеңейтіліп, Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында жұмыртқа өндірісі дамытылуда.

ЖАҢА   ЖОБАЛАР  ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Өңірде су қоймаларын салу және суармалы суды тиімді пайдалану бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылмақшы. Олардың қатарында иррига­циялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жоба­ларды іске асыру арқылы суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеу жобасы бар. Және жерасты көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдіс­терін қолдану, коллекторлық суларды қайта пайдалану есебі­нен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткізуге қауқар жеткілікті. Нәтижесінде біз аграрлық сектор­дағы өндіріс көлемін 79 млрд теңгеге ұлғайта отырып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүм­кіндік аламыз. Суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы және азықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін ғалымдардың иннова­циялық әзірлемелерін, яғни аквасорбенттер мен аквагельдер  пайдаланылады.

- Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды саласы, дамудың жаңа мүмкіндіктерінің бірі – шикізат және азық-түліктік емес аграрлық өнімдер өнді­рісі. Мәселен, ет-сүйек және балық ұнының өндірісі аймақтағы мал және балық өсірушілерді сапалы қоспалармен қамтам­асыз етіп ғана қоймай, оларға  тауарларын  Қытай  мен Еуропаға экспорттау арқылы пайда табуға мүмкіндік береді. Тері өндірісін дамыту бойынша да жаңа мүмкіндігі қарас­тырылуда. Жыл сайын облыс бо­йынша 65 мың ірі қара малдың терісі, 131 мың ұсақ қара малдың терісі және 800 тонна­ға жуық қой терісі, 40 тонна ешкі және 100 тонна түйе жүні сатып алынады, - деген еді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов  облыстық мәсли­хат­тың  кезекті  сессиясында.

Жалпы, аймақтағы индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында өңірімізде құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асыры­лып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні оның 18-і өнім  өндіруде. Нәтижесі­нде өнеркәсіп өніміндегі өңдеуші өнер­кәсіп­тің үлесі 2018 жылы 12,6 па­йыз­ға жетті. Сонымен қатар, шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы 3 жылда 3 есеге өсті. Екінші бесжылдық ая­сында 28 жобаның 7-еуі іске қосылды, жыл соңына дейін 4 жобаны іске қосу жоспар­лануда. Олар: шыны, кірпіш, балық өңдеу және құрама жем зауыты. Ал қалған жобалар үшінші бесжылдыққа өтпелі қалыпта тұр.

 

ИМПОРТ   АЗАЯДЫ

Сондай-ақ, еңбек өнім­ділі­гін  арттыру  мақсатында  облыс  көлемінде мұнай-газ және уран саласындағы бірқатар кәсіпорындар «казгермұнай», «Байкен-U», «СНПС Айдан Мұнай»  және «СКЗ-U» серіктестіктері  цифрлық технология енгізу жұмыстарын жүр­гізуде. Атап айтқанда, тампонажды цемент зауыты толықтай цифрландыруға көшкен, «Қазгермұнай» серіктестігі 2019 жылдың соңына дейін «Интеллектуалды кеніш» тех­но­логиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, мұнай өндіру көлемі 1-2 пайызға дейін артады, операциялық шығыстар – 10 пайызға азайып­, басқару шешімдері тиімділігі 20 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Ағымдағы  жылдың алғаш­қы жартыжылдық қорытын­дысымен өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі жан басына­  шаққанда  4 мың    АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің  өсуіне  және жаңа  өндірістердің  ашылуына­ сеп­тігін тигізеді. Осы ретте, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы құрал­дарын кеңінен қолданып, импорт­ты 2025 жылға дейін 37%-ға  азайтуға  жұмыс  жа­салмақ.

 

КӨЛІК  МАГИСТРАЛІНІҢ МҮМКІНДІГІ  МОЛ

Өңір біршама көліктік әлеует­ке ие. Өңірдің көліктік инфрақұрылымы жоғары деңгей­де шоғырланумен ерекшеленеді. Негізгі автомобиль, теміржол  және  су жолдары бір-бірімен іргелес орналасып барлық  аудан  орталықтарынан және  облыс орталығынан өтеді. Осылайша 85% елді мекен­ орналасқан көлік магис­тралі  қалыптасқан.

Өткен жыл қорытындысымен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы  аясында 17 жоба жүзеге  асырылды.  Биыл  5098,8 млн теңге қаржыға 30 жобаны жүзеге асырып, 100 шақырым жол желісін жөндеу жоспарда тұр. Бүгінде облыс аумағындағы 212 елді мекенді аудан және облыс орталы­ғымен бұқараны байланыстыратын 211 автобус ұйымдастырылған. Облыс орталығынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркіс­тан, Сарыағаш, Ақтөбе және басқа да қалаларға 12 маршрут бар. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жол­дары мен елді мекен көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге бөлініп, 192 шақырым жолдар және көпірлер жөндеу­ден өтеді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде 71-і – ауданаралық (қалааралық), 109-ы – аудандық (кентішілік), 31-і – қалаішілік және қала маңындағы маршруттар. Облыс орталығынан өзге облыс, қалаларға қатынайтын көліктерді тағы қосыңыз. Осы облыстық марш­руттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1468 дана автобуспен (116-сы – облыс­аралық, 283-і – аудан­аралық, 334-і – ауданішілік, 735-і – қала және қала маңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде. Жыл басынан бергі мәлімет бойынша 180,2 млн жолаушы тасымалданып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға артып отыр.

 

ҮДЕМЕЛІ    ЖАҢҒЫРТУ ҮРДІСІ   ҚАРҚЫНДЫ

Қызылордада соңғы 5-6 жылдың өзінде-ақ 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жылу энергиясы көздеріне белгілі бір жүктеме алып келеді. Қолданыстағы Қызылорда жылу энергия орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, яғни 50 жылдан астам уақыт пайдаланылуда, соның салдарынан жабдықтардың тең жартысы тозып тұр. Осы себепті жақын арада облыс орталығының 700-ге жуық көпқабатты үйдің жылу мәселесін шешу керек. Қазіргі таңда қуатты көп тұтыну­  кезінде «ЖЭО» қызмет көрсету аймағындағы жылу тапшылығы 100 ГКал/сағатты құрайды. Бұл өз кезегінде беріле­тін жылудың сыртқы ауаның температуралық кес­тесіне сәйкес келмеуіне әкеледі. Бұл мәселені қолданыстағы энергия көзін рекон­струк­циялау және кеңейту арқылы ғана  шешуге  болады.

Үдемелі жаңғырту және әлеуетті инвесторлар үшін тар­тымд­ылықты арттыру мақсатында 119 ұйымдастырушылық және іске асырылатын іс-шарадан тұратын Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жыл­дарға арналған кешенді жос­пары әзірленгенінен көпшілік хабардар. Кешенді жоспардан көптеген нәтиже күтіледі. Облыс­тың жалпы өнеркәсіп өндірісі 2023 жылға қарай номинал­ды мәнде 2 062 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп болжануда. Оның құрылымында 2023 жылы тау-кен өнер­кәсібі­нің басым үлесі сақталатын бола­ды. Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылы­ғы, көлік  және  байланыс үле­сі­не­  басымдық беріледі.

Денсаулық сақтау сала­сында да заманауи көпбейінді аурухана, аудандық емхана және перзентхана бөлімшесін салу білікті және мамандан­дырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арт­тыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға, бала туудың ұлғаюы­н және өлім-жітімнің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2030 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 73,9 жылға артады.

Алдағы уақытта пилоттық жобалар шеңберінде Қызыл­орда облысының базасында аз қамтылған азаматтар әлеумет­тік сүйемелдеуге мұқтаж бол­ған жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың  ведомствоаралық  өзара  іс-қимылының  егжей-тегжейлі регламенттері мен алгоритмдері әзірленетін болады. Атаулы­ әлеуметтік көмек көр­сету кезінде, өмірде қиын жағдайд­а жүрген адамдарға арнай­ы  әлеуметтік қызметтерді енгізу жөніндегі үлгі көмек көрсету мерзімдерімен әзірленеді. Осы іс-шаралар кешені­н іске асыру өңірдің дамуы­на сапалы жаңа серпін сыйлап, 10 000-ға жуық жаңа жұмыс  орнын  ашуға  мүмкін­дік  береді.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары