Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
МЕХАНИЗАТОР ЗАКАРИЯ
12.09.2019 10:25

Механизатор – қашанда мәртебесі биік мамандықтардың бірі. Осы мамандыққа  саналы өмірін арнап, ел құрметіне бөленгендер де жетерлік. Алысқа бармай-ақ, елімізде Кеңес Үкіметі дәуірлеп тұрған жылдары мезанизатор болып еңбек етіп, есімдері күллі КСРО-ға танылған Еңбек Ерлері – Камшат Дөненбаева, Жадыра Таспанбетова, сонымен бірге қармақшылық «Мерьесев» Қасымтай Ізтілеуов пен ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері дүроңғарлық Бибігүл Әбішевалар өздері еңбек еткен жылдары аталмыш мамандықтың қыр-сырын терең меңгеріп, ел мәртебесін әлемге танытқаны рас.

Ал, бүгінде сол аға буын өкілдерінің мерейін тасытқан осы мамандықтың жастар арасында қадірі қаншалықты құрметті? Расын­да да, кезінде аға-апаларымыз тізгіндеп, ел әлеуетінің өсіп-өркендеуіне, оның ішінде ауылшаруашылығының дамуына орасан­ үлес қосқан мамандық иелерінің ізбасарлары қазір тек ауылда ғана екенін білеміз. Сондай талапты жастардың бірі – көпұлттың басын біріктіріп, берекесі тасыған ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Закария Арифов.

Ауылдағы мектепті тамамдай сала ата-анасының қолдауымен әкесі, есімі елге танымал ауылшаруашылығының майталманы Милияр Арифов басқаратын «Достық Жер МК» шаруашылығының №1 егіс бригадасына механизатор болып, еңбекке араласқан Закарияның тракторшы мамандығын меңгергеніне биыл 21 жыл болыпты. Жас маман алғашқы жылдары «МТЗ-80» трактор руліне­ отырып, бригададағы аға буын әріптестерінен механизаторлық мамандықтың қыр-сырын меңгерсе, кейін келе жатка және комбайндарды да тізгіндеп, егін жинау науқанында жақсы көрсеткіш­терге қол жеткізе бастады. Өз қатарластары арасында ұйымдастыр­ылған жарыстарда үздіктер көшінен көріне бастаған жас тракторшы кейіннен шаруашылықтың озат тракторшылары  сапасынан орын алды. Иә, «Еңбек түбі – береке» дегендей, бүгінде Закария Милиярұлы – өзі еңбек ететін №1 егіс бригадасының ғана емес, шаруашылықтың үздік механизаторларының бірі. Ол – бір­неше­ рет өз саласы бойынша үздіктер көшін бастап, түрлі марапаттарға ие болып, замандастары арасында мәртебелі атақты иеленіп жүрген майталман маман.

- Менің өз замандастарым сияқты жоғары білім алуға үлкен мүмкіндігім болды. Алайда, тракторшы мамандығына бала жасымнан жақын болып өскендіктен, мектепті бітіре сала марқұм әкемнің рұқсатымен шаруашылыққа жұмысшы, кейіннен трактор мамандығын меңгеріп, осы саланың маманы ретінде механизаторлық мамандыққа ауыстым. Міне, содан бері қыста трактор, көктем-күздерде жатка-комбайн рулдерін тізгіндеп келемін. Кімде-кім өзінің сүйіп таңдаған жары сияқты мамандығын да дұрыс таңдай білсе, оның жолы әрқашан­ ашық әрі жеңіл болады. Аллаға шүкір, осы мамандықпен өмірімді жалғастырып келемін. Көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Өткен жылы 1100 гектар егістік алқаптың күрішін орып, аудан чемпионы атандым. Жоғары­да айтқанымдай, жар сүйіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған жайым бар. Менің мамандығым – менің мақтанышым. Бүгінде өзімнен кейінгі жастар арасында осы құрметті мамандықты игергісі келетіндер жетерлік. Әрине, кезінде аға әріптестерімнен алған тәжірибемді, өзімнен кейінгі үзеңгілес інілеріме үйретудемін. Бұл – біз үшін аға буын өкілдері аманаттаған ұлы үрдіс» дейді темір тұлпарды тізгіндеген Закария Арифов.

Нұрбай   ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары