Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
КӨЗДЕП ЖҮРІП КӨЗДЕГЕНІНЕ ЖЕТКЕН
12.09.2019 10:35

Кейде ауыз толтырып айтқан сөзіңмен нақты ойыңды жеткізу қиын. Ал бір ғана сурет арқылы оқырманға ой тастау қиынның қиыны. Осы кезде қолдағы құралымен көргенін суретке түсіріп, әдемі фото­с­уреттің астарына терең мағына­ жасыр­а алған фототілшілерге қайран қаласың. Жазушыға берілген әдемі сөз саптауы, ақынға берілген үйле­сімді ұйқасы секілді, бұл да фототілшілердің бойына дарыған қасиет пен талант.

Қызылорда өңірінде де талантты фототілшілер бар. Солардың бірі – суретке түсіргенді жан тәнімен сүйе­тін Болат Омарәлиев. Өмірін осы кәсіпке арнаған кейіпкеріміздің еңбектері кеңес үкіметі кезінде «Известия», «Советс­кое фото» атты газет-журналдарында жарық көрген. Шығармашылығы арқылы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдас­тырған фотобайқаулардың лауреаты атан­ған. Еңбек жолында тіпті Ресей, Укра­ина мен Польша елдерінде фоток­өрмелерін өткізіп, 20-дан астам­ кітапқа еңбектері енгізілген және мұрағатында заманындағы барлық­ дерлік таланттылардың суретте­рі жиналған екен. Бұл күндері  зейнет жасына  жеткен Болат­ Шамаұлы суретке түсіріп жүрмегенімен, 2000-нан астам сурет­тен тұратын мұра­ғатымен жұмыс  істеп  жатыр  екен.

Бұл күндері фототілші әлеумет­тік желіде жаңа оқырмандарын тауып­, олардың ризашылығына бөленіп жүр. Фототілшінің «Соғыс жесірлері» атты сериялы суреттері талай жанға ой салып, жүрек тебіренткен. Міне, бұл сурет те «Соғыс жесірлерінің» құрамына еніп, «Мәңгі жоқтау» (суретте) деген атауға ие бол­ған. Дәл осы сурет кейіпкердің өнердегі жолын ашқан. 1983 жылы Мәскеу мен Алматы қалаларында өткен көрмеде көрермен назарына ұсынылған. Тіпті  Мәскеуден  шығатын «Известия» газетінің атақты­ тілшісі Эд. Поляновский «Ночь коротка, спят  облака»  атауымен кең көлемде мақтаулы мақала  жазыпты.

Сұрапыл соғыс әр жанның қабырғасын қайыс­тырып, көңіліне қаяу салғаны рас. Қара аспаннан қарша бораған оқ пен бомбалардың ортасында шайқасу, көзсіз оқ пен тілсіз өртке оранған майдан­ға жақынын жіберу ешкімге оңай болмад­ы. Ауылда қалған ата-анасы мен ізбасарларына берген сертінде тұра алмай, қара жерді жастанған­дары қаншама?! Арқа сүйер жұбайы, бауырындағы баласы майданнан оралмай, қайғы жұтқан әйелдердің көз жасы көл болып қала берді. Жақын­ының жанында енді жоқтығына сене алмай, босағадан көз алмай­ күткендері бар. Сұрапыл соғыс­тан аман-есен оралғанымен, жанына жазылмас қаяу түскен жан­дар­ жазылмас көңіл дертіне шал­дықты. Жыл сайын мәңгі алауға батырлардың құрметіне гүл шоғын қойып, сұрапыл соғыстың арқасында мәңгілік сапарға аттанғандарды еске алу оңай емес. Отанның азаттығы үшін, шаңырақ тыныштығы үшін қасық қаны қалғанша жауға қарсы күрескен майдангерлер есімі ешқашан ұмыт қалмақ емес. Бейбіт күннің аясында еш алаңсыз  өмір сүріп жатқан батырлардың ұрпағы оларға тағзым етіп, мәңгі жоқтауға міндеттіміз. Міне, осы жанай­қай­дың бәрін автор бір сәттік суреттің астарына жасырған. Түсін­ген жанды сан мәрте тебіренткен сурет­тің  мән-мағынасы  осындай.

Өз ісінің нағыз шебері екендігін дәлелдеген Болат Омарәлиевтің еңбектерін көре отырып, талай жан сурет тұңғиығына батып, ой әлемінде жүзері айдан анық. Тек сапалы жұмыстарын ғана іріктеп алып, жарық­қа шығаратын автор әркез көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп  жүрері жасырын емес. Күллі ғұмырын фотоаппаратымен көздеп жүріп көздегеніне жеткен кейіпк­ердің  еңбектері  осындай.

Аслан   ЖАЙҚОНСҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары