Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АҚЫНДАР ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОЛҒАНДЫ
12.09.2019 10:45

Тіл үшін күрес – мерекеде, әкімшіліктің ішінде не мәдениет үйінде ғана емес, әр адамда күнделікті жүріп жатуы керек процесс. Ана тілдің тағдырына алаңдайтын адам көп болса, онда оның өміршеңдігіне алаңдамау қалыпты құбылыс секілді. Ана тілің – анаң. Ендеше, онсыз күн кешу қиын әрі қасірет. Әрине, ұғына білгенге. Бір жақсысы, ақын деген халық бұл жолда жаңылмай келеді. Өйткені, қанмен келген қасиетте қасіретке ұрындырмайтын  ұлылық  бар.

Жалпы, тіл тақырыбында толғанбаған ақын аз. Өткен аптада сырбойылық ақындар да бір арқаланып қалды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүре­гім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Облыс аудандары мен қала аумағынан барлығы 10 ақын қатысқан жыр додасына ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Толы­бай Абылаев, ақын-сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Ділдәхан Торғаева, айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтар қазылық жасады. Ақындар тіл тақырыбында және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіт пен Қармақшы ауданынан қатысқан Ай­бану Қалиева өзара бөлісті. Аралдық ақын Айдар Сайлауов және қызылордалық Ғабит  Кәдірбай ІІ орынды місе тұтты. Ал І орын Жала­ғаш ауданынан келген Жасұ­лан Серікке табыс­талса, бас жүлде қызыл­ордалық Ұлықбек Бек­ұзақұлына бұйырды. Қал­ған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

- Бүгінгі мүшәйраға қа­тысқан қыз-жігіттердің аяқалысы жаман емес. Әттеген-айы, сөзді дұрыс қолданбау, өлеңдегі шұба­лаңқылық  байқалады. Негі­зі, 10 шумаққа енген ойды 2 шумаққа сыйғызуға болады. Ол да – мықтылық. Осы ақындардың 1-2-еуі қазақ поэзи­ясына аяқ басса, бұл да біз үшін – үлкен  жетістік, - деді Толыбай ақын сахна төрінде.

- Талай жыр мүшәйраларына қатысып жүрміз, бірақ, бүгінгісі өзгерек деп айта аламын. Ақындар аламанда ана тілдің абыройын асқақтатып, қарашаға қара өлеңнің қадір-қасиетін барынш­а танытты. Аудиторияның басым бөлігі студенттер мен жастар болды. Олардың ақындарға деген ықыласы анық білініп тұрды. Сөз сайысын ұйымдастырушыларға алғыс ай­туым­ыз керек. Сөз құ­нын, өлең құнын ұғынатындар көбейе  берсін! - дейді ақын Ұлықбек  Бекұзақұлы.

Қазылар өз кезегінде ақындардың қарымы мық­ты­ болғанын, барлығы дең­гей­лес екенін айтты.

«Тыңдаушы айтушыдан күшті болсын» дейді емес пе? Мүшәйраға келіп қас қақпай тыңдап отыруларыңыз  сахнадағы  ақындардың емес, залдағы сіздер­дің жеңі­стеріңіз!» деп көрермендердің бағасын асыра сөйлеген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов сөз додасындағы өлеңдердің деңгейі жақсы екенін, Сыр бойынан мықты  ақын шық­пауы­ мүмкін емес жағдай екенін айта кетті.

Байқағанымыз, ақындар өз өлеңдерін арқаланып оқыды. Патриоттық жырлардың олай оқылуы заңдылық та еді. Қуан­ғанымыз, қатысушылардың өлеңдегі ой-өрісінің кеңді­гі, тіл тағдырын жырлай алуы, оған  бейжай қарамауы  болды.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары