Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
ЕГІНДІ ӨСІРУ – АСУ, ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – МӘРЕ
12.09.2019 10:55

Халық аузындағы «Жер жомарт­, жерге сенген ел жомарт­, еңбек еткен ер жомарт­» деген сөз сірә халық несібесінің ортаймайтынын білдірсе керек. Ерте көктемнен бастап еңбектеніп, ала жаздай алқаптың басында болатын Сыр диқаншылары күрішке орақ салуда. Даңқты күрішші Ыбырай Жақаевтың «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана, ысырапсыз жинап алу – мәре» деген екен. Бұл ретте қызыл­ордалық егіншілер ауа райының  ыстығы мен су тапшы­лығына қарамастан өнімнің өнімділігін сақтай отырып, орақ маусымына жеткізуінің өзі – ерлік. Еңбектің даңқын асырған егінші жұрт бүгінгі заман­ талабына сай мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғары­  белестерді мойындатудың үлгісін көрсетіп, өңірдің дара дақылы – күріштің әр гектар­ынан 50 центнерден жоғары­  өнім  алуда.

Қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ж.Махам­бетов ауылының диқан­шы­лары еселі еңбегінің несі­бесіне қол жеткізді. Орақтың басын күріш алқабына салу үшін «Дала күні – 2019» шарасына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ауыл және кент әкімдері, шаруашылық бас­шылары мен ақсақалдар қа­тысты. Жергілікті диқандардың даңғайыр еңбегін бағалап, егіннің бітік шығуына зор үлес қосқан шаруаларға ізгі ілти­патын білдірген қала әкімі жинал­ған көпшілікті тоқшылық  тойымен құттықтады.

– Ауыл шаруашылығы – аймақ экономикасын қалып­тастырудың  басым  бағытының бірі. Бұл мақсатта агроөнер­кәсіп кешенін дамытудың арнай­ы бағдарламасы бекі­тілді. Сыр жұртшылығы агробизнесті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуда орасан зор үлес қосып, көш бастап келеді. Бүгін  де  Ақсуат ауылындағы ақ алтындай тербелген егіс дала­сында алғашқы орақ салу сәтіне куә болып отырмыз. Соңғы жылдары астық өндіру бағытында қала диқандары айтарл­ықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Биыл 8421 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ең негізгісі – күріш дақылы 4011 гектарды құрайды. Әрбір толағай табыс ауыл еңбеккерлерінің ынтымағы мен бірлі­гі­нің, еңбек даласында көрсеткен үлкен қажырлықтың жемі­сі, - деді қала әкімі.

Ағымдағы жылы ауыл шаруа­шылығы  дақылдарының нақты егісі 8421 гектарды құрады. Оның ішінде бидайдың жаздық және күздік түрі, арпа, сұлы, соя, рапс, сорго, мақсары, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, картоп, көкөніс, және бақша өнімдері бар. Негізгі дақыл­ саналатын күріш тұқымы 4011 гектарға тасталды. Қала бойынша ораққа түсетін егістік шығымдылығының 70 пайызына жақсы, 25 пайызына  орташа, 5 пайызына қана­ғаттанарлық деген баға беріп отыр  сарапшылар.

– Ақсуат ауылдық округіне қарасты күріш алқабының 300 гектарына күріштің «Ақ­маржан» және «Янтарь» сортын ектік. Аталған сорттар өңірдің климаттық жағдайы мен суармалы егіншілікке бейімде­лген. Оның әр гек­та­ры­нан 55 центнерден өнім жиналады деген жоспар бар. Егін жинау жұмысына әзір тұрған жаңа техникалар жеткілікті. Биылғы жылы ауа райының қолайлы және су тапшылығының  болмауы да үлкен септігін тигізді. Сол себепті сапалы әрі мол өнім жинауға толық мүмкіндік бар, - дейді «Ақме­шіт-Агро» ЖШС басшысы Ермек­  Ералиев.

Аймақтың әлеуметтік-эконо­микалық әлеуетін қам­тамасыз етіп отырған Сыр салысы­ның өзге дақылдарға қарағанда орны бөлек. Жыл сайын халықты астықпен қамтама­сыз етіп отырған Сыр өңірінің ауылшаруашылығы бағытындағы шаруашылық­тары Жер-Ананың берген несіб­есінен құр қалмайды. Егістік басындағы өнімді жинау­ үшін 795 тонна дизель отыны, 159 тонна автобензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етілген. Қажетті дизель отынын мұнай өңдеу зауыты­нан арзан бағамен қалаға жеткізуші операторлар болып белгіленген «РК Мұнай» және «Нефтьтранс-Қызыл­орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері литрін 178 теңгеден  босатуда.

Айта кетейік, қала бо­йынша­ картоп, көкөніс, және бақша дақылдарын жинау жұмыстары басталды. Бүгінде картоптың әр гектарынан  122, көкөністен 125, бақшадан 129 центнерден өнім жиналуда. Дала жұмыс­тары жалға­сады. Өткен жылы егілген күріш дақылынан 50 центнерден өнім жиналды, биыл да 55-60 центнерден төмен болмайды деп күтілуде. Айтпақшы, егін жинау нау­қа­нына 23 дана жатка, 25 комбайн, 68 трактор, 19 трактор тір­кемелері мен 2 дана жүк көлік­тері  дайын  тұр.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары