Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1566 |
![]() | Кеше | 2779 |
![]() | Осы аптада | 13236 |
![]() | Өткен аптада | 18090 |
![]() | Осы айда | 15666 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4196756 |
-
05.12.19
Толығырақ...
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
... -
05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
Толығырақ...Арнайы бетіміздің тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен сұхбаттасудың сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәтижесінде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, болмысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...
- 05.12.19
Толығырақ...Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымша, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...
- 05.12.19
ТҮТІНІ – ТҮЗУ, ТІРЛІГІ – ҚЫЗУ |
12.09.2019 11:30 |
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.
Жақында ғана аталған ауданға басшылық еткен Ғанибек Қонысбекұлы өз еркімен қызметінен кетіп, орнына Руслан Рүстемов барды. Бұрынғы аудан әкімі Сырдарияны аттай алты жарым жылдай басқарды. Содан бері талай ауыс-түйістер өтті ғой. Дегенмен, ол өзгелерге қарағанда, креслосын ұзақ сақтаған әкім ретінде есте қалды. Ал бүгінгі аудан әкімі бұған дейін облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болған. 28 тамызда ғана жаңа қызметіне кіріскен Р.Рүстемұлы аудандағы мәселелермен толық танысып үлгермегені хақ. Сондықтан аудандағы кейбір түйткілді мәселелерді Ғ.Қазантаевтан қалған «сарқыт» деп түсінсек, қателеспейміз.
– Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыстарды қолға алдық. Бүгінгі таңда мал шаруашылығын дамытуды көздеп отырмыз. Қазір шаруашылықтағы мүйізді ірі қара саны 500-ден асады. Ресейден 132 бас сиырдың «қалмақ» тұқымын сатып алдық. Шаруашылықтың экономикалық әл-ауқаты жоғары деңгейге жетті. 2014 жылы 62 млн теңгеге күріш ақтау цехын іске қостық. Күріш ақтау цехының қуаттылығы тәулігіне 40 тонна күріш ақтайды. Мұнда 15 адам жұмыс істейді, - дейді «Ақжарма и К» фермер қожалығының директоры Қайрат Нұрсейтов. Бұдан бөлек, шаруашылық ауыл ішінен монша, әлеуметтік дүкен, мешіт құрылысын жүргізуге мұрындық болған. Сондай-ақ, орталық алаңды абаттандырумен айналысуда. Қайрат Болатұлы 2013 жылдан бері ауыл жастарын елді мекенде тұрақтандыру мақсатында 8 тұрғын үй салынса, биыл 5 үйдің іргетасы қаланғанын жеткізді. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов сапар барысында 2018 жылы облыстық бюджет есебінен 192 млн теңгеге тұрғызылған спорт кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда 14 адам тұрақты жұмыс істесе, 312 бала спорттың футбол, волейбол, қазақша күрес, дзюдо, белбеу күресі түрлерімен шұғылданады. Одан әрі өңір басшысы Шаған ауылдық округіндегі «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының және «Шаған-жер» ЖШС-нің 3 мың бас малға арналған бордақылау алаңына барды. Бүгінгі таңда мұнда 405 бас мүйізді ірі қара мал семіртілуде. Ағымдағы жылы бордақыланған 104 бас мүйізді ірі қара малын сойып, 18,4 тонна сиыр етін өндірді. Мал бордақылау алаңы 480 тонна жоңышқа шөбімен қамтамасыз етілген. Қазіргі күні жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Облыс әкімі аялдаған келесі нысан – Тереңөзек кентінде салынған жаңа ықшам аудан. Өткен жылы мұндағы А.Иманов, Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысынан жаңа ықшам ауданға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу мақсатында тиісті қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Бүгінде жер теліміне ауызсу, кәріз жүйесі, жылу қазандығы, газ және асфальт жолдар толығымен тартылған. №3 және №4 үйдегі жалпы ауданы 2461,44 шаршы метр болатын 42 пәтер пайдалануға берілген. Айта кетейік, ауданда пәтер алуға кезектілікте тұрған адамдар саны – 376. Оның ішінде көпбалалы отбасы – 239, мүгедек балалары бар отбасылар – 17, I-II топ мүгедектері – 45, зейнеткерлер – 9, оралмандар – 3, созылмалы аурумен ауыратын адамдар – 6. Сондай-ақ, Қуанышбек Досмайылұлы Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстарының барысын көзбен көрді. Кентті табиғи газға қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланып, мердігердің техникалары мен материалдары жеткізілген. Ұзындығы 11,5 шақырым болатын жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы №2, №3, №6 газ тарату пункттерінің құрылысы ағымдағы жылы жүргізілетін болады. Ал 2020 жылы №1, №4, №5 газ тарату пункттерінің құрылысы басталады. Қазіргі күні жоғары қысымдағы 3 шақырым газ құбыры үшін траншея қазылып, құбыр орнату жұмыстары қолға алынды. Жоба құны – 2442,057 млн теңге. Сонымен қатар, кентте газ құбырын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қуанышбек Досмайылұлы өз кезегінде сала басшыларына кентті газдандыру бағытындағы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырды. Ассамблея жылы аясында Сырдария ауданда «Достық үйі» ашылған болатын. Облыс әкімі сапарында аталған орталыққа барып, көпшілікпен жүздесті. Мұнда аудандық ардагерлер, әйелдер, мүгедектер ұйымы, «Қазақ тілі» қоғамы мен өзге де ұйымдар орналасқан. Сондай-ақ, 15 000-ға жуық кітап қоры бар кітапхана қатар жұмыс істейді. Аймақ басшысы «Достық үйінен» кейін Жастар ресурстық орталығын аралап көрді. Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ 2017 жылы қаңтар айында құрылған. Ғимаратта жастардың демалыс орны, конференция залы, кеңес беру орталығы бар. Мұнан әрі өңір басшысының сапары ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылында жалғасты. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, алдағы жоспарларымен қысқаша бөлісті. 1966 жылы №1 күріш совхозы болып құрылып, 1992 жылдан бері Нағи Ілиясов аталған бұл ауыл – облыстағы ғана емес республикадағы ең көрікті елді мекендердің бірі. Жер көлемі – 17549 гектар, оның ішінде ауылшаруашылық жер көлемі 13129 гектарды құрайды. Ауылда әкімшілік үйі, Т.Айтбаев атындағы 640 орындық орта мектеп, 90 орындық балабақша, емхана, 375 орындық мәдениет үйі, кітапхана, 1000 орындық стадион және спорт кешені, сонымен қатар, «Қазпошта» бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Облыс әкімі бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев басқарып отырған «Абзал и К» компаниясы ауылды абаттандырып, халыққа қажетті нысандарды салуға атсалысқан. Бұдан кейін Қуанышбек Ысқақов Шіркейлі ауылдық округіндегі №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейінде болды. Іргетасы өткен ғасырдың 30-жылдары қаланған білім ұясының орнына 2015 жылдың 1 қыркүйегінде 600 орындық, екі қабатты типтік жобадағы жаңа мектеп ғимараты салынған. Мектепте информатика, робототехника, мультимедиа, лингафон, тігін және шеберхана кабинеттері, спорт зал, АКТ зал, кітапхана, мектеп асханасы, пән кабинеттері бар. Мектеп жанынан құрылған 60 орындық шағын орталық тұрғындар игілігіне жұмыс істеп тұр. Оқушылармен кездескен өңір басшысы: – Біздің бала кезімізде білім алуға анау айтқандай мүмкіндік болған жоқ. Қазір компьютер, интернет әр ауылда бар. Ізденіңіздер, білім алыңыздар! Еліміздің болашағы Сіздер! - деп ақжарма тілегін білдірді. Осыдан соң ауылдағы «Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйінде» ардагерлермен жүздесіп, «Мади Қажы» ЖШС-нің жанынан құрылған жастар бригадасымен кездесті. – Серіктестік жанынан 2 жастар бригадасы құрылған. 1-бригада құрылыс саласымен айналысса, 2-бригадаға егін егу жұмыстары жүктелген. Құрылысқа қажетті өндіріс цехында 5 түрлі өнім (ішкі жұмыстарға 2/1, кафель желімі, құймалы еден, жаңбырлы сылақ және рондбонт) өндіріледі. Сондай-ақ, қара қағаз және эмульсия өндірісін одан әрі жандандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда 20 жергілікті жас жұмыс істеп жатыр, - дейді «Мади Қажы» ЖШС-нің жанынан құрылған жастар бригадасының жетекшісі Досхан Орынбеков. Шіркейлі ауылынан кейін облыс әкімі Қоғалыкөлге ат басын бұрды. Қазіргі таңда ауылда «Қызылорда-Әуежай-Қоғалыкөл-Шіркейлі» бағытындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Шіркейлі мен Қоғалыкөлді байланыстыратын жолдың сапасына мән беру керектігін айтты. Аймақ басшысының іссапары Бесарық ауылдық округінде тамамдалды. Мұнда №147 орта мектеп пен ауылдық мәдениет үйінде болды. Жергілікті кәсіпкер «Абай-Дәулет» ЖШС басқаратын азаматтар да Бесарықты аймақтағы іргелі ауыл қатарына қосу үшін еңбек етіп, елге игі істер атқаруда. Аймақ басшысы аудандағы барлық кәсіпкерлерге ел үшін жасап жатқан қызметтеріне ризашылығын жеткізді. – Облыстың барлық аудандарын аралап шықтым. Тереңөзекке биыл газ келеді. Аудандағы кәсіпкер, меценат азаматтарға алғыс айтамыз. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, туған жерлерін көркейтуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы әлеуметтік дүкеннің жұмысы көңілден шықты. Осы жобаны барлық аудандарда жүргізу қажет, - деді облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы. Аймақ басшысы Сырдария ауданының бүгінгі бет-бейнесін көзбен көріп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жауапты сала басшыларына халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ауданның экономикалық дамуына қатысты тапсырмалар жүктеді. Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ, Бағдат Есжанов (сурет) |