Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
ТЕАТР МАУСЫМДЫ «АБАЙ» ТРАГЕДИЯСЫМЕН АШТЫ
18.09.2019 16:00

Өткен аптада облыстық Нартай Бекежа­нов атындағы қазақ музыкалық драма театры жаңа маусымның шы­мылдығын салтанатты түрде ашты. 65-ші театр маусымында Ерсайын Төлеу­байдың «Абай» трагедиясы көрерме­н  назарына  ұсынылды.

Көріністе ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезі сурет­телді. Ақынның тағдыры тым ауыр жағдайларға толы болды. Араларына алты айдан салып, балалары көз жұмады. Мағауия қайтыс болғаннан кейін 40 күн өткенде өзі де өмірден озды. Осылай дүркі­реген әулеттің тас-талқаны шығады. Қойылымда «Соқ­тықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алыс­қан жанның» тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көр­сетілді. Айта кетерлігі, Хұсейн Әмір-Темірдің режиссерлігімен, марқұм Серік Пірмахановтың декор­ациялық кес­кіндеуімен, Рүстем Ізтаевтың музыкалық көркемдеуімен қойылған бұл спектакль қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе  жатқан  жаттанды  үлгі­ден мүлде  бөлек.

Қойылымда Абай рөлін театр артисі, Қазақстан Жастар­ Одағы  «Серпер» сыйлығының  лауреаты  Бақытбек Темірбеков сомдады. Және «Абай» трагедиясын сахналауға театр ұжымы толық құрамда  шықты.

- Менің сіздерге айтар жағым­ды жаңалығым бар. 20-25 қыркүйек аралығында Семей қаласында Қазақстанның Халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың иегері, көрнек­ті театр және кино актрисасы Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестиваліне осы қойылыммен қатысамыз. Сіздер бізге сәттілік тілейді деп ойлаймын. Алдағы уақытта көп­теген қойылымдар қоятын боламыз. Міне, бүгін бізді тамашаладыңыздар. Ал, біз сіздерді үнемі көргіміз келеді, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Хұсейн  Әмір-Темір.

Жалпы, театр ұжымы өткен маусымда үлкен жетістіктерге қол жет­кізді. Атап айтқанда, 4 жаңа қойылымды сахнаға шығарды және театр репертуарындағы спектакльдерді жоғары­ деңгейде көрерменге ұсынды. Театр жастары еліміздің тұңғыш прези­дентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «2019 жыл – Жастар жылы» аясында Еуропадағы ірі оқу орындарының бірі Ресей­ мемлекеттік театр өнері институты (GITIS) жоғары оқу орнына шығар­машылық білімін жетілдіру мақсатында барып қайтты. Еліміз Тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосыл­ғалы бері Қазақстаннан, соның ішінде Қызылорда театрынан тұңғыш рет көршілес Ресей мемлекеттік театр­ өнері институтына жас мамандардың баруы жалпы қазақ өнері үшін үлкен мәртебе болды. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері күндері аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облы­стық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен театр ұжымы Өзбек ұлттық академиялық драма театрының сахнасында Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» тарихи драмасын ұсынып, қазақ өнерін бауырлас аға­йындарға паш етті. Талдықорған қаласында өткен Орта Азия халықтары театрларының халықаралық фестиваліне Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасымен қатысып, жалпы Орта Азия театрларының тарихында тұңғыш рет үш бірдей номинацияға қол жеткізген бірден-бір театр атанып, фестивальге қатысқан өзбек, қырғыз, тәжік, түрік, башқұрт аға­йындарының алдында қазақ театрының  мәртебесі көтерілді.

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары