Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ
19.09.2019 10:20

Өткен сенбі мен үшін ерекше күн болды. Қас қарая бір топ жігіт жар­қын үнмен сәлемдесіп, үйге енді. Шынымды айтса­м, көпшілігін жыға танымадым. Салиқалы жүзді, парасатты азаматтар. Десе де, тау бары­сындай  епті  қимылдары, билеп жүргендей әсем аяқ басуларына қарап «бұрынғы боксшылар шығар» деп топшылаған едім. Топ ішін­дегі өзім шырамытқан қос жігітті көргенде  ойым­ның шындықтан  жырақ кетпегенін түй­сіндім. Баршасы ағалап, хал-жағ­дайымды  сұрап  жатыр.

Дастарқан басына жайғасып, аз-кем тіл­дес­кен соң бір кездегі балаң боксшылар, қазір бір-бір шаңырақтың  иесі  атан­ған азаматтардың аты-жөндері, олардың бокс­тағы бағындырған бе­лестері, шаршы алаңдағы жасындай жарқылдаған сәттері, жекпе-жекке шақыр­ған гонг даусы, безек­тей шырылдаған ысқырық үні, төрешінің қатулы өңі, ерсілі-қар­сы­лы сілтенген салмақты жұмырықтар, әрбір шә­кіртінің сенім-жігерін жаныған Тарғын бапкердің  терге  малшынған айбатты жүзі, жеңістің тәтті, жеңілістің кермек дәмін сезінген шақ... бәрі-бәрі сынапша сыр­ғып көз алдымнан өтіп жатты... Бұлар бокстан КСРО спорт шеберлігіне үміткер, білікті бапкер, марқұм Тарғын Нұра­лиевтің  Ақтөбе  мен  Қызылорданы, Байқоңыр мен Қазалыны қоныс­танған көптеген шәкірт­терінің санау­лы  бөлігі  ғана  болатын.

Бір кездері шаршы алаңның нағыз­ шеберлері болған Берекет Сәрсенбаев, Қайыржан Аманов, Сақытжан Акимов, Батырбек Сыдық­ов, Талғат Сайдуллаев, Нұр­жан Жәнібеков, Қуандық Қалилаев, Қайыркелді Табынба­евтар сөздерін Тарғы­н ағайларына арнап облыстық турнир ұйымдастыру мәселесін қозғаған Қуанған Бәкен мен маған, өнегелі істі қолдаған Қазалы ауданын­ың әкімі Мұрат Ергеш­баев пен орынбасары Әлім­жан Жарылқағановқа, облыстық дене шынықтыру және спорт бас­қарма­сына ризашы­лық айтудан бастад­ы. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Марқай­ып  қалдым.

Ел ағаларына алғыс айтуларының жөні бар. Тарғынның көзін көрген азаматтар Қазалы боксының дамуына өз қолтаңбасын өшпестей қалдырған, шаршы алаңның талай саңлақтарын түлеткен бапкердің есімін жаңғырту мақсатында тым құрығанда, аудандық турнир өткізуді, ондай жағдайда демеуші болуға дайын екендерін бұған дейін де білдіріп, бірнеше жыл қатарынан ұсыныс жасаған болаты­н. Алайда сол тұста аудан билігінің тізгінін ұстаған әкімдер тарапынан қолдау таппады. Аудандық спорт комитеті, өзге  құ­зырлы орындар да үнсіздік танытты. Десе де, ауданға басшылыққа кезінде өзі де тәп-тәуір боксшы болған­ Мұрат Нәлқожаұлының келуі сөнуге айналғ­ан үміт отын қайта  лаулатты.­ Мәкеңнің қолдауы Тарғын  Нұралиев атындағы бокстан облыстық турнир өткізуге жол ашты. Бұл үшін аудан әкіміне қалайша риза болмайсың?! Қазір дүбірлі  додаға  дайындық  басталып  та  кетті.

 

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы


Құрметті  бокс   жанашырлары!

Қараша айының 25-29-ы күндері Әйтеке би кентіндегі   №17 спорт мектебінің кешенінде 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында, 20 салмақ дәрежесі  бойынша  білікті бапкер, бокстан КСРО спорт шеберлігіне  үміткер Тарғын  Нұралиевті  еске түсіруге арналған облыстық  турнир  өткізіліп, марқұмның аруағына  құран бағышталатынын, жарысты көрудің тегін екенін естеріңізге саламыз! Қосымша мәліметтерді 87081307185, 87026138918 ұялы  телефондары  арқылы  алуға,  білуге  болады.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары