Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
ҚЫТАЙДАН ҚАРУЛЫ КҮЗЕТ КЕЛЕ МЕ?
03.10.2019 12:00

Еліміз егемендіктің үшінші онжылдығын экономикасы серпінді дамып келе жатқан, өзіндік сырт­қы саяси басымдықтары бар мемлекет ретінде аяқ­тағалы отыр. Жаһандық сая­сат шеңберінде халық­аралық ықпалы жоғары, арнайы бағдарламаларымен дамудың сатысынан өтіп жатқан ел ретіндегі маңыз­ды рөлі тағы бар. Десек­ те, заман болмысына сәйкес, еліміздің сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.

Маңызды ішкі факторлар ретінде саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақмерзімді және орнықты дамуының 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиясындағы айқын мақсаттар мен ортақ мүдделердің іске асып жат­қанын айта аламыз. Сырт­қы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарын еңсеру қажеттілігінен, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан байқалатынын ескерсек, еліміздің бұл төңірегіндегі мәселесі зерделі зейінді қажет етеді.

Бүгінде тату көршілік және одақтастық туралы шарт негізінде бірқатар елдермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларында жалғасып келеді. Солардың қатарында жоғары және биік деңгейлердегі саяси диалог шеңберінде Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуде. Бұның өз кезе­гінде пайдалы, үлгі етерлік тұстары да жеткілікті. Мә­селен, ҚХР өзінің қорғаныс күштеріне жоғары сапада мән береді. Миллиардтаған халықтың тыныштығы мен елдің бейбітшілігі осы салаға тікелей қатысты екені бәрімізге де белгілі. «Global Fire Power» порталы өткен жылы халықаралық әскери­ күштерге қатысты кезекті рейтингтік-есебін жария­лаған еді. Алғашқы үштіктің басын алпауыт ел ешкімге берген емес. Қарулы күш­терінде 2 363 675 мың адам, 13 762 мың авиатехника бірліктері мен 5 884 танкісі бар, қорғаныс бюджеті 587,8 млрд долларды құрайтын  АҚШ алғашқы орында­ тұр. Одан кейін 3 371 027 әскері, 3 794 авиатехника және 20 216 танкісі сақадай сай тұрған, қорғаныс саласының жылдық шығын­дары 44, 6 млрд долларды еңсеретін Ресей – екінші орында. Ал армиясында 3 712 500 әскери, 2 955 әуе­техника бірлігі, 6 457 танкі­сін жыл сайын кем дегенде 161, 7 млрд долларға қаржыландырып отырған Қытай үздік үштікті аяқтап тұр. Аталған портал рейтинг түзу кезінде өзіндік талаптарға жүгінген. Мәселен, ядролық қаруы бар елдер рейтинг түзу барысында белгілі бір бонусқа ие болады. Қарудың саны емес, әртүр­лілігі мен сапасына басты мән беріледі. Географиялық параметрлері, инфрақұрылымдары мен табиғи ресурстары да қалыпты деңгейге жету керек және халық саны мен жұмыс күші бағалауға барынша әсер етеді. Тағы бір айта кете­рлігі, қай елдің халық саны көп, сәйкесінше сол елдің рейтинг басында тұру мүмкіндігі жоғары. Шекарасында теңізі жоқ елдерге флот болмағаны үшін салық салынбайды, бірақ әскери-теңіз қару-жарақтарының түрі шектеулі болса, бұл жаза­дан құтыла алмайды. Сондай-ақ, әрбір елдің әскери саласының технологиялық сипатта қаншалықты жігерлі, әскери майданда қанша мерзімге дейін қалуға мүмкіндіктері бары және әскери операциялар кезіндегі қабілеттері де қосымша ұпай қосады. Осындай тізімдегі 60 елдің ішінде Қазақстан 54-орын­ға тұрақтаған. Бұл – біздің отыз жылға жуық уақыт ішіндегі жетістігіміз емес әрине, дегенмен ТМД елде­рінің ішіндегі кейбір елдерге көшіміз ілеспей қалғандығы өкінішті... Әлемдегі елдердің қорғаныс қабілетін анықтайтын рейтинг ақпараттарына сенсек, Қазақстан шабуылдаушы ұшақ саны жағынан – 20, жой­ғыш ұшақтар бойынша – 23, әскери транспорттың әуе саласы бойынша – 53, әскери тікұшақтар бо­йынша – 54, танктер жөні­нен – 49, бронды техника бойынша – 44, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар саны бойынша – 24, сүйрейтін зеңбіректер жөнінен – 18, реактивті атыс қарулары бойынша 12-орында екен. Құп делік.

Жуырда әлеуметтік желі­лерде Қазақстанға Қытай елінен 50-ден астам ірі кәсіпорынның келетіні туралы әңгіме гу етті де басы­лды. Ізінше тағы бір шетін әңгіменің шеті шығып, халық тағы дүрлікті. «Қытайлықтар Қазақстандағы инвесторларының қауіпсіздігіне алаңдап, қарулы күзетін әкеледі» деге­н күдікті ақпарат қалың бұқараның құлағына тез жетті. Бұл тіпті еліміз­дің Сыртқы істер ми­нистр­лігіне жетіп, арнайы жауап айтылды.

- Бұл – қате ақпарат. Себебі шетелдік инвесторларды қорғау жағын тек Қазақстан үкіметі қолға алады. Ал шетелден қарулы компанияларды алып келу – біздегі заңнамаға қайшы әрекет, - деп жауап берді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Екі ел арасындағы 30 жылға жуықтаған дипло­матиялық қарым-қатынастың нәтижесінде мұндай мәселе қайдан шықты деп ойлап отырған шығарсыз... Дәл солай. Еуразия парламент спикерлерінің форумында қытайлық өкілдер өз инвесторларының қауіпсіз­дігіне алаңдапты-мыс. Әңгіменің «ұршығы» содан бастап айналғанға ұқсайды. Белгілісі сол, қытайлық қарулы күш Қазақстанға кірмейді.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары