Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
09.10.2019 16:48

Қоғамдық көлік тасымалы туралы мәселе бүгінгінің басты тақырыптар қатарынан түскен жоқ. Естеріңізде болса,­ 2017 жылы қалаішілік маршруттардағы жолақы құны ересектерге 90 теңге, оқушыларға 40 теңгеге көте­рілген еді. Ал арнайы жеңілдіктер І топ мүгедектеріне, бала күнінен мүгедек 16 жасқа дейін балаларға, ҰОС ардагерлеріне қарастырылған. Әрине, халыққа сапалы қызмет көрсетеді, қоғамдық көліктер қатары жаңаланады деген басты­ талап та болды. Бірқатары жаңаланып та, кейбірінің тозығы жетіп те үлгерді. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырып, көлік инфрақұрылымын жандандыру мақсатында 2013 жылы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрылған еді. Содан бері қалалық жолауш­ылар тасымалына жауап беріп келе жатқан мекеме қарамағында бүгінде 32 бағыт бойынша 680 көлік бар. Жыл соңына дейін тағы да жаңа авто­бустар  әкелінеді  деген­ жоспар бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев өңірлік коммуни­кациялар қызме­тінде өткен брифинг  барысында  айтты.

Жолаушы тасымалын сапал­ы ұйымдастыру мақсатында жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлік­терге электрондық билет жүйесін орнату» жобасы іске асырылады. Алғашқы кезеңде 2019 жылдың 1 желтоқсанында автопарк меншігіндегі автобус­тарға «Alem Pay» ЖШС-мен электронды би­летт­ік жүйе орнатылатын болса,­ желтоқсан айының екінші жартысынан бастап қалаішілік барлық маршрут­тарға орнату жоспарлануда. Бұл «Alem Pay» ЖШС-нің жеке қаржысы есебінен іске асырылады. Сондай-ақ, республика көлемінде бюджет қаржысынан тыс іске асырылып отырған осы саладағы алғаш­қы  жобалардың  бірі.

- Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында автобустарға арнай­ы электронды билет жүйесі енгізіледі. Жылдың соңына дейін қолма-қол төлем де, электронды төлем де 90 теңге күйінде сақталады. Ал жыл басынан бастап электрон­ды жолақы төлеу 90 теңгеден 80 теңгеге арзандап, қолма-қол төлем ұсыну 150 теңгеге қымбаттайды. Бұған дейінгі қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер сақталады және алдағы уақытта электронды билетке­ қатысты қосымша жеңілдіктер қарастырылады. Бұл өз кезегінде табыс көзінің ашықтығына және автобус паркін жаңартуға қол жеткізетін болады. Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес облыстық бюджеттен 278 млн теңге қаржы қаралып, қосымша үлкен сыйымдылықты 35 дана автобус сатып алынады деп күтілуде, - деді қала әкімі­нің орынбасары Е.Құлахметұлы.

Сала мамандарынан бұған дейінгі «Senim» онлайн төлем жүргізу жобасы туралы сұрағанымызда, ол жобаның өз-өзін ақтамай тұрғанын білдік. Қолданысқа енгеніне жылдан асса да, 1-2%-дан жоғары көрсеткішке көрсетілмеген.

Тағы бір мәселе, қазіргі күні қоғамдық  көліктерде 7-17 жас аралығындағы балаларға жолақы 40 теңге деп белгіленген. Алайда мектепті толық аяқ­тамай, колледжге оқуға түскен, бірақ 17-ге толмаған балалар ересек адам­дардың жолақы құнын төлеуге мәжбүр.

- Бүгінгі күні 17 жасқа толмаған кез келген бала 40 теңге төлейді. Егер одан жоғары жолақы талап етілген жағдайда автобус туралы ақпаратты қоса отырып, «Автобус паркіне» хабарлауға болады. Ал алдағы өзгеріске енгелі отырған 7-15 жас аралығындағы оқушыларға жеңіл­дік туралы айтар болсақ, ҚР Авто­мобиль көлігі туралы Заңының 20-бабы, 1-тармағының 6-тармақшасында «Жолауш­ының 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процен­тiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға құқығы бар» делінген. Дегенмен, 17 жасқа дейінгі балаларды­ң жеңілдігін сол күйінде сақтап­ қалу үшін облыстық мәслихатқа хат жолдаудамыз, - деді «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов.

Қоғамдық көліктерге қатысты бұл өзгерістерді жолаушылардың осы уақытқа дейінгі төлеп келген жолақысының қайтарымы деп ұққан жөн. Атал­ған­ жүйені қолдану арқылы әр маршру­т бойынша нақты жолаушылар ағымы анықталып, кірістері мен шығындары нақтыланатын болады. Сонымен қатар маршруттарда автобустардың жұмыс уақыты, қозғалыс жылдамдығы, интервалдарының сақталуы қадағаланатын болады. Өзін-өзі ақтамайтын, шығындары жоғары кейбір маршруттар әлеуметтік мәні бар маршруттар тізбесіне енгізіліп, тиісті бюджеттерден субсидия­лау  мәселесі  қарастырылатын  болады.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары