Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«ЖАНДЫ АРБАТ» БОЙЫН ЖАНДАНДЫРДЫ
09.10.2019 17:00

Жыл сайын қала күні елеусіз қалған емес. Өткен жылы 200 жылдық мерейтой аясында да ауқымды шаралар ұйымдастырылып, халықтың мерейін тасытқан еді. Биыл да дәстүрлі үрдіс өз жалғасын тауып, сүйікті қаланың туған күнін бір ай бойына тойлау бақыты бұйырды. Қыркүйек айының орта шенінде баста­лған шаралар қазан айының 12-сіне дейін жалғасады деп күтілуде. Әртүрлі форматтағы іс шаралар легі «YOUTH FORMULA» – жастық шақтың формуласын сезін!» мерекелік кешімен жалғасты. Шара балаба­қша қызметкерлері, ерікті жастар, қоғам белсенділері, этно­мәде­ни  ұйымдар, өңір спортшылары мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Достық» үйінен жастар карнавалымен бастау алды. Жина­лған  қауым түр­лі­ше өрнектелген балалар қоларбалары көрмесін таныс­тырып, ертегі кейіп­керлерінің және дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, түрлі аспапта ойнау арқылы «Жанды арбат» бойын жандандырды. Жалпы 100-ден аса қатысушыны қам­ты­ған жастар карнавалы қала тұрғындарын қы­зықты мәдени-көпшілік шаралар орталығына апарды.

Одан ары орталық алаңда асық ату, «Wor­kout» спорттық сайыс­тары, жас отбасылар ара­сынд­а «Толағай» спорттық сайысы өтті. Гаджет  ойындарынан бас тартып, қарапайым достық­қа баулитын «Біз де бала болғанбыз» атты ескіден қалған аула  ойын­дарына қатысуға ниет білдіруші қала тұр­ғын­дары  арасында  сайыс­ ұйымдасты­рылды. Жеңіс­ке жеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағам түрі бауырсақтан дәм татты. Шара одан әрі «LIVE ARBAT» жастар концертіне жалғасып, студенттердің бірі ән шырқаса, бірі түрлі аспаптарда ойнап, Орталық  алаңды  ерекше реңге­ бөледі. Сонымен қатар, шараға арнайы ат басын бұрған қала әкі­мі­нің орынбасары Бектас Нұриддинов пен «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ералиев қатысып, көпбалалы отбасыны қуанышқа бөлейтін тосынсый  жасады. «Абзал и К» ТС Қызылорда қа­лалық әкімдігі мен «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Менің ата­ме­кенім» әлеуметтік жоба­сы аясында үш бөл­мелі пәтер кілтін көпбалалы отбасыға табыстады.

Бақытқа бөленген отбас­ындағы 5 немеренің әжесі демеушілік көр­сеткен кәсіпкер «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Абзалұлына жо­март­тықтың шынайы үлгісін көрсетіп, күтпеген сый жасағаны үшін шын жүректен алғысын жаудырды. Кәсіпкердің бұл отбасыны таңдауына түрткі болған жас маман ретінде Нұрболат жұ­байы Ботагөзбен бірге мектеп жасындағы екі ұл және үш жастағы үшем – Хадиша, Райяна және Айшаны тәрбиелеп, жалдамалы пәтерде тұруына қарамастан көпбалалы отбасының  тіреуіші  бола білгендігі.

Жастардың  арасында жомарттықтың орасан үлгісімен есте қалған кеш танымал ди-джейлердің қатысуымен арбат бо­йындағы би кешіне ұласты.­

 

Халық-хабар

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары