Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС НАУҚАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
09.10.2019 17:35

Жалағаш ауданы прокуратурасымен 30-дан астам науқастың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмағаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аудан аумағындағы 21 учаскелік аймақ бойынша есепке алынған 16 059 науқас тіркелген.

Алайда талдау барысында аурухананың тізімдерінде бір тұлға бірнеше учаскелік аймақтарда қайталануына байланысты барлығы 8495 науқас іріктелді.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 8 495 науқастың 3 230-ына (38,0%) емдеуші дәрігермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға тегін рецептілер жазылған. Соған қарамастан емдеуші дәрігерлермен дәрілік зат алуға рецептілер жазылған 32 науқасқа тиісті дәрілері мүлдем берілмеген.

Мысалы, науқас Б.-ға «Артериялық гипертензия» нозологиясы бойынша дәрі-дәрмектерді алуға 4 тегін рецепт жазылғанымен (Престариум® 5мг, таблетки – 4 дана, Карлон 5, таблетки 5 мг – 4 дана), ол бұндай дәрілік заттарды мүлдем алмаған.

Аудандық аурухананың бұл әрекетіне аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 32 науқас дәрілік заттармен толық қамтылып, заңмен қаралған құқықтары қорғалды.

Жалағаш ауданының прокуратурасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары