Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Абай дана, Абай дара, қазақта!
09.10.2019 17:40

Қызылорда облысы прокуратурасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара, қазақта» атты байқау ұйымдастырылды.

Шараға барлық қала және аудандардан прокурорлар келіп, Абай рухына бас иіп, өлеңдерін оқып, әндерін орындап, бақтарын сынады.

Прокурорлар 5 топқа бөлініп, сайысқа түсті.

Байқауға қатысқандардың барлық еңбектері ескерілді. Мазмұнға сай киімдері, мәнерлеп оқулары, ырғағына келтіріп шырқаған әндері және қолдау білдіріп келген жанкүйерлердің белсенділіктері де назардан тыс қалмады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен «Абай» тобы, яғни қылмыстық қадағалау басқармасының прокурорлары Мағрипа Алиева мен Ардақ Абдыкаримов Бас жүлдені иеленді.

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шара прокурорлардың бірлігін арттырып, ұжымдық рухтарын көтеріп, жаңа қырларынан танылуларына зор мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары