Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
ЫСҚАҚОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
10.10.2019 09:10

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімі Н.Нәлібаев пен жауапты басқарма басшылары да қатысты.

Азаматтарды қабылдау үзіліссіз 8 сағатқа жуық жүргізіліп, 70 адам аймақ басшысының қабылдауында болды. Келгендердің негізгі мәселесі тұрғын үй, әлеуметтік мәселе мен білім және денсаулық салаларына қатысты.

-Соңғы жылдары  қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Осы жылы  тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды, сондай-ақ, бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кілті табысталды,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Кезекте тұрған азаматтар үшін баспана заңға сәйкес кезең-кезеңімен беріледі. Баласы Қанат Жудабаевтың 1-санаттағы мүгедек екенін, үй кезегінде 13 жыл бойы тұрғандығын айта келген Роза Асқарова кезегінің жақындағанын білмей, пәтер сұрап келген. Аймақ басшысы Роза Асқароваға кезегінің келіп, Сырдарияның сол жағалауынан пәтерлі болғандығын айтып,қуантты. Баспаналы болған ана облыс әкіміне алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Қабылдауға  келген бір топ ақсақалдар Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы аяқсу мәселесі және каналдардың қоқысқа толып, тазаланбай тұрғанын көтерді. Қуанышбек Досмайылұлы келесі жылы егін маусымына дейін каналдарды тазалап, ая су жеткізу мәселесін шешуді жауапты сала басшыларына тапсырды.

Жеке мәселе ғана емес, түгел ауылының, облыс орталығында өзі тұратын шағын аудан, көшелерінің мәселесін көтеріп қоғамдық ахуалды айтқан азаматтар да сұрақтарына жауап алды.

Облыс әкімінің қатысуымен  дәл осындай қабылдаулар алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары