Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
«ТОМИРИС»: тағдыры таңдалған патшайым
10.10.2019 09:20

Таққа тағдыры таңдалған тұлғалар отырады. Кездейсоқтық болмайды. Бірақ, көпшілігі оның себебін бос талқылайды. Ол мөр сияқты. Таңбаланады. Бұйрық шығады. Белгілер беріледі. Құпиясы оқылады. Тілін танысаң.

Томирис патшайымның тағдыры таққа таңдалған. Біз тарихты нақты фильмнің оқиғасының желісімен ғана пайымдаймыз. Тарихи жадыдан көп нәрсе өшірілген болуы да мүмкін. Фильмде саяси астармен көп көркемдік шындық қосылуы да мүмкін. Қалай болған күнде де фильмнен бір-ақ фактіні алға тартамыз. Бұл – менің қағидамдағы «Әйел отбасындағы отанасы орнында отыры­п-ақ әлемді басқара алады» деген пайымым. Бұл – ақиқат. Томиристей әйел заты өз дәуірінде осыны дәлелдеп шыққан.

Ол өжет. Ол сезімтал. Ол ұстанымдарына берік. Оның түйсігі оны алдағы үлкен миссияларына қарай бағыттап отырды. Ол қалаған жоқ. Ол мақсат­ еткен жоқ. Бар көздегені әкесінің кегін қайтару болды. Ол өзінің үлкен мәртебелі таққа тағдырымен таңдалғанын уақыт өте тылсым белгілермен ғана  түсінді.

Шешімдер. Батыл шешімдер көп түйінді шеше­ді. Оның ұтымды тұсы да сол болды. Томирис маңыз­ды шешімдер қабылдай білді. Елдік, таптық, халықтық мүдделерді қорғаудың жауапкершілігін сезінді. Өміріндегі маңызды шешімдерінің бас­тамасы оның өзіне лайықты жар таңдауы болды. Әйелдің табиғаты ер-азаматқа тәуелді. Еркектің ерлігі мен жаужүректілігіне теңесер бәрібір ешнәрсе­ жоқ. Томирис ер-азаматтардың күш-жігерін өз мақсатына жұмылдыра білді. Оның даналығы­ да осында. Тақты да, жерді де осы шешіміме­н  ұстап  тұрды.

Әйел – ана. Томирис – бақытты ана. Тақ ұрпақпен байланысты. Әкесінен мұрагерлікке қалған қоғамды басқарудың жауапкершілігімен қоса, өзінің жар ретінде теңін тауып, әйел-ана ретінде бала сүйіп, табиғатына сай үйлесімде өмір сүрген үлгілі  тұлға.

Тарихта таңғалыс тудырған оқиғалар болса, оның бірі және бірегейі – осы Томирис. Әлемдік саясатта елді әйел басқарған оқиғалар жоқ емес. Аз болса да тарихта маңызды қадамдар жасаған рухы мықты әйел тұлғалар болған. Олардың бейнесін­, болмысын, табиғатын, түйсігінің тілін зерттеу, түсіну, қорытындыға келу қашанда қызық. Олардың басты миссияға қарай жүрген жолындағы түйсігінің табиғатын түсіну маңызды. Не себептен?! Кім үшін?! Не үшін?! Бұл сұрақтар қашанда өзекті. «Томирис» тарихи фильмінен бұл сұрақ­тардың жауабын табуға болды. Және бұл фильм – Қазақстанның кино өндірісінде маңызды тақырыптарды  ашудағы  шешуші қадам.

Гүлзат  КӨБЕК,

кинотанушы,  өнертану  PhD  докторы,

«Тұран»  университетінің  профессоры

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары