Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АЙНҰРДЫҢ СӘН САЛОНЫ
10.10.2019 09:35

Елбасының қолдауымен «Жастар жылы» болып белгіленген биылғы жыл қармақшылық жастарға да үлкен серпін берді. Тұңғыш Президенттің қамқорлығына ие болған өрендер бүгінде ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосуда үлкен белсенділік танытуда. Сонымен бірге, олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі бағдарламалар арқылы да қолдауға ие болуда.

Міне, мемлекетіміздің  жастар саясатын жүзеге асыруда атқарып жатқан игі істерінен нәтиже шығарып жүрген аудан жастары арасында өзінің еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен өзін де, өзгені де жұмыспен қамтып, абыройға бөленіп жүргендердің бірі – сәндік пен сұлулық өнерге жақын өскен, шаштараз мамандығын бала жасынан өміріне серік еткен жосалылық Айнұр Сисенбайқызы.

Он жылға жуық шаштараз мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, бүгінде Жосалы кентінің аналар мен бойжеткендер қауымы арасында оң бағасын алған шеберлер қатарынан орын алды.

Жуырда жас шебер кент орталығындағы Мүсербаев көшесі бойынан заман талабына сай құралдармен жабдықталған «Айнұр Сисенбай» атты сән салонын ашып, ел игілігі үшін қызмет көрсете бастады.

Жас шебердің қуанышына ортақтасуға келген аталмыш саланың аға буын өкілдері, яғни ауданда шаштараз мамандығының алғашқы қарлығыштары Марал Тілегенова, Мыңайдар Еркебаев, сондай-ақ 10 жылға жуық бірге еңбек еткен Бораш Ерназарова сынды басқа да сала майталмандары жас шебердің игі ісіне қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.

Осы арада айта кетерлік жайт, сән салонында Айнұрдан басқа Гүлназ Ботабаева, Ақмарал Ерәлиева және Жансая Сисенқызы сынды жас шеберлер тұрғындарға заманауи үлгіде шаш қию, бет әрлеу және басқа да сән әлемінің қызметін көрсетеді.

- Әркімнің де бұл өмірден алар белесі бар екені рас. Мен осы мамандықты бала жасымнан өміріме жақын тартып, бүгінде көптен күткен арманыма қол жеткізіп отырмын. Кең де жарық үш бөлмелі сән салонында бір мезгілде жеті адамға шаш қию және түрлі сәндік қызметін көрсете аламыз. Әзірге өзіммен бірге төрт маман келушілерге жан-жақты қызмет көрсетеміз. Шеберлердің барлығы да білімді, өз ісінің маманы. Жас та болса, осы салада танылғандар. Алдағы уақытта қатарымыз тағы жас бір маманмен толығады деп күтудеміз. Менің осындай жетістікке қол жеткізуіме, біріншіден, Жаратқан ием болса, одан кейін отбасым мен ел-жұртымның арқасы екені рас. Биыл ел жастарының өз мақсаттарын орындауына үлкен мүмкіндіктер бар. Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп белгілеп, талапты да еңбекқор жастардың қоғамнан өз орындарын қалап алуға үлкен қолдау көрсетуде. Тіпті, түрлі бағдарламалар арқылы қайтарымсыз несиелер беріп, кәсібін ашуға мүмкіндік жасауда. Әрине, осы мүмкіндікті пайдаланып, ісін дөңгелетіп кетіп жатқандар да жетерлік. Осы ретте, ағалар көрсеткен осындай игі қолдаудан мен де өз несібемді алғым келеді. Әрине, бұл – менің алға қойған мақсаттарымның бірі, - дейді жас шаштараз Айнұр Сисенқызы.

Міне, біз Айнұрды әңгімеге тартып тұрғанымызда салонға алғашқы тұтынушылар да келіп, салон маманы Гүлназ оны төрдегі орындыққа жайғастырып, алдына алжапқышын жапты да, ісіне кірісіп кетті.

Нұрбай  ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары