Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БАСТЫСЫ – ТАЗА НИЕТ пен АДАЛ ЕҢБЕК
10.10.2019 09:40

Назерке СЕРІКБОЛҚЫЗЫ,

тігінші:

Назерке Серікболқызы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Өздері ағайынды 6 қыз. Мектеп бітіре салысымен Ақтөбе қаласындағы Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне оқуға түседі. Негізгі мамандығы – теміржолшы. Оны үздік бітіріп шыққан соң жас маман туған ауылына (Қазалы ауданы, Бірлік ауылы) оралады. Бір қызығы, ол мамандығы бойынша жұмысқа орналаспайды. Себебін сұхбаттан таба аласыз.

- Кәсіпке келуге ықпал еткен не? Өмірде қандай қағидаларға сүйенесіз?

- Жоғары оқу орнына түспей тұрып, өз қызығушылығыммен тігін тігуге әуес едім. Үйде қолым қалт етсе құрақ құрап, ата-анам, бауырларыма қажетті дүниелерін тігіп беретінмін. Бір қызығы, менің қолымнан шыққан туындыларға туғандарым үнемі мақтау айтып, мотивация беріп отырды. Сондай көтерме сөздер менің де қиялыма қанат бітірді ме, сүйікті ісімді қолға алып, кәсіпке айналдырсам деген ой келді. Оқу бітірген соң, мамандығым бойынша жұмысқа орналасқым келмеді. Себебі маған біреудің билік еткені ұнамайды. Өзімді барынша еркін, тәуелсіз ұстағым келеді. Бұл менің болмысымнан ба, табиғатымның талабы ба, білмеймін. Осыдан бір жыл бұрын «Бизнес бастау» жобасы бойынша 1 ай курс оқып, бизнестің қыр-сырын үйрендім. Ұсынған «Тігін шеберханасын ашу» жобасы да сәтті шығып,  252500 теңге грант ұтып алдым. «Сабақты ине сәтімен» деген, ниеттенген шаруам оңынан шешіле кетті. Кәсіпкер атанып шыға келдім. Аталған қаражатқа тігін машиналарын сатып алдым. Бұл жерде ең бастысы адамға ниет керек екен, кейінгісі ретімен жалғасты.

- Қазақта «Ата өнері – балаға мұра» деген бар. Сіздің алтын қолыңыздың қасиеті кімнен дарыған? Қандай бұйымдар тігесіз?

- Әжемнің қызымын. Есімі – Хадиша. Кішкентайымнан әжемнің тәрбиесін көріп өстім. Ол кісі үнемі қолына ине ұстаса жанына мені шақырып алып, тігін тігудің қыр-сырын үйрететін. Бойда қазақы тәрбие мен өнерің болғаны қандай жақсы. Бүгінде өзімді өрге сүйрейтін өнерім бар. Тігіншімін. Қыз жасауынан бастап, бесік жасауларын, қобдишаларды жасаймын.

- Қыз жасауына көбінесе қандай қалалардан тапсырыс түседі?

- Бүгінде қыз жасауына бұрынғыдай емес тапсырыс өте көп және аса жоғары талғаммен жасалады. Нақтырақ айтқанда көрпе-жастыққа түсетін ою-өрнектер, олардың түрі мен түсі, көлемі жағынан алдын ала тұтынушымен бірлесе отырып талданады. Содан соң жұмыс істеледі. Әзірге Қызылорда, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларынан  тапсырыстар өте көп болады. Алдағы уақытта өзге қалалармен де қойын-қолтық жұмыс істеу жоспарда тұр.

- Жасаудың бағасы қанша тұрады? Нақты бағаларды айта аласыз ба?

- Баға көлемі әртүрлі. Өнімнің сапасына да баса назар аударылады. Тігілетін бұйымның материалына қарай баға да өсіп отырады. Ал негізінен көрпе – 6000, жастық – 5000, бесік жасауы – 8000, есімді көрпеше – 3500 теңге. Тұтынушының талабына да қараймын. Әркімнің қалауы әртүрлі.

- Осынша тапсырысты орындауға жалғыз өзіңіз уақыт таба аласыз ба?

- Жаныма көмекші алу мәселесін соңғы уақытта ойланып жүрмін. Өйткені кейде жалғыз өзім үлгере алмай қалатын де  кездер болып тұрады. Әзірге шеберханам үйдің жанында. Болашаққа жоспарым өте көп. Нәсібімді еселеген кәсібімді жан-жақты дамытуды көздеп отырмын.

- Бәсекелі заманда бұйым жарнамалап, оны нарық талабына сәйкес орындау да оңай емес. Сіз қалай жарнама жасайсыз?

- «Еңбегіне қарай өнбегі» дейді ғой, тауарын жарнамалағысы келгендерге тұсау жоқ. Әркім қалағанынша жарнама жасай алады. Оның үстіне кәсіпкерлер үшін әлеуметтік желі – ұлы күш. Мен өнімдерімді Instagram әлеуметтік желісінде жарнамалаймын. Аккаунтым – bn_quraqkorpe. Бұдан бөлек, туған-туыс, тамыр-таныс арқылы тапсырыстар қабылдап тұрамын.

- Адам өзін-өзі үздіксіз дамыта отырып, жетістікке жете алады. Ал сіз өзіңізді қалай дамытасыз? Біліктілігіңізді арттыру үшін қандай қадамдар жасайсыз?

- Тігіншілік кәсібіме байланысты үнемі ізденісте жүремін. Өйткені өзімнің жеке тәжірибемнен байқағанымдай, тұтынушылардың талғамы да, талабы да жоғары. Сондықтан біліктілігімді арттыру үшін жан-жақты оқып, ізденіп, үйренуге талпынамын. Әр салада жетістікке жету барлығының қолынан келе бермейді. Алайда жетістік тек қана өз-өзіңді кемелдендіру мен табандылықпен бірге келеді.

- Өзіңіз құралпы жастарға қандай кеңес айтар едіңіз?

- Оқу-білім, өнер озған заманда қол қусырып, «кім маған не берер екен?» деп жату жарамсыз іс. Он екі мүшесі сау әрбір адам бақуатты, бай да дәулетті бола алады. Тек таза ниет пен адал еңбек болса болғаны. Екінің бірі кәсіпкер болуға да міндетті емес. Дегенмен қолыңыздан келетін, сүйікті ісіңізді дөңгелетіп, несібеңді теріп отырсаң, оның айыбы жоқ.

- Әңгімеңізге рақмет. Еңбегіңіз жемісті болсын!

Әңгімелескен

Әйгерім НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары