Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ТОТ БАСПАҒАН АСЫЛДАР
10.10.2019 09:50

Дінді апиынға теңеген Кеңес өкіметінің солақай саясатының ызғары ишан-мақсым, қожа-молдаларды, жалпы, дін өкілдерін қаншама қуғын-сүргінге ұшыратса да, есімдерін халық санасынан өшіре алған емес. Мәселен, ел зердесінде әулиелігі, көріпкелдігі, емшілігі, айрықша қасиетімен сақталған «Қара молда» атамызды еске түсірейікші. Қит еткенді қиып түсетін компартияның кезінде де Аллаға сыйынып, әулие атамыздан сырқатына шипа іздеп жан-жақтан жеткен халық нөпірі толастаған жоқ.

Көп жыл бұрын, шаруашылықта жүргенде құрылыс бригадасын бастап барып, Сайқұдық учаскесіндегі қырқым пунктін жөндеуден өткіздім. Қайтар жолда Жекен ағамыз «Молда атаға сәлем берейік» деп бәрімізді атаның үйіне ертіп апарды. Аппақ мамық төсектің үстіндегі жылы жүзді даңқты әулиеге қос қолымызды ұсынып, жүрексіне сәлем бердік. Атағы сонау қиырдағы әулие Ванганың өзіне дейін жеткен  баба өте қарапайым, мейірімді адам болып шықты. Именшектеп тұрған бізге жылы шырай танытты. Мақтадай жұп-жұмсақ қолын ұстағанымда қатты тебірендім. Ортамыздағы жасы үлкен Жекен ағамыздың әкесі, танымал зергер Муса көкемізді молда ата жақсы біледі екен. Аманшылығын, хал-жағдайын сұрап жатты. Дастарқан жайылып, дәмнен ауыз тидік. Осылайша атақты әулиемен жүздескеніміз өмірімдегі айтулы оқиғаның біріне айналды.

Сондай халқы қастерлеген киелі адамның бірі – Тілеулес ишан Нұрсейітұлы. Біршама уақыт бұрын Келімбет атты ағамыздан естіген төмендегі оқиғаны көпшілікпен бөліссем. Ағамыздың айтуынша, Тілеулес Нұрсейітұлы атамыз көп ағайынды болыпты. Болашақ ишанның әкесі Нұрсейіт ержете келе түс көріпті. Түсінде қалың нар қамысты қақ жарып келе жатса, әдемі жасалған, тоғыз жұмыртқа жатқан ұяны көзі шалады. Ішіндегі біреуі алтыннан соғылған, айрықша жарқырап тұр екен дейді. Ертеңіне түсін танымал биге жорытқанда «Тоғыз перзент сүйесің. Біреуі қасиетті, ғұлама болады» депті. Аруақты жанның айтқаны айнымай келіпті. Бұхара, Хорезмде ұзақ жыл дәріс алып, Көкілташта дәріс берген Тілеулес 40 жасында ишан атанады. Қуғын-сүргін кезінде Тілеулес ишан Қазалының түрмесіне қамалыпты. Намаз уақытында дәрет алуға рұқсат сұраса, шолақ белсенділер келіспепті. Кенет... Құлыптаулы есік сарт етіп өзінен-өзі ашылыпты. Мұндай көрініс бірнеше мәрте қайталанған. Айдауылдардың сөзіне сенбеген түрме бастығы бұл тылсым жағдайды көзімен көріп, қайран қалыпты. Көп ұзамай ишан қапастан босатылыпты. Жанындағы камералас жас жігітке ишан тері сіңген беторамалын беріп, «жаныңнан тастама, қиындыққа босама» деген лебізін білдіріпті. Түрмеден ақталып шыққан ол жігіт кейін Ұлы Отан соғысынан да аман оралыпты. Өзі «мені ажалдан құтқарған Тілеулес ишанның ниеті» дегенді өмірден өткенше аузынан тастамапты. Тілеулес ишан үзілгенде денесін жуған су төгілген жердің шөбі желтоқсанның аязында жап-жасыл күйінде сақталыпты деседі. Аруақты бабалардың қасиетіне қалайша таңданбассың?!

 

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары