Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАНДАСТЫҢ КҮНІ ХАҚЫНДА
10.10.2019 12:00

Расул  ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы

ҚЫТАЙДАҒЫ  ҚАНДАСТЫҢ   КҮНІ  ХАҚЫНДА

Шыңжаңдағы  қазаққа  төнген  бұлт  сейілмей  тұр

2017 жылдан бастау алатын жергілікті түр­кі­тіл­дес  халықтарға  қарсы  қуғын-сүргіннің  сылтауы – өлкедегі қауіпсіздікті күшейту және діни экстремизм мен сепаратизмді ауыздықтау. Алайда аталған­ науқанның түпкі мақсаты ҚХР құрамындағы аз ұлттарды жаппай қытайландыру мен коммунистік идеологияға бағындыруға келіп саяды.

Тарихқа үңілсек, Шыңжаңдағы халықтардың (байырғы атауы – Шығыс Түркістан) Қытай билігіне­ ашық наразылығы ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін толастамаған. Қазақтардың ішінен отарлық саясатқа қарсы қарулы көтерілістерді әр кезде Жылқышы Ақтайұлы, Көбеш Айтбайұлы, Оспан Сәлімұлы, Жанымхан Төлеубайұлы сияқты ел ағалары бастаған. Оларды жауыздықпен тегістей басып­  жаншыды.

Кеңес Одағындағы қазақтың қасіретті хал-жағдайы Шыңжаңдағы ағайынның да басына келді. Бұнда да коммунистік басшылық ашаршылық, саяси қудалау, малы мен жерін тәркілеу секілді арамза әрекеттерге барды. Тепкіннің кесірінен көптеген Алаш баласы атамек­енімен қош айтысып, Монғолияға, Тибет  тауларынан асып Үндістанға, Иранға қашуға мәжбүр болды. Жолдың азабын көтере алмай мыңдаған адам жолай жантәсілім етті.

Шыңжаңның  өзінде  бертін келе өңірдегі жағдайды ретке келтіру мақсатында Бейжің бірте-бірте жұмсақ саясатқа көшті.  Оның мәнісі түсінікті де – жергілікті тұрғындардың көңілін аулау арқылы ұлттық аймақтарды өзіне қарату. Осылайша Конституция мен заңдарға аспанасты еліндегі кіші ұлттардың мемлекет құраушы этнос Ханзумен тең құқы­лығын бекітетін баптар енгі­зілді.

Нақты қазақтарға қатысты айтар болсақ, 1960 жылдардан бастап Шыңжаңда қазақ мектептері, театр, газет пен жорналдар, баспа үйлері, радио-телеарналар ашылды. Бей­жің­нің өзінде орталық радиода, университеттерде қазақ бөлім­шелері құрылды. Мойындау керек, соның арқасында КСРО, одан бергі Ресейдегі қазақтардан өзге, Шыңжаңдағы қандастар ұлттық бол­мысын, тілін, ділін, дәстүрін сақтап қала алды. Бұдан басқа, Қытайдағы демографиялық өсімді тежеу үшін қабылдан­ған «Бір отбасыда – бір бала» бағдар­ламасына қазақтар енгізі­лмеді. Ал енді 1990 жылдардан бергі ҚХР экономикалық өрлеуі аталған қалыпқа қолайлы  үстеме  болды.

Соның әсері болар 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғанд­а Қытайдан оралған қандастың нөпірі Монғолия, Өзбекстан, Ираннан ағылғандарымен теңес­е алмады. Әри­не, бұл ретте Қытайдағы да, Қазақстанның өзіндегі де қағазбастылық, жөн-жо­сық­сыз шектеулер мен квоталар  аумалы-төкпелі заманда ажырап қалған ұл­тымыздың бірігуіне кері  әсер  еткенін айт­пай­ болмас.

Жоғарыда айтыл­ғандай, 2017 жылы жағдай күрт өзгерді. Белгілі жағдайда оған алдыңғы жылдар­да­ғыдай Шығыс Түркіс­тандағы ұйғыр ұйымдары  жауапкерші­лікті өз мойнына алған­ террорлық әрекеттер себеп болған да шығар. Бірақ жекелеген қылмыскерді құрықтаудың  орнына нысанаға тұтастай ұлттарды алу барып тұрған шектен шыққандық еді. Оған Қытай өзін алып держа­ва сипатында сезіну­і мұрындық болға­н  сыңайлы.

Тиісінше бұған дейін  артқа шегері­ліп келген көптеген сезімтал мәселелерді күштеп әрі қысқа мерзімде шешуге бе­кінді. Олардың арасында еркін де капиталистік ұстанымдағы Гонконгты бағындыру, Тибет пен Шығыс Түркістанды қытай­ландыру сая­са­ты жатты. Ал Қытайдың жабық мемлекет екендігі аталған науқа­нды мейлін­ше  жасырын  жүргізуге, қылмыстың  арты ашыла қал­ған­ күннің өзінде саяси-экономикалық құдіреті қоршаған әлеммен, оның наразылы­ғы­мен  санаспауға мүкіндік береді деп  санады.

Осы мақсатпен алдында Тибетке тізе батырған Шен Жуанго деген 2016 жылдың аяғында Шыңжаңға тағайын­далып, оған төтенше лауазым берілді. Содан бері жергілікті қазақ, қырғыз, татар, дұнған, өзбектерден төлқұжаттарын тартып алу, діни  көзқарастары, шетелге  барғаны не онда балаларының оқып жатқаны, ғаламдық  әлеуметтік желілерді пайдаланғаны сияқты еш сын көтермейтін айыптаулар мен түзету лагерьлеріне қамау кең ауқымда  жүргізіле  бастады. Ақпаратты тежеу сал­дары­нан саяси қуған-сүргін құрбандарының нақты саны бей­мәлім.

Алайда барлау мүмкін­дік­тері орасан АҚШ конгресінің мәліметінше, түзету лагерьлерінің өзінде ұзын саны бір миллионға жуық адам бас боста­ндығынан айырылып, қамал­ған екен. Бұның өзі де шынайы ахуалға толық сипаттама болып табылмайды. Себебі­ азаматтарды үйқамақта ұстау, басқан әр қадамын аңду, мәжбүрлі жұмысқа жегу, діни мінажат­тарын атқаруға қарсылық көрсету, толып жатқан­ басқа да жауыз шаралары автономиялық аймақтың түгелдей лагерьге айналғанын білдірсе керек.

Қалай болғанда да ҚХР билігінің ойлағанындай болмады. Мұндағы сұмдықтарды беделді халықаралық ұйымдар, артынша АҚШ бастаған батыс мемлекеттері әп-сәтте әшке­релеп, ХХІ ғасырда адам құқық­тарын өрескел бұзу деп ресми Бейжіңнің бетіне басты. Айыпт­ады. Әрине, гуманитарлық мәселелермен қатар бұндай қысым көрсетудің артында­ Америка пен Қытай арасында­ғ­ы сауда соғысының, гео­саяси тартыстың мүдделері сыға­лап тұрғаны құпия емес. Дегенмен Шыңжаңдағы  қасі­ретт­і  тоқ­тату тұрғысынан халық­аралық қауымдастық жасағ­ан қолғабыс ерекше маңыз­ға  ие.

Күнасты еліндегі езгіге ұшыраған бауырдың тағдыры әлбетте Қазақстан жұртшы­лығын бейжай қалдырмады. Зиялы­ қауым өкілдері, шека­раның арғы бетінде қалған азамат­тардың осындағы туыстар­ы, қоғам белсенділері наразы­лық танытты. Көрші елдің  сесіне  қарамастан Қазақстан  Сыртқы істер  минист­рлігі де халықтың мұңын ескеріп, Қытай тара­пына  шағым  түсірді.

Шыңжаңдағы қандастың тағдырына байланысты былтыр Қазақстаннан барған сондай бір топқа ілесіп ҚХР астанасы Бейжіңде мен де болдым. Жергілікті басшылармен кез­дес­кенде олар жағдайды бүр­кемелеуге тырысып бақты. Бұл тұрғыда мәселенің екі тұсына басымдық  берілді. Бірін­ші­ден, сіздер, яғни делегация айтып­ отырғандай ауқымда түзету лагерьлері жоқ. Қалғандары түрме сипатында емес, жай ғана қытай тілі мен жаңа мамандықтарға үйретуші орталықт­ар ғана. Екіншіден, асыра сілтеушіліктер орын алған­ күнде біз оларды тез арада­ доғарып, жағдайды қалыпқа­  түсіреміз.

Себебі  бізге  Қазақстандағы болсын, Қытайдағы болсын қазақпен достық қарым-қатынас­ты сақтап қалу басты құндылық турасында. Делегация тапсырған дәлелдемелерді, сотталған, зорлық-зомбыл­ық көрген азаматтардың тізімін мұқият тексереміз деп уәделетті. Солай бола тұра әлгі түзету лагерьлеріне апару жайлы талабымыз сол күйі қанағаттандырылмады.

Сондай-ақ жағдайды өз көзімізбен көру үшін Үрімші және Құлжа қалаларына ат басын­ бұрдық. Бұндағы ахуал Бейжіңде айтылғандай жайма-шуақ болмай шықты. Тілдесуге шақырған жергілікті тұрғындар бізден қашқақтап, ашық әңгімеден жалтарумен болды. Көздерінде үрей байқалады. Тіпті «Ассалаумағалайкүм!» деп амандасудың діни сипаты бар дегендіктен шығар жер­гілікті компартия өкілдері әдеттегідегй жауап бермей, «Сәлеметсіз бе?» дегені қынжылтты.

Сапар барысында Қорғас маңындағы Қазақ-Қытай еркін сауда алаңында да болдық. Осында тексерістен өткенде шекарашылар делегацияның бір мүшесі, Қазақстан азаматы және көк түсті паспорттың иегерін бұғаттады. Сондағы себебі­н де айтпайды, бізбен еріп, жанымызда жүрген Қытай сыртқы істер министр­лігінің, елшілігінің уәждерін құлаққа аспады. Тек өңірдің бірінші  басшысына  бағынатын және өздеріне ғана белгілі нұсқаулары бар қолында. Әйтеуір­ бір-екі сағатқа созылған тәжікелесуден соң, пас­портын қолына ұстатып, әлгі жерлесімізді қайтарып қоя берді. Бірақ, осы мысал бізге де, қытайлық өкілдерге де сұрапы­л  жүйенің  шынайы  бет-пердесін  ашты.

Қалай болғанмен, аталған кезеңде  Шыңжаңдағы  ахуалды ретке  келтіру, ондағы қандас­қа  төнген  қауіп-қатерді болдырмау мақсатымен Қы­тайға біздің делегациямен қатар Қазақстанның бірқатар ресми өкілдері, саяси партияның мүшелері барып қайтты. Бірлескен әрекеттердің нәти­жес­і, бәлкім сонымен бірге халықар­алық ұйымдардың ықпалы әсер етсе керек, содан бері Шыңжаңдағы қысым біршама  саябырсыды.

Рас, көптеген түзету лагерьлері әлі де күшіндегі шектеулерді алып тастаған жоқ. Сонымен бірге қапастан жүздеген бейкүнә қандас босатылды, көптеген отбасылар бірігуге, жастар Қазақстандағы оқуын жалғастыруға мұрсат алды. Әрине, тоқмейілситін жағдай емес бұл, десе де жоқтан жақсы ғой, қолға алынған шаралар да ізсіз қалмады. Ал негізінен қаншама құдіретті көрінгенімен, Қытайдың осал тұстарын пайдалану әбден мүмкін.

Ендігі ретте мәселенің шешім­іне жету үшін не істемек керек? Біріншіден, алған беттен­ қайтпай, белсенділікті толастатпаған жөн. Бірақ, илегені­ бір терінің пұшпағы болған соң, бұл істе қазаққа арзан ұпай жинау үшін менменшілдік пен бірін-бірі алалауға ұрынбай, ортақ әрекет жасағаны тиімді. Сөйтер болсақ, көтерген жүктің соғұрлым жеңілдей түсетіні анық. Екіншіден, халықаралық қауым­дастықтың әлеуетін барынша кәдеге  асырғаны  абзал.

Рас, Қытайдың қысымынан көптеген елдер Шыңжаңдағы қазіргі саясатқа қолдау бол­маса да түсіністік танытып отыр. Олардың ішінде күні кеше түркітілдес елдердің намыс­ын жыртып келген Түркияның, мұсылман үмбеті­нің мүддесін қорғаушымын деп  жүрген  Сауд Арабиясының табылғ­аны арадағы тар­тыстың қаншалықты күрделі екендігін байқатады. Олай болса, үшіншіден, Қытайға деген­ тәуелділікті мейлінше азайтуды  да Қазақ ұзақмер­зімді басымдыққа айналдыру керек.

Анығы сол, бірде жұмсақ, бірде қатқыл әрекеттерді өзара алмастырып Бейжің Шыңжаңдағы  қытайландыру саяса­тынан айнымақ емес. Олай болса, арада тағы бір-екі ұрпақтан кейін бұндағы 1,5 мил­лион қандастың қаншасы қазақы болмысын сақтап қала ма, жоқ па белгісіз. Осы қатты алаңдатады. Бұл ретте қолдан келетін шаруалардың бірден-бірі – тоқтап қалған қазақ көшіне жан бітіру, яғни көрші елдегі ағайынның Қазақстанға оралуын­а тиісті алғышарттарды жасау.

Сөз болып отырғаны – жыл сайынғы квоталарды еселеп өсіру, құжаттандыру мен азамат­тық беру рәсімдерін оңтайлан­дыру, үйлестіру, қоныстандыру мен еңбекпен қамту сынды шаралар. Ағайынның қауіпсіздігі мен құқық­тарын сақтау өз алдына, олардың білігі мен күш-қуатын Отанымыздың игілігіне жұм­сауға керемет мүмкіндік туындар еді. Онысы – енді бөлек әңгіме. Бұл саладағы былықтардың шаш етектен екені баршағ­а мәлім – қарапайым халыққа да, жоғарыдағы шендіге­ де. Сорақысы сол – ол үшін Қытайға, иә басқа біреуге айып таға алмаймыз. Тек өзімізге ғана.

 

Автордың  пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары