Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АЯУЛЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ
10.10.2019 13:20

Қазан айының бірінші жексенбісі – еліміздегі ұлы мамандық иелерінің кәсіби мерекесі. Әріп үйретіп, барша адамзатқа білім нәрін сіңірген, әлемге сауаттылық нұрын шашып келе жатқан ұстаздар мерекесі. Бұл күні біздің әрқайсысымыз өз ұстаздарымызды, өмірдегі тәлімгерлерімізді құттықтап, оларға лайықты көңіл бөлуге мүмкіндігіміз бар. Тіпті солардың берген білімінің арқасында бүгінгі күні әрқайсысымыз нан тауып жеп жүрміз.

Тасарық ауылының №238 орта мектебінде "Аяулы ұстазым" атты ұстаздар күніне орай іс-шара өткізілді. Шара барысында мектеп директоры Айдос Жәметұлы сөз сөйлеп, аяулы ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шыққан Есентаева Райкүл Әзенқызы мен Есбергенова Зәурегүл Сәрсенбайқызын құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт, отбасына амандық тіледі. Мерекелік іс-шараға ауыл әкімі Марат Әнәпияұлы, ардагер ұстаздар Құттыбай ағай, Әнтай ағай және мектеп ұжымы қатысты. Шара барысында күміс көмей әншілер ән айтып, мың бұралған бишілер би билеп, көркем сөз оқылды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

Б.Акмурзаева,

№238  орта  мектептің  тәлімгері

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары