Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЖАЛАҒАШТА «ШАБЫТ-АРТ» СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ
10.10.2019 17:00

Ауданда мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Шабыт-Арт» студиясы ашылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Жағыпар Тажмаханов, кент ардагерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, тиісті бөлім, мекеме басшылары, жастар қатысты.

Шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнердің түрлі жанрларын дамыту, насихаттау, таланттарды тарту мақсатында ашылған студияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Шабыт-Арт» студиясында дыбыс жазу студиясы және ұлттық өнерді насихаттайтын «Адырна» жас ақындар үйірмесі, «Көркем» би үйірмесі, «Қылқалам» көркем сурет үйірмесі, «Сыр сандық» көркемсөз үйірмесі, «Әсем әуен» вокалды және «Эстрада» ән үйірмелері жұмыс істейді. Үйірмелер 47 оқушымен қамтылған.

Шара барысында М.Байдаулетов жетекшілік ететін «Адырна» жас ақындар үйірмесінің мүшесі М.Қартбай арнау айтып, көркемсөз үйірмесінің мүшесі Б.Қайратқызы өлең оқыса, көркем сурет үйірмесінің мүшелері тақырыптар бойынша суреттер салды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары