Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Қызылордалық кәсіпкер 17 млн теңгесін сақтап қалды
11.10.2019 09:10

Қызылордалық жеке кәсіпкер Рүстем Баймағанбетовтің нарықтағы құны 17 млн теңге тұратын жер телімі мен аяқталмаған құрылыс нысанын сақтап қалуға Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері көмектескен. Бұл туралы кәсіпкер Палатаға жазған алғыс хатында айтты.

Кәсіпкер қызмет көрсету саласындағы кәсібі үшін ғимарат салуды көздеп, 2014 жылы жер телімін сатып алады. Алайда отбасында орын алған қиындықтар кәсіпкердің уақытында жерді игеріп, жоспарын мерзімінде орындауына мүмкіндік бермейді.

2018 жылы Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы кәсіпкер Рүстем Баймағанбетовке жерді 1 жыл ішінде мақсаты бойынша пайдалану жөнінде нұсқама береді. Одан әрі мемлекеттік орган кәсіпкерді жер телімін 5 жылға жуық уақыт мақсаты бойынша пайдаланбағандығын айтып, мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа талап арызбен жүгінеді.

Сот отырысында кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, заңды мүддесін Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері қорғады.

Отырыста кәсіпкер Рүстем Баймағанбетов Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының нұсқаулығын алмағандығын жеткізсе, Палата заңгерлері кәсіпкердің құрылысқа рұқсат беру құжаттарын әзірлеп, жергілікті атқарушы органнан келісім алғандығын, аталмыш жер телімінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқандығын дәлелдеп шықты.

Сот отырысының қорытындысымен судья мемлекеттік органның кәсіпкердің жер телімін мәжбүрлеп алу туралы талап арызын қанағаттандырусыз қалдырып, нәтижесінде Рүстем Баймағанбетовтің жер телімі өзінде қалды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдері атынан құқығын қорғауды сұрап 223 өтініш түсті. Палата заңгерлерімен аталмыш өтініштердің 67 оң шешімін тауып, кәсіпкерлердің 195,4 млн теңге қаржысын сақтап қала алды.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары