Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1404
mod_vvisit_counterКеше2601
mod_vvisit_counterОсы аптада15675
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда18105
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4199195


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
ЛЕПРАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11.10.2019 09:20

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазіргі таңда жер шарында 22 млн лепраға шалдыққан науқас бар. Жыл сайын лепраның 500-800 мың жаңа жағдайы тіркелуде және бұл көрсеткіштің төмендеу қарқыны байқалмайды. 2013 жылы Бельгияның Брюссель қаласында болған Конгресте аурулардың 58 пайызы – Үндістаннан, 14 пайызы – Бразилиядан, 8 пайызы – Индонезиядан, 20 пайызы өзге елдерден анықталғаны туралы ақпарат берілді. Бүгінде Қазақстан бойынша лепраға шалдыққан барлығы 600-ге жуық адам бар.

Бейсенбіде Қазақ Республикалық лепрозорийінің 90 жылдығына арналған «Лепрология, дерматовенерология және дерматокосметологияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Германия, Үндістан, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның лепрологтары, дермато-венерология саласының көптеген жетекші мамандары қатысты.

Халықаралық ғылыми басқосудың салтанатты ашылуында  Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамов сөз сөйледі.

- ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі Алаштың анасына балаған, қасиетті Қорқыт бабамыздың табаны тиген топырақта Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ республикалық лепрозорийінің 90 жылдығына арналған конференцияның салатанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Лепра ауруы әлемдік мәселелердің біріне айналғаны белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде лепра ауруымен ауыратын 20-22 миллиондай адам бар. Жыл сайын 200 мыңнан астам жаңа жағдайлар тіркелсе, оның 10 пайызы – балалар. Соған қарамастан қазір ғылымға аурудың бұл түрін емдейтін жаңа тәсілдер табылып, көптеген науқастар қоғам өміріне қайтадан белсенді араласуда, - деді ол.

Содан соң осы салада тынбай еңбек еткен мамандар марапатталып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Атап айтқанда, Тбилиси мемлекеттік университеті және Д.Твильдиани атындағы медициналық университетінің доценті Т.Китуашвили, Астрахань қаласындағы лепраны ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Е.Шац, РФ ДСМ Орталық Туберкулезді ҒЗИ директорының орынбасары В.Гергерт Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР лепрозорий мекемесінің терапевт маманы Г.Дүйсенбаева «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үзідігі» төсбелгісімен, ҚР лепрозорий мекемесінің дәрігер-хирургі А.Ізмағамбетов, аталған мекеменің емдеу бөлімінің дәрігері Ә.Нысанов ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әр жылдары Қызылорда және Атырау облысының тұрғындарына тексеру жүргізуде Орталық тері-венерологиялық институтының лепрология бөлімінің қызметкерлері Н.М.Балуев, К.А.Колесов, лепраны зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері В.Н.Погорелев, Л.М.Чернышева, В.Р.Коган, В.С.Рыбкин  белсенді қатысты. Сондай-ақ Қазақ республикалық лепрозорийінің дәрігерлері А.А.Жоглева, Д.В.Бочкарев, Л.М.Демина, В.В.Харитонов, В.К.Телегин, О.С.Смаханов, Т.К.Қалыбаев, Н.А.Мальгин, О.И.Рысқұлов, Л.Я.Клопенко, Л.Д.Якубова, В.С.Сим және тағы басқалар лепраға қарсы күресте елеулі еңбек етті. Сонымен қатар Арал лепраға қарсы диспансерінің дәрігерлері У.А.Әлсеитов, К.А.Абишев, В.Б.Мухараев мен зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсеткендер қатарында Н.М.Балуев, К.А.Колесов және А.А.Жоглева болды. Лепрозорийде 1929 жылы К.О.Дессин, Н.В.Шилов (1929 – 1934), Д.А.Берже (1934-1951), А.А.Шелаковский, Э.И.Йоффе (1951 – 1954), Л.Я.Клопенко (1954-1963), В.С.Сим (1963-1986), А.Ж.Қадырбаев (1986-1991 және 2008-2010), А.Ж.Ізмағанбетов (1991-2008) басшылық етті. 2010 жылдан бері ҚР лепрозорий мекемесінің бас дәрігері қызметін М.А.Сейталиев атқарып келеді.

- Бүгін еліміздегі бірден-бір емдеу-сауықтыру мекемесі ҚР лепрозорий мекемесінің 90 жылдығына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып отыр. Соңғы екі жылда біздің елімізде лепра ауруы тіркелмеген. Бұл – бүкіл лепрологтардың, тәжірибелі мамандардың еңбегінің арқасы деп ойлаймын. Бүгінгі конференцияда лепра ауруын түбегейлі жою жөнінде мәселелерді қарастыратын боламыз,- деді ҚР лепрозорий мекемесінің бас дәрігері М.Сейталиев.

Айта кетейік, ҚР лепрозорий мекемесінде жұмыс істейтін дәрігер-мамандардың контингенті әр кезеңде әртүрлі болды. 1950-1960 жылдары мұнда 1000 адамға дейін жұмыс істеді. Жыл сайын лепра науқастарының азаюына байланысты лепрозорий 75 төсекке арналған. Мұнда 195 адам жұмыс істейді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуынан соң облыс өнерпаздарының концерті ұсынылды. Содан соң «Достық үйінде» шетел және Қазақстан лепролог мамандарының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Онда лепра ауруымен ауыратын адамдарды жаңа заман үрдісіне сай емдеу, аурудың алдын алу, ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибе жасау жұмыстары жөнінде баяндамалар жасалып, ортақ ұсыныстар айтылды.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары