Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЖАРАУ АТТАР ЖАРЫСҚАН КҮН
16.10.2019 18:20

«Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты.

- Диқандар бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жет­кізді. Гектарына 60,3 центнерден өнім алып, 530,5 мың тоннадан аса Сыр маржанын қамбаға құйды. Еңбеккерлердің мерекесі Қызылорда қаласының 201 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Кез келген елдің ұлылығын мәдениеті мен салт-дәс­түрі танытады десек, бүгінгі мерекенің жалғасындай, ізгіліктің арнасындай болған ат бәйгесі – ұлтымыздың ұлылығының дәлелі. Ұлттық спорттың бұқаралық сипат алып келе жатқаны қуантады. Бүгінде облыс­та 16 мыңнан астам спортшы ұлттық спорт түрлерімен айналы­сады. Осыған дейін 8 мыңдай балуан қатысқан «Алтын белбеу» күресі де ең танымал әрі беделді бәсекелердің қатарында. Естеріңізде болар, ұлттық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы Қызылорда қаласында ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы ашылған еді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 18 жылқы ат әбзелдерімен қоса сатып алынды. Мұның бәрі аймақтың ұлттық спортқа көзқарасын айшықтайды. Бүгінгі  сайысқа тұлпар қосқандардың  мерейі  үстем  болсын, - деді аймақ  басшысы.

Диқандар тойында ат дүбірін есту­ге келгендердің қатары қалың болды. Оның үстіне жылқыға деген жылылық – әлімсақтан қанымызда бар қасиет. Ұлттық спортты қолдау да кенже қалып қойған жоқ. Сондықтан, ат бәйгесінің қызықты да тартысты өтетіні әу бастан белгілі жайт еді. Солай да болды.

Жиналғандар әуелі төрт шақырымдық тай бәйгесін тамашалады. Тапжылмай отырды дей алмаймыз. Ат спортының көрермендері де тұлпарлар секілді бір орнында тыпырш­ып тұра алмай, қайта-қайта отырып-тұрумен болды. 17 шабандоз бақ сынаған, «Алтын дән» аясындағы тай жарысында «Алтын тай» өзгелерден озық келді, озып келді. Қайнар Қиясов тізгіндеген тұлпардың иесі – Орынбасар Төкешов.­

Құнан бәйгеде «Бақторының» бағы жанды. Кентай Игембаевтың атын мінген шабандоз Елжас Осман болатын. Тоқ бәйгеге астындағы атын «Алауға» ауыстырған Елжас екінші рет ерледі. Қызылордалық ат 15 шақырымда 13 тұлпардың арасынан қара үзіп келді.

Елдің күткені осы еді. Осы дегені­міз – 25 шақырымдық аламан бәйге. Бұ бәсекеде Нағи Қорғанбек баптайтын «Фаустың» шабысына көпшілік тәнті болды. Оқ бойы оза шапқан тұлпарды Бауыржан Әу­бәкі­ро­в тізгіндеген. Ұлттық спортты ұлықтап, мерейі үстем болған жеңім­паздар мен жүлдегерлер арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

«Алтын  дән – 2019»  мерекесі  аясындағы  бәйгелердің  қорытындысы:

Тай бәйге – 4 шақырым, қатысқан 17 шабандоз

1-орын: Қайнар Қиясов – Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы, жылқының аты: Алтын тай, иесі: Орынбасар Төкешов;

2-орын: Ербақыт Ақжалов – Арал ауданы, Қарақұм ауылы, жылқының аты: Тұмар, иесі: Ақбота Тұрсынов;

3-орын: Арман Еділбаев – Шиелі ауданы, жылқының аты: Қаршыға, иесі: Айбар Жағыппар.

Құнан бәйге – 11 шақырым, қатыс­қан 10 шабандоз

1. Елжас Осман – Қызылорда қаласы, жылқының аты: Бақторы, иесі: Кентай Игембаев;

2. Қайнар Қиясов – Шиелі ауданы, жылқының аты: Көзайым, иесі: Айбар Жағыппар;

3. Ақтан Әділетұлы – Қызылорда қаласы, жылқының аты: Гаухартас, иесі: Кентай Игембаев.

 

Тоқ бәйге – 15 шақырым, қатыс­қан 13 шабандоз

1. Елжас Осман – Қызылорда қаласы, жылқының аты: Алау, иесі: Кентай Игембаев;

2. Бауыржан Әубәкіров – Қызыл­орда қаласы, жылқының аты: Рахмет, иесі: Нағи Қорғанбек;

3. Ақтан Әділетұлы – Қызыл­орда, жылқының аты: Елік, иесі: Кентай Игембаев.

 

Аламан бәйге – 25 шақырым, қатысқан­  10 шабандоз

1. Бауыржан Әубәкіров – Қызыл­орда қаласы, жылқының аты: Фаус, иесі: Нағи Қорғанбек;

2. Мадияр Мұратбек – Қызыл­орда қаласы, жылқының аты: Айғасар­, иесі: Жұмағали Киікбаев;

3. Айдос Ақтаев – Шиелі ауданы­, Бала би ауылы, жылқы аты: Қарашық, иесі: Пернебай Күзенбай;

4. Досбол Тілеуберген – Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы, жылқы аты: Еркетай, иесі: Алмас Арыстанбеков.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары