Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
04.11.2019 10:10

Облыс әкімі, «Nur Оtan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов партия филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сондай-ақ, қабылдауға қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов пен жауапты басқарма басшылары да қатысты.

Қабылдауға келген Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы Шанжархан Бекмагамбетов Қызылорда қаласында алыс-жақын шет мемлекеттердің ғалымдарын жинап, тіл мәселесіне қатысты ғылыми конференция ұйымдастыруды көтерді. Ол бұл тақырыппен 1995 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде екі монография, 50-ден аса ғылыми мақаласы еліміздің және шетелдік ғылыми басылымдарында жарияланған. Алғашқы монография – «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» Алматы баспасынан 1999 жылы жарық көрген.

Қызылорда қаласы, Титов қыстағының тұрғыны Людмила Вершинина балалар ойнайтын алаңның ескіруіне байланысты жаңартып беруді сұрайды. Аталған ойын алаңы 2000 жылы салынған. Ескі алаң осы мөлтек ауданда тұратын балалар үшін қайта қалпына келтірілсе деген тілегін жеткізді. Аймақ басшысы Қ.Ысқақов қала әкімінің міндетін атқарушы Б.Нұридиновке аталған алаңды қалпына келтіру туралы тапсырма беріп, нәтижесін баяндауды жүктеді.

Тасбөгет кентінің тұрғыны Мұрат Себепов қабылдауда екі мәселе көтерді. Бірі Қызылорда облысының тумасы Қалиев Хамит Калиевичке Халық қаһарманы атағын беру туралы және Қызылорда қаласының аэрофлотының негізін қалаған, кейін сол мекеменің директоры болып ұзақ жылдар қызмет еткен Дошимов Мәдениет Аббасовичке облыстың құрметті азаматы атағын беру жайлы өтінішін жеткізді. Бұл ұсыныс туралы да жауапты сала басшыларына тапсырма берілді.

Қабылдауда «SKYPE» байланыс жүйесі арқылы да сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті.

Жалағаш ауданындағы «Дәуімбай» 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысына қатысты «SKYPE» байланыс жүйесі арқылы Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов сауалын жолдады.

Осы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында, бюджеттік өтінім облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізіліп, тиісті құжаттар республикалық тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылған. Жобаның құны – 489,1 млн теңге. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 283 азамат тұр. Облыс әкімі Қ.Ысқақов Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріковке тұрғын үй мәселесін толық шешіп беруді тапсырды.

Бүгінгі қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері жауапты сала басшыларына тапсырылды.

"Әрбір келушінің өтініші қараусыз қалмайды және барлық мәселе заң аясында тиісті шешімін табатын болады",- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары