Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

     

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Кәсіпкерлер «Аға сеньорларды» енді өздері таңдай алады
06.11.2019 11:55

Бүгінде қызылордалық кәсіпкерлер «Аға сеньорлар» компоненті бойынша жұмыс істеудің тиімділігін түсініп, өз бизнесін дамытуға кеңінен қолдана бастады.

Басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетел мамандарын тарту арқылы жүзеге асатын жобаның әлеуетін пайдаланған кәсіпкерлердің бірі – қызылордалық Айгүл Оңғарбаева.

«Алтын ине» тігін шеберханасының иесі Айгүл Оңғарбаеваға Кәсіпкерлер палатасы Қырғызстаннан арнайы маман шақыртып берді.

«Қырғызстаннан шақыртып отырған Вероника Ли – осы жылы Қызылордаға келген үшінші шетелдік сарапшы. Бұған дейін өңірімізге Түркиядан Кенан Йылдырым мен Канададан Джон Иргенгиоро келіп, кәсіпкерлерімізге қызмет көрсетті. Айгүл Оңғарбаева тігін өндірісін ары қарай дамыту мақсатында тігіншілерінің біліктілігін арттыруды көздеп, Палатаға өтінішпен келген болатын. Біз ұсынған сарапшылардың ішінде кәсіпкер қырғызстандық маманды таңдады. «Аға сеньорлар» компонентіндегі биылғы жылы жаңалық бар. Бұдан кейін кәсіпкерлер Палата ұсынған сарапшылардан өзге, керек шетелдік маманды енді өздері де таңдай алады. Мысалы, кәсіпкер өзінің саласы бойынша біліктілігі жоғары шетелдік маманды біледі, алайда шақыртуға мүмкіндігі болмаса, онда Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтініш білдіре алады. Әрі қарай Палата сол маманды кәсіпкер үшін өңірге шақырту жұмысын ұйымдастырып береді», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева.

«Алтын ине» тігін шеберханасына келген шетелдік маман Вероника Ли әйелдер киімі дизайны бойынша модельер құрастырушы, тігін бизнесін ұйымдастыруға қатысты кеңесші. Қызылордаға сапары барысында ол тігіншілерге тез тігу әдісін үйрететін тренерлер дайындап шықты.

«Бұл сапарымда кәсіпкерге тез тігу әдісіне үйрететін тренерлер дайындап бердім. Бұл әдістің басты ерекшелігі тігін тігуді енді ғана үйреніп отырған адам базалық дағдыларды 3-4 күн ішінде игеріп шығады. Олар тәжірибелі тігіншімен салыстырғанда 70 пайыз белсенді жұмыс істей алады. Мамандарды екі апта оқыттым. Нәтижесінде аз күнде 4 тренер шықты. Олар алдағы уақытта тігіншілерді сапалы тігіс жолдарын шапшаң жүргізуге үйрететін болады», - дейді қырғызстандық маман Вероника Ли.

Жиырма жылдан бері тігін саласында еңбек етіп жүрген Айгүл Оңғарбаеваның басқа қалаға көшіп кетуіне байланысты, Қызылордадағы кәсібі бәсеңдеп қалған болатын. Ол шетелдік маманды шақырту арқылы биыл тігіншілік кәсібін қарқынды дамытуды көздеуде.

«Өндірісімді дамытып, тапсырыстарымды мерзімінде орындау үшін маған көп тігінші керек. Ол тігіншілердің өзіміздің қаладан болғанын қалаймын. Қызылорданың тауарларын өзге өңірлерге шығарсам деген жоспарым бар. Соны іске асыру мақсатында Вероника Лиді шақырттым. Шетелдік маманның бизнесіме пайдалы тұсы – тігіншілерден тренер жасауында. Бұдан кейін әр тігіншім өзіне 3-4 адамды тігінші ретінде тәрбиелеп ала алады», - дейді кәсіпкер Айгүл Оңғарбаева.

Әзірге он адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер алдағы уақытта тігіншілердің қатарын арттырып, ұлттық нақышта қамзол, бешпент, той көйлектерін, мектеп оқушыларына арналған форма тігуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, «Аға сеньорлар» компонентіне экономиканың басым бағыттарында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен төленеді. Аталмыш компонентке қатысты сауалдар бойынша Кәсіпкерлер палатасының маманы Гүлнұр Құрмантаеваға 8 /7242/ 40-09-81 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары