Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЖРВИ жұқпалы ауруларды тудырады
08.11.2019 14:20

«ЖРВИ» дегенді естіп пе едіңіз? Білмесеңіз, айтайық, бұл – жіті респираторлық вирустық инфекция. Әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, яғни жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынушы аурулары. ЖРВИ кезінде тыныс алу жолдары көбіне зардап шегеді. Оның қоздырғыштары жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады. Дәрігерлер осылай дейді.

Көбіне мұнымен  иммунитеті әлсіз адамдар ауырғыш келеді. Уақытылы тамақ ішпеу, зиянды тағамдарды (fast food) жиі пайдаланушылар, қысқасы денсаулығына бейжай қарайтындардың барлығы жұқпалы ауруларға сынғыш келеді. Енді эпидемиологиялық маусым туды деп дәрігерлер дабыл қағуда. Естіген құлаққа «эпидемия» дегеннің аты ауыр, бірақ инфекциялық аурулардың лажы болса алдын алған дұрыс-ақ.

ЖРВИ және тұмау ауруымен науқастанудың күні бүгінге дейін 1040 оқиғасы тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғандағы аурушаңдық көрсеткіші әзірге бір деңгейде. Аурушаңдықтың 70,6%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында болған. Бүгінде қалада орналасқан ауруханалар мен емханаларда тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер қоры жинақталған. Тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ағымдағы жылдың 1 қазан – 1 қараша аралығында барлық емханаларда вакцинация жұмыстары жүргізілді. «Гриппол плюс» вакцинасы 30000-ға жуық адам егілді. Сонымен қатар жұмыс берушілердің қаржысы есебінен 2000  адам тұмауға қарсы егу жасады. Айта кетейік, тұмауға қарсы вакциналар Ресей Федерациясынан алынады және олар республикалық сараптамадан өткеннен кейін ғана егіледі. Демек, вакцинадан үркуге ешқандай себеп жоқ.

- Қазір жұқпалы аурулардың өршіп тұрған кезеңі. Осының алдын алу шараларын біз бастап та кеттік. Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деп бағаланады. Вакцина сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды. Сол қаржыға тұрғындардың 10 пайыздан кем емес көрсеткіші қамтылуы керек.  Күні бүгінге дейін бізде 30800 вакцина алынды. Ол 29800 адамға егілді. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы, денсаулығы төмен тұрғындардың барлығы вакцина егуден толықтай өтті, - деді Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ж.Жетігенова.

Эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштерге сәйкес тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекцияларын жұқтырғандарды зерттеу «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертханасында жүргізіледі. Қазірге дейін 81 науқас тұмау ауруына зертханалық тексеруден өткізілген. Нәтижелері – теріс. Мұндай зертханалық жұмыстар халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

- ЖРВИ көрсеткіштеріне байланысты біз күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Тұмаумен және өзге де тыныс жолдары ауруымен көбіне жүкті әйелдер де ауырып жатады. Жүкті әйелдерге тұмаумен ауыру қауіпті. Сондықтан аяғы ауыр әйелдерге аурудан сақ болу керек,- дейді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары М.Аябекқызы.

ЖРВИ және тұмау ауруының алғашқы белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, міндетті түрде дәрігерге көріну шарт. Дәрігерге уақытылы қаралмаған жағдайда тұмау асқынып, тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырлары мен жүректі ауруға шалдықтырады. «Тұмау түбі – құрт» дегенді де ара-тұра еске ала жүрген де жөн.

Ә.БОЗАНОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары