Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ҚАЗАЛЫДА «МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
11.11.2019 11:25

Қазалыда «Менің туым – менің Отаным» акциясы жалғасын тапты. Әйтеке би кентіндегі «Қазалы керуен» автобекетінде «Nur Otan» партиясының өкілдері мен жастар мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімін өткізді.

Мемлекеттік Гимнмен бастау алған акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту. Республика бойынша бастау алған челленджге «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы, «Jas Otan» жастар қанатының Қазалы аудандық бөлімшесі мен аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев және колледж студенттері, өзге ұлт өкілдері, ерікті жастар белсенді атсалысты.

Іс-шараны «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан сөз сөйлеп ашып, бұл шараның маңыздылығына тоқталды.

Ал, партия белсендісі, өзге ұлт өкілі Наталья Баркова мен көгалдағы хоккейден ұлттық құраманың мүшесі, Орталық Азия кубогінің иегері, көгалдағы хоккейден Ресей және Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы Мұқағали Сансызбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік туға деген мақтаныштарын жеткізді.

Патриоттық шарада Қорқыт ата атындағы аудандық балалар музыка мектебі мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер шырқап, көңілді кеш сыйлады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары