Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ АЙРЫҚША ТАРТУЫ
11.11.2019 11:45

Қолда бар мәліметке сүйенсек, еліміздің Алматы, Қостанай, Жамбыл облыстарында Айдарлы деген ауылдар бар екен. Бұл тізімге Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылын қоссақ, республика бойынша Айдарлы атауын иемденген төрт елді мекен тіркелгенін аңғарамыз. Бір ерекшелігі, сол төрт елді мекеннің ішінде Сыр өңіріндегі Айдарлы ауылында Асанас, Қожжан Қожа, Құлбай, Қошқар, Қотыр, Айдарлы және Рәмәтіллә есімді атақты жеті әулие жерленген. Яғни, құт қонып, бақ дарыған ауыл қасиетті тұлғалардың алтын бесігі.

Өткен аптада Айдарлы ауылында туып-өскен азаматтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» игі іс жасап, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетті. Ауыл жастарының қуанышына аудан әкімі Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып бастаған жергілікті атқарушы билік өкілдері ортақтасып, ауқымды шара ұйымдастырылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында өткізілген игі шара аясында елді мекенге кіреберіс маңнан ауыл жастарының демеушілігімен салынған үлкен қақпа ашылды. Мұнан бөлек айдарлылық жастар мүмкіндігі шектеулі бір азаматқа пәтер сатып алып беріп, баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ ауылдағы №139 орта мектеп қабырғасында білім алып жатқан 25 оқушы жаңа мектеп киімдерімен, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Руслан Рүстемов айдарлылық жастардың ізгі ісі бірлігі бекем ауылдың берекесін арттырғанын атап өтті.

– Халқымызда «Ұлтты ұлы ету – ауылды түлетуден басталады» деген қанатты сөз бар. «Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі – туған жерге тағзым ету мен еңбек сіңіру» деп Елбасымыз айтқандай, бүгін өздерінің туған ауылына тағзым етіп, игі іс жасаған айдарлылық азаматтардың нәтижелі еңбегіне куә болып отырмыз. Бұл Айдарлы ауылы халқының бекем бірлігін, тату тірлігін білдіреді. Осы ретте, ауылдың 1970 және 2000 жылдар аралығында туған азаматтарының еңбегі ерекше екенін атап өткен жөн. «Ауыл – ұлттың ұйытқысы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағы» десек, Айдарлы ауылының тарихында ауданға, облысқа, тіпті елімізге белгілі азаматтар бар. Олардың ішінде майдангер Ғафурдин Жанұзақов, «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы» ордендерінің иегері Әлі Үсенов, орталық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты болған Үмітай Сырмышова, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Тұрсынбай Оспанов, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ұзақбай Көшпанов, Қазақстан компартиясының XV съезінің делегаты болған Ниязхан Рахманқұлов, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІ, ІІІ шақырылымының депутаты Әбдіжәлел Бәкіров, облыстық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы басшысы қызметін атқарған Бибіраба Досмаханова, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Төлеген Дүйсебеков, Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты, ҚР Полиграфия және баспа ісінің қайраткері Қуаныш Маханбет, «Марсель Групп» компаниясының президенті Махмуд Нәлібаев секілді тұлғалар бар. Осы тұлғалардың бүгінгі ізбасарлары да осал емес. Бұл сөзімізге дәлел ретінде ынтымақты ту еткен ауыл азаматтарының бүгінгі үлгілі ісін айтсақ болады. Айдарлы ауылындағы осынау қуанышты сәтте мына бір оқиға ойыма оралып тұр. Атақты «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген екен. Әннің шығу тарихында өскен ортаға ғана емес, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік жатыр. Атап айтқанда, Жымпиты ауданының құрылғанына 50 жыл толғанда талантты ақын Қадыр Мырза Әлі мен дарынды сазгер Ескендір Хасанғалиев патриоттық ән жазуға кіріседі. Бір ауданның мерейтойына арналып жазылған туынды сәтті шығып, бірден дүйім елдің жоғары бағасына ие болады. Кейін аталған әннің тынысын тарылтпауды жөн көрген тұлғалар туындыға «Атамекен» деп ат қояды және бұл шешімнің өте дұрыс екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Егер аталған әннің тақырыбы өзгермесе немесе бір ғана ауданға арналса, оны бүкіл қазақ жатқа айтпайтын еді. Сол секілді айдарлылық жастардың да ауылға жасаған ісі барлық өңір жастары қолдайтындай игі іс, - деген аудан басшысы адал еңбекті ауылға деген құрметпен ұштастырған азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп, ауыл жастарын үлгілі үрдіске ұйыстырған Алмат Жүсіпбековке Алғыс хат табыс етті.

Шарада ауыл жастарының демеушілігімен пәтер кілтін иемденген ауыл тұрғыны, көпбалалы отбасының отағасы Жанәлі Құдайбергенұлы жанашырлық танытқан ауыл азаматтарына шынайы алғысын білдірді. Толқып тұрғанын жеткізіп, қуанышты күнді ешқашан ұмытпайтынын атап өтті. Сондай-ақ, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Айдарлы ауылының көңілі кең азаматтарының ауылға деген тартуының астарында тектілік, тәрбие, адалдық жатқанын айтып, ауылдың өсіп-өркендеуіне тілектес екенін жеткізді.

Ауыл қақпасының салтанатты түрде лентасы қиылғаннан кейін ғибратты ғұмыр иесі, еңбек ардагері Ниязхан Рахманқұлов жиналғандарға ақ батасын берді. Мұнан соң «Сәдуәқас молда» мешітінде құдайы ас берілді. Аста ауыл имамы Айтуған қажы Сақтапов қасиетті Құран Кәрімнен аяттар оқыса, ардагер Бекалы Ақжігітов бата берді. Осылайша, Айдарлы ауылы жастарының туған жерге тағзым ретінде жасаған игі істері жоғары деңгейде қорытындыланды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,

Сырдария  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары