Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА 756 «БАСТАУЛЫҚ» КӘСІБІН БАСТАДЫ
11.11.2019 16:00

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде аймақта «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Отырыста Палатаның Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров пен аудандық филиал директорлары аталмыш жобалардың Қызылорда қаласы мен аудандарда орындалуына жеке-жеке тоқталып өтті.

Фархад Әбжаппаров хабарламасында «Бастау» жобасы бойынша биылғы жылы 3140 азаматты оқыту көзделіп отырғандығын, бүгінгі күнге дейін оның 2368-і білімін жетілдіргендігін жеткізді. Қазір өңірде «Бастаудың» биылғы жылдағы соңғы легі бойынша оқыту жүргізіліп жатыр екен.

«Оқыған азаматтардың 2093-іне «оқуды аяқтағандығы» туралы, 275-іне «оқуға қатысқаны» үшін сертификат табысталды. Бұл сертификаттардың айырмашылығы – «оқуды аяқтағандығы» жөніндегі құжат тек жобаны сәтті қорғай алғандарға ғана беріледі. Жоспар бойынша жыл соңына дейін ең кемі 628 азаматтың жобасы қаржыландырылуы қажет. Қазірдің өзінде ол жоспарымызды артығымен орындап, 756 «бастаулық» әртүрлі қаржы көздерінен қаржы алып, ісін бастап кетті», - дейді Палата маманы.

Өңірлік кеңес отырысында Фархад Әбжаппаров «Жастар жылында» еліміз бойынша пилоттық негізде қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасына да тоқталып кетті.

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша өңірімізде 1100 жас оқытылған. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін жалпы құны 252,4 млн теңгені құрайтын 495 жоба қаржыландырылып, жас кәсіпкерлер жеке істерін бастап кеткен.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары