Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
«КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
12.11.2019 09:20

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Жаңақорған ауданында «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті.

Жиында облыс прокуроры Н.Бижанов елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы құқықтық және ұйымдастырушылық шараларына тоқталды.

Бизнес ең алдымен тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, халықтың тұрмысын жақсартады.

Кәсіпкерлікті ашуға және оны дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Жаңақорған ауданында 3 республикалық («Агороөнеркәсіптік кешенін дамыту», «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек») және 1 облыстық («Микробизнес-Қызылорда») бағдарлама жүзеге асырылуда.

Осының аясында 4 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетілген.

Мысалы, «Бекарыс Агрофуд» серіктестігі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас асыл тұқымды мал сатып алған, бордақылау алаңын ашқан.

Аталған акцияға «Даму қоры», «КазАгрофинанс», «Аграрлы несие корпорациясы», «Байқоңыр ӘКК» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ұйымдарының өкілдері қатысып, қаржылық қолдау түрлері мен шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Игі шараға барлығы 340 адам қатысып, кәсіпкерлік жұмыстары бойынша сала мамандарына жүгінген 100-ге жуық азаматтың сауалдарына жауаптары беріліп, қаржыландыру және құқықтық сипаттағы жағдайлар жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай шара облыс прокурорының ұйымдастыруымен алдағы уақытта басқа аудандарда да өткізілетін болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары