Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ҚАРАУЫЛТӨБЕГЕ ГАЗ КЕЛДІ
13.11.2019 16:10

Облыс тұрғындары «көгілдір отынның» игілігін көргелі бері «газ келсе, жаз келеді» деген тәмсіл қолданылып жүр.  Қалаға қарасты Қарауылтөбеге де қараша айында «жаз» келді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ демеушілігімен аталмыш ауылдық округте бас-аяғы 33 млн теңгеге газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді.  Мұнымен қоса, ауыл тұрғындарының жеке қаражаты есебінен 15 млн теңгеге газ құбырлары тартылды.

Қала басшысы Н.Нәлібаев қарауылтөбеліктердің қуанышымен ортақтасу үшін ауылға арнайы атбасын бұрды. Қаншама жылдан бері «көгілдір отынға» қолы жеткен тұрғындарға жүрекжарды тілегін жеткізіп, игілікті істің нәтижесімен құттықтады.

- Бұрынғыдай күл шығарып, отын тасып, ешкім бейнетке қалмайды. Міне, ауылға газ қондырылды, енді тұрмыс та оңтайланады деген үміт бар. Ауылда кәсіпорындар ашылып, шағын және орта бизнес көбейеді деп ойлаймын. Осы жұмыстың басынан көрінген барлық жанашыр азаматтарға, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығына өзімнің атымнан үлкен ризашылығымды білдіремін. Қазірге дейін ауыл тұрғындарынан осында газ қондырылмағаны үшін әр жылы есеп беру кезінде ыңғайсыз жағдайда қалатын едік, бүгін осы бір үлкен істің нәтижесін көріп отырмыз. Сіздер үшін қуаныштымын,- деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Оның айтуынша, 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд 157 млн теңге қаржы бөлініп, 5000-нан аса тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілген. Ал 2016 жылы Талсуат ауылдық округін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн теңге қарастырылып, аталмыш ауылда 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысанға газға қосылды. Белкөлде де газдың жайы біраз жылдан бері қиындап тұрған. Осыдан екі жыл бұрын кенттегілер де «көгілдір отынға» қол жеткізіп, жұрт «жазға» жеткеніне мәз болысып қалған. Оған қарастырылған қаражаттың көлемі – 378 млн теңге. Жалпы, қала жұртшылығының 95 пайызы газбен қамтамасыз етілді.

- Бүгінгі таңда ауылда 385 отбасы бар. Олардың 350-іне газ құбыры жеткізіліп тұр. Қалған 35 үйге газ тартылу жұмыстары келесі жылы жүргізілмек. Әлеуметтік нысандардан ауылдық мешітке ғана газ берілді. Ал мектеп, мәдениет үйі және өзге де әлеуметтік нысандарға газ жүйесі ендігі жылы тартылады,- деді Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Б.Шәріпбеков.

Ел экономикасындағы маңызды секторының бірі –  газдандыру  жұмыстары. Бұл тұрғыда облысымыз ортанқол жұмыс атқарып жатқан жоқ. Керісінше атқарылған істің жемісін ел рақатына пайдалануда.

- Бізде қазір 80000-нан астап газ тұтынушы бар. Ал Қарауылтөбені 2019 жылы газдандыру жұмысы жоспарда болмаған. Бертін келе облыс, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, ауылды газдандыруға шешім қабылдадық. Қазіргі таңда ауылда 200 абонент көгілдір отынды игілігіне тұтынып отыр,- деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев.

Жақсы іске ортақтаса келген қала әкімі Н.Нәлібаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев ауылға газ қосу рәсіміне куә болды. Содан соң қала басшысы ауылға газ жеткізу жұмыстарында ерекше белсенділік танытқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығына және ерікті ауыл тұрғындарына арнайы алғыс хатын табыстады. Ауыл ақсақалы Амангелді Досмаханұлы қарауылтөбеліктердің атынан қала басшылығына алғысын білдіріп, батасын берді.

Ал Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Эльмира Ертуғанова «көгілдір отын» келгелі көңіліміз көтеріліп, газбен бірге отбасымызға да жаңа өмір, жылу келгендей сезімде болдық» дейді.

- Осы ауылға келін болғаныма 20 жылдай уақыт болды. Осыған дейін қолмен от жағып, бейнетке қалатын едік. Қазір газ қосылғалы жақсы болып қалды. Үйіміз жылы, көңіліміз көтеріңкі,- деді ол.

Түйін. Көпшілік «көгілдір отынға» енді зәру болмайды. Аймақта газдандыру жобасы басталғалы бері халықтың көңілі қалыпқа түсіп келеді. Әсіресе, нәзік жандылардың күл тасып, ошақ басында күйелеш болып жүретін кезі де алыстады.  «Заман жақсылығымен келді» деген – осы.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары